Жаңа
«Кеш емес Қалқаман Саринмен» (08/09/2013 ж.)
strategy2050.kz порталының тұсауы кесілді
"Қазконтент" АҚ "Стратегия-2050" жаңа веб-порталының түсаукесері өткелі жатыр.

Жаңа веб-порталдың тұсаукесерін көруге адамдар жиналуда.

strategy2050.kz - Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

Сайт үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын

Президент Жолдауының орындалу барысын наихаттауға арналған портал - strategy2050.kz

Кіріңіз. Көріңіз. Танысыңыз.

Қаржы полициясы академиясында Түркия Республикасының үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігінің (ТIKA) көмегімен жабдықталған Инновациялық технологиялар бөлімі кабинетінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтеді
2013 жылғы 11 қыркүйекте сағат 15.00-де Қаржы полициясы академиясында Түркия Республикасының үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігінің (ТIKA) көмегімен жабдықталған Инновациялық технологиялар бөлімі кабинетінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтеді.
Рәсімге Туркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Тузель Омер Бурхан, Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігінің (ТIKA) вице-президенті Мехмет Тюрея Эр, Қауіпсіздік бойынша Түркия Республикасының елшісінің кеңесшісі Ирфан Озджан, Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігінің (ТIKA) Қазақстандағы өкілі Эврен Рутбиль, «CIHAN» Ақпараттық агенттігінің директоры Доган Йылдыз қатысады.
Рәсім бағдарламасында инновациялық технологиялар бөлімі кабинетінің жұмысын көрсету қарастырылған.
Рәсім қонақтары және қатысушылары Академияның материалдық-техникалық база қызметімен танысады.
Инновациялық технологиялар бөлімі кабинетінің салтанатты түрде ашылу рәсіміне қатысуға ниет білдірген журналистерге 90-92-80, 90-92-89 телефондары арқылы 10 қыркүйектің сағат 17.00-не дейін аккредитациялаудан өту қажет.
Ережесіз жекпе-жек шебері Ержан Естанов бразилиялық Марсело Гайдучимен тең түсті
Филиппин елінің Иматра қаласында ережесіз жекпе-жектен жыл сайын өтетін «Carelia Fight IX» халықаралық дәстүрлі турнирі өтті. Онда ел намысын «Алаш прайд» клубының өкілі Ержан Естанов қорғаған болатын. 65 келі салмақта бақ сынайтын оның бразилиялық Марсело Гайдучимен жекпе-жегін төрешілер тең түсті деп бағалады.
Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында өмірге келген ол бұған дейін 22 жекпе-жек өткізіп, оның 20-сында жеңіп, екеуінде жеңіліс тапқан болатын. Ең алғаш қоян-қолтық ұрыстан Бақытжан Ағаділовтан тәлім алған Ержан Естановтың қазіргі таңда қоян-қолтық ұрыс, джиу-джитсу, әскери самбо, ушу-саньда және «Жекпе-Жек» сияқты спорт түрлерінен спорт шебері дәрежесі бар. 2007 жылы қоян-қолтық ұрыстан, 2008 жылы джиу-джитсудан, 2009 жылы ушу-саньдадан Әлем чемпионы атағын иеленген ол 2011 жылдан бері «Алаш прайд» клубы атынан өнер көрсетіп жүр.
Қазақстандық спортшы бодибилдинг бойынша Азия чемпионатында алтынды жеңіп алды
Вьетнамда өткен бодибилдинг және фитнес бойынша 47-ші Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Дания Тілеуімбетова модель-физик дәрежесінде алтын медальды жеңіп алды, деп хабарлайды vesti.kz порталы.
Бұл отандық спортшылар арасындағы осындай деңгейдегі алғашқы жоғары жетістік. Құрлық біріншілігінде барлығы жиырма жеті елден екі жүзден астам қатысушы жиналды. Бұл спортшы мансабындағы тек екінші ресми турнир болғанын атап өткен жөн. Биыл көктемде Тілеуімбетова Қазақстанның Ашық чемпионатында ойын көрсетіп, төртінші орынды алды.
«Ел чемпионатынан кейін мен қысқа демалысқа шықтым және өзімнің әрі қарайғы ойын көрсетуімді, тіпті, жоспарлаған да жоқпын, бірақ, мұнда менің жаттықтырушым Қайрат Сыздықов телефон соғып, маған менің Азия чемпионатына шақырылғанымды айтты. Дайындалуға уақыт өте аз болды, бірақ, мен ойланбастан, үйге қайтып оралып, жаттығуға кірісіп кеттім» — деп әңгімеледі турнир соңында бағы жанған чемпион.
Д. Тілеуімбетова: «менің тегімді жариялап жатқан кезде, менің жеңіске жеткенім түсінікті болған кезде, мен бастапқыда, тіпті, бұған сене алмадым. Тек біздің әнұранымыз ойнап, туымыз биікке көтеріле бастағанда ғана мен не болып жатқанын түсіндім. Сол сәтте мен көз жасымды тоқтата алмадым», деп ойын ортаға салды.
Азия чемпионатында ойдағыдай ойын көрсеткеннен кейін Тілеуімбетова әлем чемпионатына дайындығын бастайды.
АСТАНА. ҚазАқпарат
«Алматы туры» веложарысының жеңімпазы 15 мың еуро алады
«Алматы туры» веложарысының жалпы жүлде қоры 39 мың еуроны құрайды, ал оған 20 команда сынға түспек, деп хабарлайды Vesti.kzтілшісі.
«Жарыс жеңімпазы 15 мың еуро алады, — деді арнайы баспасөз мәслихатында Халықаралық велосипедшілер одағының техникалық кеңесшісі Джек Ватсон, — көптеген мықты командалардың назарын аударған бұл жақсы жүлде қоры. Ақшалай марапатты жарыс жүлдегерлері де, жарыс қорытындысы бойынша мықтылар жиырмалығына өтетін спортшылар да алады. Сондай-ақ, жарыстың ең үздік жақын қашықтыққа жүгірушісіне де жүлде ойнатылады».
Жарыстың соңғы сағатының тікелей трансляциясы «Еуроспорт» телеарнасынан көрсетіледі. Жарысты белгілі спорт түсіндірмешісі Сергей Курдюков жүргізеді. Көрермендерге қатысты айтар болсақ, Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қайырболат Қайдаровтың сөзіне қарағанда, жанкүйерлер үшін тұтас бағдар бойымен жарысты қадағалай алатын 5-6 орын жабдықталады.
Қатысушылар арасында үш кәсіби команда, 11 құрлықтық, үш ұлттық құрама және екі клуб бар. Олардың арасында үшеуін Қазақстан ұсынады. Олар Continental Team Astana, Vino 4-ever және Қазақстан құрамасы. Веложарыс директоры Александр Антышевтің сөзіне қарағанда, ұлттық команда құрамында Қазақстан велоспортының барлық жұлдыздары ойын көрсетеді.
«Қазақстан құрамасының құрамында кәсіби турда қазір «Астана» велокомандасы үшін ойын көрсететін біздің барлық жарысушыларымыз барады», — деді Антышев.
Еске сала кетейік, 6 қазанда Алматыда Халықаралық велосипедшілер одағының қамқорлығымен бірінші халықаралық жарыс өтеді. Тасжолдың ұзындығы 186 шақырымды құрайды. Әзірленген бағдарға сәйкес қатысушылар жарысты Достық даңғылы және Тәттімбет көшесінің қиылысынан бастап, әл-Фараби даңғылының бойымен Тұңғыш Президент бағына қарай бағытталады. Одан әрі кері қарай бұрылып, әл-Фараби бойымен Құлжа жолына дейін жалғастырады, одан кейін кейін жарыс басталған жерге дейін кері жалғасады. Бір шеңбердің қашықтығы 30-дан астам шақырымды құрайды. Барлығы алты осындай шеңбер болады.
Іс-шараның құны шамамен 2 миллион еуроға бағаланады. Ұйымдастырушылар жарысты таңертеңгі сағат 10:00-де бастауды және күндіз сағат 14:00-де аяқтауды жоспарлауда. Төменде жарысқа қатысушылар тізімін жариялаймыз:
«Алматы турына« қатысушылар құрамы:
1. Badriani Valvole — CSF INOX (Италия)
2. Team Novo Nordisk (АҚШ)
3. CCC Polsat Polkowice (Польша)
4. Arbo Gebruder Weiss — Oberndorfer (Австрия)
5. ISD Continental Team (Украина)
6. Kolss Cycling Team (Украина)
7. Rietumu — Delfin (Латвия)
8. CCN Cycling Team (Бруней)
9. La Pomme Marseille (Франция)
10. Polygon Sweet Nice (Ирландия)
11. Synergy Baku Cycling Project (Әзірбайжан)
12. Itera Katusha Team (Ресей)
13. Continental Team Astana (Қазақстан)
14. Alpha Baltic — Unitymarathons.com (Латвия)
15. Өзбекстан ұлттық командасы
16. Қазақстан ұлттық командасы
17. Иран ұлттық командасы
18. Dutch National Team
19. Vino 4-Ever (Қазақстан)
20. Team Corbusier CC (Малайзия).
Көкпардан I ашық Азия чемпионатына 8 мемлекеттің құрамасы қатысады
Ұйымдастырушылардың айтуынша, чемпион 10-15 қыркүйек күндері «Қазанат» атшабарында өтеді. Біріншілікке Азияның 8 мемлекеті: Ауғанстан, Қырғызстан, Моңғолия, Түркия, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдері қатысады. Көкпардан I ашық Азия чемпионатының бас демеушісі — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.
Айта кетейік, көкпар — Орталық Азиядағы көшпелі халықтың көне ұлттық спорт ойыны. Кейінгі жылдары Қазақстан көкпарды жандандыруды қолға алып келеді. Нәтижесінде, көкпардан халықаралық спорт федерациясы құрылып, оған аймақтағы мемлекеттермен қатар, Қытай, Пәкістан, Түркия, тіпті Франция да енді. Қазіргі таңда Қазақстанда жыл сайын ересектер және жастар арасында ұлттық чемпионаттар ұйымдастырылуда. Сондай-ақ ауылдық және аудандық деңгейде 300-ден астам турнир өткізеді.
Көкпар ойнының ережесіне сәйкес, команда он салт аттыдан құралады. Алайда алаңға әр командадан төрт ойыншыдан шығады. Өзге спорт түрлеріндегідей көкпарда да ойыншы алмастырылады, әрі тек спортшыны ғана емес, жылқыны да ауыстыруға болады. Ойын жиырма минуттық екі таймнан тұрады. Ойында үш төреші қазылық етеді. Ереже бойынша, ойыншы жерден серкені көтеріп жатқанда шабуыл жасауға болмайды, қарсыласты қамшымен сабауға, көрермендер жаққа шабуға, олжаға ие болған адамды атынан құлатуға немесе серкені артынан тұрып тартуға тыйым салынған. Ойын ережесін бұзған спортшы 2 минутқа қуылады. Бір ойыншыға кем ойнау бірден ойын есебіне әсер етеді. Көкпар қарапайым болса да, техникалық жағынан күрделі ойын. Ол үшін көп әрі ұзақ жаттығу керек. Үздік ойыншылардың жасы әдетте 40-тан асады.
«Денсаулық фестивалі — 2013» акциясы аясында жүгіруге 4 мыңға жуық астаналық қатысты
Бұл туралы astana.kz сайтына Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.
Іс-шара М.Жұмабаев және Қ.Мұңайтпасов көшелерінің қиылысында интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткіштің жанынан акция өткізілетін жерге («Жерұйық» паркі) дейінгі жүгіруден басталды. Оған 4 мыңға жуық адам қатысты. Іс-шара аясында парк аумағында қалалық емханалар «Денсаулық қалашығын» ұйымдастырып, қант диабетіне экспресс-тесттер өткізіп, адамдардың қан қысымын өлшеп, кеңестер берді.
Медицина қызметкерлерінің арасында спорт жарыстары, салауатты өмір салтын сақтау ережелеріне қатысты шағын тренингтер өткізілді.
Бұдан басқа, қала тұрғындары мен қонақтары күрес, таэквандо, каратэ, ұлттық күрес және т.б. спорт ұжымдарының көрнекті өнерлерін тамашалады. Марат Омаров, Бақыт Шадаева, Еркеш Хасен және басқа да әртістердің қатысуымен концерт өтті. Ал «World class» клубының жаттықтырушылары ырғақты әуеннің сүйемелдеуімен адамдарға 20 минут бойы жаттығу жасатты. Мұнымен қоса, 200 адамның қатысуымен флэшмоб ұйымдастырылды. Іс-шара соңында жаппай жүгірудің жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.
Баспасөз ақпараты (9 қыркүйек 2013 жыл, Мәскеу қаласы)
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры А.Дауылбаев «Прокурорлар және заң үстемдігі» тақырыбындағы 18-ші Жыл сайынғы Прокурорлардың халықаралық қауымдастығы (ПХҚ) конференциясының және Жалпы жиналысының жұмысына қатысты. Форум әлемнің жүзден астам мемлекеттерінің жоғары қадағалау органдарының басшыларын жинады және ПХҚ-ның тарихындағы қатысушылардың саны жағынан ең үлкені болды.
http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/baspasoz-akparaty-9-kyrkuyek-2013-zhyl-mskeu-kalasy



