Қаржы полициясы академиясында Инновациялық технологиялар бөлімі кабинетінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті
2013 жылғы 11 қыркүйекте Қаржы полициясы академиясында Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігінің (ТIKA) көмегімен жабдықталған Инновациялық технологиялар бөлімі кабинетінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Рәсімге Қазақстан Республикасындағы Туркия Республикасы Елшісі Омер Бурхан Тузель, оның қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Ирфан Озджан, еңбек жөніндегі кеңесшісі Атакан Уста, Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігінің (ТIKA) вице-президенті Мехмет Сюрея Эр, ТIKA агенттігінің Қазақстандағы өкілі Эврен Рутбиль, «CIHAN» Ақпараттық агенттігінің директоры Доган Йылдыз. Сәлемдесу сөзі рәсім қатысушыларға Қаржы полициясы академиясының бастығы, з.ғ.д., профессор, қаржы полициясының полк…

