Мазмұнға өту

Жаңа

Ресейдегі қазақ диаспорасы және Тұрар Рысқұлов

Мейрамхан Жәпек журналист, Тұрар Рысқұлов публицистикасын зерттеуші I бөлім Бастау II бөлім Айт күні Ресейдегі мұсылман қауымы Құрбан Айтты елдегіден кем тойламады. Көшеде кездесіп қалғандар бір-бірін танымаса да құттықтап, жанға саулық, басқа амандық тілеп жатыр. Орталық мешітке жиналған халықта есеп жоқ. Ресми мәлімет бойынша Мәскеуде шамамен жетпіс мыңнан астам мұсылман Құрбан Айт намазына қатысыпты. Таңғы сағат сегіз жарымда Ресей муфтилері Кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдин мерекелік құттықтау сөзін айтты. Метроның «Бейбітшілік» проспекті станциясынан шыққан соң Орталық мешітке қарасты Щепкин, Дуров, Гиляровский көшелерінде сол күні түске дейін көлікпен жүру мүмкін болмады. Бұқаралық ақпарат құралдарының барлығы дерлік Құрбан Айт туралы, мәні мен маңызы туралы айтып, ауыз жаппады. О…

5
2
2413

Үндістан Республикасының әскери делегациясы Ұлттық қорғаныс университетінде болды

Қазақстанның әскери білім жүйесімен танысу мақсатында Астанаға Үндістан әскери делегациясы келді. Оның құрамында Үндістан Республикасы Ұлттық қорғаныс колледжінің тыңдаушылары болды. Үндістан әскери қызметшілері Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің Әскери және мемлекеттік басқару факультетінде болып, меймандар Қазақстандағы жоғары әскери оқу орнының құрылу тарихымен, міндеттерімен және оқыту әдістемелерімен танысты. Факультеттің құрылуы Қазақстан Қарулы Күштері үшін айтулы оқиға. Қазақстанның әскери білім жүйесінде жедел стратегиялық деңгейдегі мамандар даярлауда ол жоғары бағаланады. Оның құрылғанына дейін қазақстандық генералдар мен офицерлер мұндай деңгейдегі білімді тек шетелдерде алған болатын. Факультетте алғаш білім алатын офицер тыңдаушылар 2011 жылы қабылданды.…

0
0
552

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Швейцария Конфедерациясының Бас прокурорымен өткен кездесуі жөніндегі баспасөз ақпараты

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың Швейцария Конфедерациясының Бас прокуроры Михаэл Лаубермен кездесуі болып өтті.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/kazakstan-respublikasy-bas-prokurorynyn-shveycariya-konfederaciyasynyn-bas

0
0
309

Астанада велоспорттан ел чемпионаты өтіп жатыр

велоспорттан Қазақстан чемпионаты
Елордада велоспорттан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

Биыл чемпионатқа Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларынан келген командалар қатысуда. Дүбірлі додаға 100-ден астам спортшы жиналды. Соның ішінде 23 адам елорданың намысын қорғайды.

Чемпионат «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтуде.

Жарыс күн сайын сағат 15.00-де, ал 14 қыркүйекте бағдарлама сағат 10.00-да басталады. Марапаттау рәсімі және жарыстың жабылуы сағат 13.00-де өтеді.

   
АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Марлан Жиембай
0
0
273

Алматыда өтетiн бокстан әлем чемпионатына 600 боксшы қатыспақ

бокстан әлем чемпионаты

Бокстан «Алматы-2013″ әлем чемпионатына дүниежүзiнiң 118 мемлекетiнен шамамен 600 боксшы қатысады деп жоспарлануда. Бұл туралы Қазақстанның бокс федерациясы хабарлады.

«АИБА-ның бокстан Алматы-2013″ әлем чемпионатына дүниежүзiнiң 118 мемлекетiнен шамамен 600 боксшы қатысады деп күтiлуде», — делiнген федерацияның таратқан хабарламасында.

Айта кетейiк, әлемдiк бiрiншiлiкте боксшылар АИБА-ның жаңа ережесi бойынша, шаршы алаңда шлемсiз бокстасады. Бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионаты Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында 14-26 қазан күндерi өтедi.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
0
0
339

Шығыс конференциясында «Барыс» көш бастап тұр

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында көш бастап тұр. Соңғы екі ойыннан кейін «Барыс» хоккей клубы алты ұпайға ие болып, Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында бірінші орынға көтерілді. Ал қақпаға соғылған және өткізіп қойған шайбалардың саны (15-4) жағынан астаналық клуб тек биылғы чемпионаттың фавориттері — «Динамо-Мәскеу» (16-3) және «СКА» (16-6) командаларына ғана жол беріп тұр. Алайда «Барыстың» ойыншылары — Найджел Доус, Майк Ландин және Брэндон Боченски үздік сұрмерген мен пайдалы пас берген хоккейшілердің ішінен оқ бойы озық шықты. Айта кетейік, Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы командалар шығыс және батыс конференцияларда өнер көрсетеді. Әрбір конференцияның жеңімпазы финалда кездесіп, Гагарин кубогын сарапқа салады. АС…

0
0
298

Хоккей: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы — «СКА»

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы аясында «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «СКА» (Санкт-Петербор) командасымен кездеседі. Айта кетейік, «СКА» биылғы чемпионаттың фавориті болып саналады. Жалпы турнирлік кестеде ол тек мәскеулік «Динамоға» ғана жол беріп, 9 ұпаймен екінші орында тұр. Бұл команда бұған дейінгі чемпионатта плей-оффқа жетіп, лиганың азулы командаларымен күш сынасқан болатын. Былтыр Астанаға келіп, ҚР Президенті кубогын да еншілеген. «Барыстың» бір ойыны кем. Демек, бізде қосымша ұпай жинауға мүмкіндік бар. Қазір Астана қаласының хоккей клубы жалпы турнирлік кестеде бесінші орынға орналасты. Оның еншісінде 6 ұпай бар. Бүгінгі ойында жеңсек, «СКА»-ны ығыстырып, бірден екінші орынға шығамыз. Айта кетейік, «Барыс» пен «СКА» арасындағы ойын бүгін кешкі сағат 19:00-де А…

0
0
296

Батысқазақстандық дойбышы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды


дойбышы

Болгарияның Кранево қаласында дойбыдан жастар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты мәреге жетті.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа әлемнің 14 елінен жас ерекшелігіне қарай 184 дойбышы қатысты. Батыс Қазақстан облысынан 4 спортшы барды. Соның ішінде 2003 жылғы Әділхан Мирам 10 жасқа дейінгілер арасынан классикалық дойбыдан үшінші орынға ие болды. Бапкері — Данияр Жұмагелдиев.

ОРАЛ.  ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
0
0
434