Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жеңімпаздар – Қазақстандық әскери альпинистер

Қазақстан Қорғаныс министрлігі АОСК спортшы-альпинистері ТМД-ға мүше мемлекеттер достастық армиялары чемпионатының қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте жеңіс тұғырына көтеріліп бірінші орынды иемденді. Чемпионат Іле Алатауының баурайында өтіп, оған Қазақстан мен Ресесйдің ең мықты  әскери-спортшылары қатысты.

 


   

Шараны ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің  АОСК Спорт клубы. ТМД армияшыларының чемпионатында альпинизм техникасы бойынша шыңға өрмелеушілердің жарысы бірінші рет жүзеге асққандығын  атап өткен орынды.

   

Бірнеше күн қатарынан армияшылар өз шеберліктерін таныту үшін күрделі тау сілемдерімен өрмелеп күш сынасты. Шыңға өрмелеумен қатар альпинистер граната лақтыру, тауға уақытпен тез шығудан жарыс өткізді.

   

- Қазақстандық спортшылар өз дайындықтарының жоғары деңгейде екендіктерін көрсетіп, Қазақстан Қарулы Күштерінің спорттық жалауын бұрынғыдан жоғары көтерді,- деді альпинизм мен шыңға өрмелеу жөніндегі Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Мақсұт Жұмаев.

   

Тау дайындығы армиядағы өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Қазіргі кезде Қорғаныс министрлігі АОСК құрылымында тау дайындығы орталығы құрылып, әртүрлі әскери бөлімшелермен тауда даййындық өткізетін команда қалыптасқан.

   

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
329

Осы тақырып бойынша