Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан-Беларусь ғылыми әскери ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан мен Беларусь қорғаныс өнеркәсібі кешені саласындағы өзара ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылауда. «Қазақстан Инжиниринг ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Ғылыми-зерттеу институтының басшылығы Беларусь Республикасының «Белспецвнештехника» мемлекеттік сыртқы сауда унитарлық кәсіпорнының өкілдерімен кездесті.

 

 

Тараптар әскери мақсаттағы өнімдерге қатысты бірлескен ғылыми және өндірістік қызмет туралы келісті. Келіссөздер қорытындысы бойынша қорғаныс өнеркәсібі кешені саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы шешім қабылданды.

   

Кездесуге Қазақстан жағынан «Қазақстан Инжиниринг ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Ғылыми-зерттеу институты бас директорының орынбасары Амантай Жотабаев бастаған институттың құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері қатысты.

   

Беларусь делегациясының құрамында топ басшысы Павел Валаханович, жетекші мамандар Александр Спехов, Игорь Рутковский және Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының әскери атташесі подполковник Виталий Коряченков бар.

   

«Белспецвнештехника» ТМД-дағы қару-жарақ пен әскери техника өндірісі, сондай-ақ басқа да жоғары технологиялық өнімдер мен ғылыми технологиялар өндірісі мен саудасындағы жетекші фирмалардың бірі болып табылады.

   

Бүгін «Қазарнаулыэкспорт» РМК-да «Белспецвнештехника» кәсіпорны өнімдерінің тұсаукесері өтеді. Оған еліміздегі барлық әлеуетті құрылымдар мен ведомстволардың өкілдері шақырылып отыр.

   

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
481

Осы тақырып бойынша

Қазақстан-Беларусь ғылыми әскери ынтымақтастықты дамытуда - Yvision.kz