Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан қорғаныс шығынын 13 пайызға ұлғайтады

Ағымдағы жылғы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев ел парламентінде бюджеттік  жобасын ұсынды. Өткен жылмен салыстырғанда қорғаныс қабілетіне жұмсалатын шығын 2014 жылы 13 пайызға ұлғайып отыр.

Алдағы жылы қорғаныс бағытына барлығы 377 млрд тенге бөлінетін болады.

Досаевтың сөзіне қарағанда Қарулы Күштерге қажетті қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техниканы жетілдіру және сатып алу есебінен қорғаныс шығыны ұлғайтылып отырған көрінеді.

kzinform.com

0
0
218

Осы тақырып бойынша