Мазмұнға өту

Жаңа

Бүгін Лондонда триатлоннан Әлем чемпионаты басталады

Ұлыбританияның Лондон қаласында11-15 қыркүйек күндері Гайд-паркте триатлоннан Әлем чемпионаты басталады.

Жүзу мен жүгіруден өтетін бұл байрақты бәсекеге сегіз мыңнан астам спортшы қатысқалы отыр. Ал бейсенбіде жасөспірімдер мен 23 жасқа дейінгі жастар, жұмада ересектер бақ сынайды.

Былтыр бұл додаға Қазақстаннан 2 спортшы барып, екеуі де бос қайтқан болатын. Ағымдағы әлемдік триатлон сериясы рейтингінде бірде-бір спортшымыз жоқ болғандықтан, бұл жолы да жүлдеден үміт аз.

Келесі Әлем чемпионаты 2014 жыл Канадада өтпек.

АЛМАТЫ.  ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
0
0
293

Волейболдан «Грация KZ» командасы Украинада өткен халықаралық жарыста бірінші орынды иеленді

Украинаның Самбор қаласында 1999-2000 жылғы қыздар арасында «Самбор-2013» VІІ халықаралық турнирі мәреге жетті.

Облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен (ОБЖСМ) түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарыста Польша, Словения, Украина, Германия елдерінің командаларымен сынға түскен оралдық «Грация KZ» солардың бәрін де тізе бүктіріп, жеңімпаз атанды. ОБЖСМ тәрбиеленушілерінен құралған команданы Көлеңке Ғұбашев жаттықтырады.

Сондай-ақ Ресейдің Соль-Илецк қаласында 2001-2002 жылғы жасөспірімдер арасында өткен тағы бір халықаралық турнирде аталмыш ОБЖСМ командасы екінші орынға көтерілді. Оған Соль-Илецк, Орынбор, Пенза, Новокуйбышевск, Ясный және Орал қаласынан командалар қатысты. Оралдықтар Новокуйбышевск командасына ғана жол берді.

ОРАЛ.   ҚазАқпарат —  Автор: Елжан Ералы
0
0
448

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің 2013 жылғы 9 қыркүйектегі конкурстық комиссиясының ШЕШІМІ

I. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің «Б» копусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына тағайындалға ұсынылсын:

1. Бухпина Лазира Турлыбекқызы;

2. Шериязданов Бауржан Рахимгалиевич;

3. Дарханбаев Жанибек Абдукаримович;

4. Баймухамедова Асия Маратовна;

5. Султанов Руслан Рамазанович.

II.  Мемлекеттік қызмет істері уәкілетті органының кадрлық резервіне енгізуге келесі үміткерлер ұсынылсын:

1. Абишева Арай Кажахметовна;

2. Бисембаев Азамат Ирланович;

3. Козибаев Бауржан Козибаевич;

4. Жунусова Макпал Бейбитовна;

5. Измагамбетов Байнур Жомартович.

 

III. Конкурстық комиссиясының шешімімен Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі басқармасының бас сарапшысы мен Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы бос лауазымдарына конкурс іске асырылмаған деп танылсын.

0
0
778

Әскери заңгерлер жаңа сапалы деңгейге көшті

Қапшағайда орналасқан 35-ші десантты-шабуылдаушылар бригадасының базасында заң бөлімшелері офицерлерінің жиыны аяқталды. Әскери заңгерлер әскерлердің күнделікті тыныс тіршілігінде заңнаманы пайдалана білу мәселелерін талқылады. Қазақстан армиясының тарихында жиынға тұңғыш рет Қарулы Күштердің құрылымдары мен әскери бөлімдерінің, әскери оқу орындарының, қорғаныс істері жөніндегі департаменттер мен аудандық пайдалану бөлімдерінің заң өкілдері тартылды. Қарулы Күштерде заңды бұзбауды қамтамасыз ету жөніндегі Қорғаныс министрлігі басшылығының талабы әскери заңгерлерге жеткізілді. Әскери қызмет атқару, әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу, арыз-шағым жұмыстарын жүргізу сұрақтары бойынша сабақтар өткізілді. Жиын барысында дене тәрбиесі, атыс дайындығынан сынақ…

0
0
432

Біз ІІ ғылыми-тәжірибелік конференцияөткіздік

Бүгін (10.09.13) Алматыда «Қазақтелеком»АҚ-ның Халықаралықғылыми-тәжірибелік конференциясы өтуде. Конференцияға «Тіркелген байланыс операторлары: инновациялар, проблемалар және жұмыс тәжірибелері» деген тақырып арқау болып отыр. Қатысушылар перспективалық технологиялар туралы пікір таластырып, тіркелген байланыс операторларының қолданыстағы бизнес модельдерінің тиімділігін, telco2.0 деген жалпы ұғымдарға негізделген қауымдастықтар құрудың мүмкіндіктерін, сондай-ақ трафиктің өсуі мен ARPU құлдырауы, дауыс трафиктерінің желілерден жылыстауының компания қызметтеріне әсері сияқты тіркелген байланыс операторларының проблемаларын талқылауда. Конференцияның аясында Еуропа, Ресей, Жапония, Беларусь және Қазақстан елдерінің жиналған спикерлер сөз сөйлейді деп жоспарлануда. «Қазақтелекомның» страте…

0
0
436

strategy2050.kz порталының тұсауы кесілді

"Қазконтент" АҚ "Стратегия-2050" жаңа веб-порталының түсаукесері өткелі жатыр.

Жаңа веб-порталдың тұсаукесерін көруге адамдар жиналуда.

strategy2050.kz - Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

Сайт үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын

Президент Жолдауының орындалу барысын наихаттауға арналған портал - strategy2050.kz

Кіріңіз. Көріңіз. Танысыңыз.

0
0
342

Қаржы полициясы академиясында Түркия Республикасының үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігінің (ТIKA) көмегімен жабдықталған Инновациялық технологиялар бөлімі кабинетінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтеді

2013 жылғы 11 қыркүйекте сағат 15.00-де Қаржы полициясы академиясында Түркия Республикасының үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігінің (ТIKA) көмегімен жабдықталған Инновациялық технологиялар бөлімі кабинетінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтеді. Рәсімге Туркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Тузель Омер Бурхан, Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігінің (ТIKA) вице-президенті Мехмет Тюрея Эр, Қауіпсіздік бойынша Түркия Республикасының елшісінің кеңесшісі Ирфан Озджан, Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігінің (ТIKA) Қазақстандағы өкілі Эврен Рутбиль, «CIHAN» Ақпараттық агенттігінің директоры Доган Йылдыз қатысады. Рәсім бағдар…

0
0
485

Ережесіз жекпе-жек шебері Ержан Естанов бразилиялық Марсело Гайдучимен тең түсті

Филиппин елінің Иматра қаласында ережесіз жекпе-жектен жыл сайын өтетін «Carelia Fight IX» халықаралық дәстүрлі турнирі өтті. Онда ел намысын «Алаш прайд» клубының өкілі Ержан Естанов қорғаған болатын. 65 келі салмақта бақ сынайтын оның бразилиялық Марсело Гайдучимен жекпе-жегін төрешілер тең түсті деп бағалады. Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында өмірге келген ол бұған дейін 22 жекпе-жек өткізіп, оның 20-сында жеңіп, екеуінде жеңіліс тапқан болатын. Ең алғаш қоян-қолтық ұрыстан Бақытжан Ағаділовтан тәлім алған Ержан Естановтың қазіргі таңда қоян-қолтық ұрыс, джиу-джитсу, әскери самбо, ушу-саньда және «Жекпе-Жек» сияқты спорт түрлерінен спорт шебері дәрежесі бар. 2007 жылы қоян-қолтық ұрыстан, 2008 жылы джиу-джитсудан, 2009 жылы ушу-саньдадан Әлем чемпионы атағын иеленген ол 2…

0
0
425