Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастарды теріс діни ағымдардан қорғау керек

Кеше ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевтың төрағалығымен Республикалық террорға қарсы орталық мүшелерінің екінші отырысы өтті.

Отырысқа министрлік өкілдері және селекторлық режимде облыстардағы ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылары қатысты. Жиын барысында терроризм қаупінің таралуына себеп болатын бірқатар фактор мен жағдай талқыланды. Оның ішінде діни жағдайдың проблемалық аспектілеріне баса назар аударылды. Сонымен қатар террористік қауіпке аудандық жедел штабтардың жауап қайтаруға дайындықтары, проблемалар мен оның шешу жолдары туралы баяндамаларға түбегейлі талқылау жүргізілді. Кеңес барысында жастар ортасын радикалды діни идеологиядан қорғау мәселесі де сөз болды.

Ғалым Шойкин, ҚР Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары:

- Қазақстаннан көптеген студент шетелдік теологиялық университеттерде білім алып, басқа ағымдарға кетіп жатыр. Осы мәселені шешу үшін біздің ұсыныспен шетелге шығатын жастарды ҚР Мұсылмандар діни басқармасы арқылы тексеріп жіберуді қолға алуды жоспарлаудамыз.

 
0
0
503

Осы тақырып бойынша

Жастарды теріс діни ағымдардан қорғау керек - Yvision.kz