Мазмұнға өту

Жаңа

2013 жылғы 2 қазанда ҚР Үкіметінің жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

2013 жылғы 2 қазанда Астана қаласында Ұлттық академиялық кітапхананың ғимараттарында Мәдениет және ақпарат министрі М. А. Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы ҮЕҰ-мен (үкіметтік емес ұйымдар) өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа Президент Әкімшілігінің, орталық мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстанның ірі ҮЕҰ өкілдері қатысты. Отырыс барысында мемлекеттік және әлуметтік тапсырыстарды орталық және жергілікті деңгейлерде орналастыру, VI-шы Азаматтық форумды өткізудің барысы, сондай-ақ «Укіметтік емес мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республиксының Заң жобасы туралы мәселелер қаралды. Үйлестіру кеңес мүшелері 2013-2015 жылдар аралығындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру үшін мемлекеттік бюджеттен қаража…

0
0
277

Қазақстандық бітімгершілер ҰҚШҰ елдерінің «Мызғымас бауырластық-2013» бірлескен оқу-жаттығуларына қатысады

Бүгін ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер қарулы күштерінің бітімгершілік контингенттері «Мызғымас бауырластық-2013» бірлескен оқу-жаттығуына қатысу үшін Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Шұбаркөл полигонына келді. Оған Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз, Ресей және Тәжікстан мемлекеттерінің әскери қызметшілері қатысады. ҰҚШҰ-ға мүше алты мемлекеттің әскери қызметшілері 7-12 қазан аралығында бітімгершілік операцияларын жүргізудің әртүрлі кезеңдерін пысықтайды. Бітімгершілер жаттығу барысында қақтығысқан тараптарға арағайындық жасау, гуманитарлық жүктерге қолдау көрсету және бітімгершілік лектеріне жасалған шабуылдарға тойтарыс беру мәселелерін тәжірибе түрінде пысықтайтын болады. Сондай-ақ, бөлімшелердің жеке құрамына жергілікті жерлерді минадан тазартуға арналған бірлескен іс-қимылдарға қатысу,…

0
0
347

СҚО-да Абылай ханның 300 жылдығына байланысты ат спортынан жарыс өтті

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында Абылай ханның 300 жылдығына орай ат спортынан жарыстар өтті. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, жарысқа Солтүстік Қазақстан облысынан, Астана мен Ақмола облысының Макинск қаласынан елуге жуық сәйгүлік қатысты. Қызықты әрі тартысты өткен 1600 және 2400 метр қашықтықтағы бәйгеде Макинск қаласынан шабандоз Николай Бабич пен СҚО Қызылжар ауданының «Зенченко и К» КС жұмысшысы Әбдуәли Нұрметовтің Пит фейл және Преферанс желісті аттары жеңімпаз атанды. 5 шақырымдық құнан бәйгеде Астана қаласынан келген шабандоз Берік Айтбаев Лама тұлпарымен бірінші болып келді. Ал жеті шақырымдық жорға жарысында Чарли сәйгүлігімен СҚО Есіл ауданының шабандозы Вячеслав Таровников мәреге бірін…

0
0
348

Қазақстандық волейболшы жігіттер Азия чемпионатының плей-офф кезеңін сәтсіз бастады

Біріккен араб әмірлігі елінің Дубай қаласында волейболдан ерлер арасындағы ХVII Азия чемпионатының плей-офф ойындары өтіп жатыр.

Кеше оңтүстік кореялықтарға 0:3 есебімен жеңілген қазақстандықтар бүгін енді ирактықтармен күш сынасады. Топтық сында «Е» тобының үздігі атанған кореялықтар Азия чемпионатында бұған дейін 4 дүркін жеңімпаз атанған болатын. Геннадий Паршин жаттықтыратын ел құрамасын 1/8 финалға шығу мүмкіндігінен айырған олар топтық сында ирактықтарды 3:0 есебімен ұтқан болатын. Енді қазақстандықтар 6 қазанға дейін созылатын бұл додада 9-16 орындарға ғана таласатын болды.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
0
0
383

UCI сарапшысы: Алматы халықаралық велотур өткізуге дайын

«Алматы туры» трассасы қатысушылар үшін мінсіз және қауіпсіз. Бұл туралы Алматыдағы бұл жарысты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі UCI кеңесшісі Джек Ватсон жариялады. Оның айтуынша, мұндай сыныптағы халықаралық жарысты өткізуге дайындыққа әдетте 8 айдай уақыт керек. Ал «Алматы туры» барынша қысқа мерзімде ұйымдастырылып отыр. Қала оны өткізуге толық дайын. 6 қазанда болатын 1 және 2-сыныпты бұл веложарыс Алматыда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Оған АҚШ, Австралия, Италия, Латвия, Украина, Нидерланды, Франция, Ирландия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей сияқты 17 елінен 20 команда қатыспақ. Олардың арасында кәсіпқой, құрлықтық және ұлттық командалар бар. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол «Eurosport» халықаралық спор телеарнасынан трансляциаланып, жарысты әлемнің түкпір-тү…

0
0
357

Волейболдан Қазақстан кубогының алғашқы раунды басталды

Бүгін Өскеменде ерлер, ал Теміртауда әйелдер арасында ХХІ Қазақстан кубогының алғашқы раунды басталды. Оған ерлер арасында да Ұлттық лигадан — 4, Жоғары лиганың «А» дивизионынан — 4, «Б» дивизионынан — 2, әйелдер арасында додада Ұлттық лигадан — 2, Жоғары лиганың «А» дивизионынан — 2 ,«Б» дивизионынан 6 команда қатысуда. Ал өткен ел чемпионатында үздік төрттікке кіргендер жарыстың келесі кезеңінен бастап қатысады. Бұған дейін ел кубогын ерлер арасында алматылықтар — 8, атыраулықтар — 3, теміртаулықтар, оралдықтар, семейліктер — 2, талдықорғандықтар, қызылжарлықтар, павлодарлықтар бір-бір мәрте қол жеткізді. Атап айтқанда, алматылықтардан 1993 жылы «Азамат», 1997 жыл «РКС-2», 2003-2005 жылдары «Рахат-ЦСКА», 2007, 2008, 2011 жылдары «Алматы», талдықорғандықтардан 1994 жылы «Жетысу», қызылжа…

0
0
394

«Барыс» командасы тұңғыш рет КХЛ чемпионаты кестесінің басына шықты

Барыс» командасы

Мәскеулік «Спартакты» тізе бүктірген «Барыс» командасы КХЛ чемпионаты кестесінің бірінші сатысына көтерілді, деп хабарлады Sports.kz.

Астаналық команда қоржынында питерлік СКА сияқты 27 ұпай бар, бірақ басқа көрсеткіштер бойынша қазақстандықтардың жағдайы біршама тәуір, әрі бір ойыны кем ойналған.

8 қазан күні «Барыс» чеховтық «Витязь» командасын қабылдайды.

0
0
336

Антигептилшілер баспасөз конференциясын өткізеді

ПРЕСС-АНОНС 3 қазан күні сағат 11.00-де «Халықтық альянс» қозғалысы және «Антигептил» тобы өз белсенділерінің заңсыз ұсталуына байланысты баспасөз конференциясын өткізеді. 30 қыркүйек күні 10 белсенді Парламент депутаттарына гептил отынымен ұшатын зымырындардың ұшырылуын тоқтату, АЭС және Ядерлік отын банкін салдырмау, барлық шетелдік әскери полигондарды жабу туралы талаптары бар хат тапсыруға барды. Алайда оларды полиция ұстап, 200-ден астам адамның қолы қойылған хатты депутаттарға жеткізілмеді. Белсенділер өздерінің ұсталғанын және сотталғанын заңсыз әрекет деп санайды. Осы және басқа тақырыптарға байланысты ақпарат баспасөз конференцияда жарияланады. Сонымен бірге алдағы митингке дайындық туралы да ақпарат беріледі. Баспасөз конференция ұйымдастырушылары: 1. Рахимжанов Асхат – ЖСДП Аст…

0
0
520

Сыбайлас жемқорлықтың және экономикалық қылмыстың алдын алу — қаржы полициясы жұмысының басымдылығы

Бүгін, ҚР Президентінің жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметінің алаңында «Сыбайлас жемқорлықтың және экономикалық қылмыстың алдын алу - қаржы полициясы жұмысының басымдылығы» тақырыбындағы брифинг өткізілді.
Жаңа құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы сыбайлас жемқорлықтың және экономикалық қылмыстың алдын алу сұрақтары бойынша ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Ақпараттық-талдау департаментінің бастығы О.А. Бектенов пен Агенттіктің ресми өкілі М.А.Жұманбай сөз сөйледі.

О.А. Бектеновтің сөз сөйлеу мәтінімен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар  http://finpol.gov.kz/kaz/info/vist/?cid=0&rid=9753

0
0
372

Заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі Қоғамдық кеңес отырысы туралы баспасөз ақпараты

Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановтың төрағалығымен Бас прокуратураның Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің қылмыстық құқық пен қылмыстық процесті жетілдіру, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұрудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған кезекті отырысы болып өтті.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/zandylykty-kamtamasyz-etu-zhonindegi-kogamdyk-kenes-otyrysy-turaly-baspasoz

0
0
491