Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Біз «Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық-коммуникациялық орталығын» құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырдық

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың  «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау жолында, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы 2010-2014-жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі бағдарламаны іске асыру мақсатында, біз жаңа Мәліметтерді өңдеудің  ақпараттық-коммуникациялық орталығын құрдық.

Мәліметтерді өңдеудің жаңа ақпараттық-коммуникациялық орталығы базасында бұлттық есептеулер тұжырымдамасына негізделіп құрылғанқызмет түрлері көрсетілетін болады: бұлттық серверлік платформа, мәліметтерді сақтаудың бұлттық жүйесі, мәліметтерді өңдеудің виртуалдық резервтік орталығы, бизнеске арналған бағдарламалық қамтамасыз ету, интерактивті қарым-қатынас және ақпарат алмасу жүйесі, бұлттық бейнеконференция байланысы.

 

 

«Қазақтелеком» АҚ жаңа МӨО-да энергетиканы, ауа баптау мен өрт сөндіру жүйелерін қоса алғанда, барлық сүймелдеуші жүйелерді қамту қарастырылған.

 

 

Бұдан басқа, Мәліметтерді өңдеу орталығында SDP – сервистерді жеткізуге арналған платформа орналастырылған, ол бизнеске жаңа ИКТ –сервисті құрі және жылжыту үшін «Қазақтелекомның» барлық инфрақұрылымын қоолдануға мүмкіндік береді.

 

 

(ИТП АЭА-ғы «Алатау» МӨҢ көлемі - 810 кв. м., тұрақтарының саны - 96.)

 

 

«Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуына қарағанда, жаңа Мәліметтерді өңдеудің  ақпараттық-коммуникациялық орталығын (МӨО) құру  Интернеттің қазақстандық сегментін,  электрондық коммерцияны, электрондық қызмет түрлерін және бұлттық есептеулерді дамытудың негізгі шарты болып табылады.

 

«Барлық халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи ақпараттық- коммуникациялық орталық «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА аумағында орналасқан барлық компаниялар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар үшін базалық техникалық алаң бола алады»,  - деді Қ. Есекеев.

 

 

Қазіргі кезде біздің дата – орталықтарымыздың желісі (олардың қазіргі саны - 16) бүкіл Қазақстанды қамтиды.

 

 

Алғашқы, ТМД-ғы ең ірі  Tier III сыныпты Мәліметтерді өңдеу орталығы  2012-жылы Павлодарда ашылған болатын.

 

Ал, бүгінде біздің дата-орталықтарымыздың клиенттерінің саны 10 000-дайә заңды және жеке тұлғалар. Дата-орталықтардың қызмет көрсету нарығындағы үлесі - шамамен 52% құрайды.

 

0
0
809