Мазмұнға өту

Жаңа

Жоғары лига. Жартылай финал. Жайдарман.

Жоғары лига. Жартылай финал. Жайдарман.

Арал-Ас ашты жартылай финалды.

Күлкі терапиясы командасы жақсы өнер көрсетті.

Альянс Семей әдеттегідей биімен.

Демеушіміз Болашақ керемет ойын көрсетті! Финалға өткен команда.

Барыстар Ақтау командасы қазақи стильде

Финалға өткен командалар: Қорқыт құрамасы, Назар аудар, Ұлттық құрама, Демеушіміз Болашақ, Жаснар.

0
0
1432

«Келсең кел, келмесең қой...» Чего хочет казахстанский турист от своих просторов?

Доброго времени суток!

Когда речь заходит о внутреннем туризме РК, почти все в кругу моих друзей или знакомых выражают свои мысли примерно так: «Да за такие деньги лучше съездить в ...»! И на выбор - любые курорты зарубежья, где ступала нога казахского отдыхающего. Однако, это, как показывает практика, не всегда правда. Хотя бы потому, что замечено: даже об испорченном по разным причинам отдыхе туристы предпочитают при "официальных комментариях" говорить либо хорошо, либо ничего. Тщеславие здесь играет в нас, наверное. А самой главной причиной плохого настроения гостя может быть только низкий уровень сервиса.

Будучи в недалеком прошлом сотрудником одного из ресторанов Астаны, предлагаю Вам, читатели Казнета, свое видение относительно того, что стоило и не стоило делать в отеле "Тас-Булак", который расположен в Каркаралинских горах (северо-восточная оконечность Карагандинской области). Поездка туда в качестве отдыхающего состоялась в 20-х числах августа этого года.

Выбор пал на это место неслучайно: Схожие с местом моего проживания природно-климатические условия, умеренные цены, экология местности. Словом, хорошее соотношение цены и качества. Подумал я. И не прогадал. Поездка понравилась, но не думаю, что готов буду приехать сюда с семьей – многие моменты в сервисе, проигнорированные холостяком, будут критичными для семейных людей. Как, к примеру, питание – всегда вовремя, но не всегда вкусно. Гарниры повторялись через день, хлеб был только одного вида, а подача чая, как справедливо заметили однажды апашки за соседним столиком, была явно не по-нашему. Возможно, как говорится, здесь повар ходит обедать домой.

При решении о покупке путевки узнал следующее: Путевки по своей цене продаются только через турфирмы, при приобретении ваучера на месте, оплачивается еще и надбавка в размере 20 процентов. Во избежание спекуляций. Недурно.

Сразу после возвращения домой, я написал отзыв и отправил его на сайт компании и плюс на адрес их интернет-странички в бизнес-справочнике . К сожалению, эта информация не была размещена ни на одном из этих интернет-ресурсов.

Что обрадовало туриста, так этот тот факт, что весь космплекс использует для своих нужд исключительно родниковую воду. Эффект отличный – радуется и кожа, и желудок, и чайник в комнате (накипи не бывает). А также везде вкручены энергосберегающие лампочки. Неприятно было, когда увидел рекламу дома отдыха, где на баннере изображены неженатые молодые пары,  совместно использующие сауну и завернутые в полотенце. Отель ведь заточен под семейный отдых – уместны ли эти рекламные лица здесь, или нет? Вспомните – ведь именно реклама способна подарить нам те или иные потребительские настроения, выгодные крупнейшим производителям товаров и услуг и не всегда совместимые с нашими культурными особенностями.

Следующее. Говоря о юрте, имеем ввиду святое для каждого казаха место – дом. «Қара шаңырағын шайқалмасын»-говорят в народе. Однако, здесь, как и во многих иных местах, уникальное жилище кочевников используется под место, где распиваются спиртные напитки и употребляется табак. Я глубоко убежден, что каждая туристская компания в нашей стране, бережно относящаяся к своим традициям и отказавшаяся от подобной постыдной практики, получит тысячу теплых слов от своего народа. Можно будет приятно удивить иностранцев силой своего патриотизма – дефицит этого у нас ощущают в том числе и они.

Продолжение следует.

 
2
3
652

Қазақстандық бітімгершілер ҰҚШҰ елдерінің «Мызғымас бауырластық-2013» бірлескен оқу-жаттығуларына қатысады

Бүгін Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Шұбаркөл полигонында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер қарулы күштерінің бітімгершілік контингенттері қатысатын «Мызғымас бауырластық-2013» бірлескен оқу-жаттығуы басталды. Оған Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз, Ресей және Тәжікстан мемлекеттерінің әскери қызметшілері қатысады.

Қазақстан Қарулы Күштерінен оқу-жаттығуға жедел басқарма офицерлері, десантты-шабуылдаушы батальон, инженерлік-саперлік және медициналық взводтардың әскери қызметшілері қатысады. Жаттығуға қатысушылардың жалпы саны 2800 адамнан асады.

ҰҚШҰ-ға мүше алты мемлекеттің әскери қызметшілері 7-12 қазан аралығында бітімгершілік операцияларын жүргізудің әртүрлі кезеңдерін пысықтайды. Бітімгершілер жаттығу барысында қақтығысқан тараптарға арағайындық жасау, гуманитарлық жүктерге қолдау көрсету және бітімгершілік лектеріне жасалған шабуылдарға тойтарыс беру мәселелерін тәжірибе түрінде пысықтайтын болады. Сондай-ақ, бөлімшелердің жеке құрамына жергілікті жерлерді минадан тазартуға арналған бірлескен іс-қимылдарға қатысу, өмірлік маңызы бар нысандарды күзету мен қорғау, кепілге алынғандарды босату, жаппай тәртіпсіздікке қарсы тұру және адам құқығын қорғауды қамтамасыз етуге тура келеді.

Алғашқы «Мызғымас бауырластық» оқу-жаттығулары былтыр Қазақстанда өткенін еске саламыз.

ҚР ҚМ баспасөз қызметі

0
0
319

Қаржы полициясы Анар Мешімбаеваға қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады

Анар Мешімбаева Ресей Федерациясының құқыққорғау органдарының оны беруінен кейін 2013 жылғы 7 қыркүйекте Қаржы полициясы агенттігі қызметкерлерімен Қазақстанға жеткізілген болатын.

Ағымдағы жылғы 3 қазанда Қаржы полициясы агенттігі Мешімбаеваға қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады.

Оған халық санағын жүргізуге бөлінген 758 млн.теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлады және серверлік құрал-жабдық үшін екі кондиционер сатып алу кезінде қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, мемлекетке 3,5 млн.теңге залал келтірді деген айыптар тағылды.

Бүгінгі күні айыпталушы мен оның қорғаушысын көлемі 30 томнан тұратын қылмыстық іс материалдарымен таныстыру процедурасы жүргізілуде.

Танысудан кейін қылмыстық іс одан әрі сотқа тапсыру үшін айыптау үкімімен прокуратура органдарына жолданатын болады.

 
0
0
377

Кіші Кличко Поветкиннен басым түсті


Кіші Кличко

Мәскеуде украиндық боксшы Владимиром Кличко мен ресейлік Александр Поветкиннің арасындағы көптен күткен кездесу болып өтті, деп хабарлады vesti.kz

Жанкүйерлерінің қолдауына сүйенген Поветкин бірінші секундтан-ақ шабуылға ұмтылды, бірақ украиндық боксшы бұған дайын болып шықты. Қарсыласының шабуылына тойтарыс бере отырып, өзі де алға ұмтылды. Бірінші раунд ринг иесінің аздаған басымдылығымен аяқталды. Келесі үш минутта Кличко өз басымдылығын айғақтай отырып, тіпті қарсыласын нокдаунға жіберіп үлгерді.

Ары қарай кездесудің кілті Кличконың қолында болды. Ол өзінің үйренші әдісі бойынша қарсыласын жақындатпай алыстан қимылдады. Жетінші раунд Поветкин үшін соңғы ранд болуы да ғажап емес еді, өйіткені ол бірнеше рет рингтің төсенішін құшыg, бірақ тез көтеріліп төбелесті жалғастырып отырды.

Кличконың айқын басымдылығымен өткен кездесуде Поветкин финалдық гонгқа жете алды. Төрешілер көп ойланбастан жеңісті украиндық боксшының пайдасына шешті. Сөйтіп кіші Кличко WBA жеке дара чемпионы, IBF мен WBO чемпионы деген атақтарын сақтап қалды

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
370

Хоккейден әлем кубогы 2015 жылы жандануы мүмкін

Хоккейден әлем кубогы 2015 жылы жандануы мүмкін. Бұл туралы Канаданың бұқаралық ақпарат құралдарынан мәлім болды.

Солтүстік Америка Ұлттық хоккей лигасының жетекшілігі мен Халықаралық хоккей федерациясы бұл турнирді Олимпиада ойындарынан бос уақытта, яғни, қысқы Олимпиада өткізілмейтін жылы ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Бұрын «Канада кубогы» деп аталып келген әлем кубогы 1976 жылдан бері өткізіліп келеді. 20 жылдан кейін турнир өзінің бұрынғы атауымен атала бастады. Әр жылдары бұл кубокты Канада және АҚШ құрамалары иеленіп келді (Канада - 1976, 1984, 1987, 1991, 2004, КСРО-1981, АҚШ-1996).

   

АСТАНА.  ҚазАқпарат

 
0
0
400

Қ.Құрмашев ардагерлер арасында әлем чемпионы атанды

Болгарияның Бургас қаласында өткен самбодан ардагерлер арасында әлем чемпионатында батысқазақстандық Қазболат Құрмашев жеңімпаз атанды.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан Әскербек Нұрмұқановтың хабарлағанындай, Қазболат 62 келі салмақта 50-55 жастағылар арасынан үздік шықты. Ол осымен ардагерлер арасында бесінші рет әлем чемпионы атанып отыр. Сол секілді Қамеш Исмағұлов күміс, Ержан Абатов, Рашид Наурызалиев, Тарих Төлегенов өз салмақтарында және жас ерекшеліктеріне қарай қола жүлдені еншіледі.

Мұның алдында Нариман Қайырманов грек-рим күресінен Босния және Герцоговинаның Сараево қаласында ардагерлер арасында өткен әлем біріншілігінде күміс медальға қол жеткізген болатын. Өткен жылы да күміс жүлдені иеленген Нариман халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормасын орындап отыр.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
 
0
0
450

Қазақстандық волейболшылар Азия чемпионатында үздік ондықты түйіндеді

Дубай қаласында 28 қыркүйек пен 6 қазан аралығында волейболдан ерлер арасында XVII Азия чемпионаты өтті.

Бұл бәсекеде 21 елдің арасынан Геннадий Паршин жаттықтыратын Қазақстан құрамасы 10-орын алды.

2011 жылы өз елінде өткен соңғы Азия чемпионатында жеңімпаз атанған ирандықтар бұл жолы да өз атағын сақтап қалды. Олар ақтық сында бұл дүбірлі додада бұған дейін 1989, 1993, 2001, 2003 жылдары жеңімпаз атанған Оңтүстік Корея спортшыларын 3:0 (25:19, 25:22, 25:19) есебімен ұтты. Жалпы Азия чемпионатында бұған дейін Жапония 7 рет, Оңтүстік Корея 4 рет, Қытай 3 рет, Австралия 1 рет чемпион мәртебесін иеленген болатын.

Бұл байрақты бәсекеде 1993 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан Қазақстан құрамасы Тайландтың Накхонратчасим қаласындағы алғашқы жарыста 16 елдің арасынан 2-орын алып, ақтық сында кореялықтарға 3:0 (15-11, 15-5, 15-13) есебімен жеңілген еді. Одан кейін 1995, 1997, 2005 жылдары Азия чемпионатына қатыспаған олар 1999 жылы — 11, 2001 жылы — 9, 2003 жылы — 8, 2007 жылы — 7, 2009 жылы — 5. 2011 жылы 9-орынға табан тіреген болатын.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Автор: Ерлік Ержанұлы
 
0
0
677

Курсанттар арасында армиялық жекпе-жек ұрысы бойынша чемпионат өтті

Алматыда Қазақстан Қарулы Күштерінің ІІ Спартакиадасы шеңберінде әскери-қолданбалы және спорттық ойын түрлері бойынша армиялық жекпе-жек ұрысынан чемпионат өткізілді. Армияшылардың Орталық спорт клубы ұйымдастырған бұл жарысқа Қазақстандағы әскери оқу орындарының курсанттары қатысты.

Чемпионатқа қатысуға Қорғаныс министрлігінің барлық әскери оқу орындары тапсырыс берді. Спорттық аламанда болашақ офицерлермен бірге Кадет корпусының тәрбиеленушілері де күш сынасты. Олардың арасында өздерінің жас айырмашылықтарына қарамай жақсы спорттық дайындықтарға қол жеткізіп, әртүрлі жарыстарда бірқатар жетістіктерді бағындырған кадеттер бар.

Чемпионаттың абсолюттік және жалпыкомандалық бірінші орынын Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты жеңіп алды.

Аталған институттың курсанттары әртүрлі спорттық жарыстарға тұрақты түрде қатысып, бірінші орынды бағындырып жүр.

Пресс-служба МО РК

0
0
1333