83205 әскери бөлімінің аға сержанты Ақмола өңірлік гарнизонының ең үздік жүргізушісі аталды
Бүгін Астанадағы елордалық десанттық-шабуыл бригадасы автодромының базасында «Ақмола өңірлік гарнизонының үздік жүргізушісі» атағына байқау-конкурстың қорытынды кезеңі болып өтті.
Жауынгерлік сайыстың қорытындысы бойынша 83205 әскери бөлімінің аға сержанты Есов Медет үздік әскери жүргізуші Кубогын жеңіп алды. Құрметті екінші орынды 23366 әскери бөлімі старшинасы Ахметов Қолқанат иеленді. Үшінші орын 48411 әскери бөлімі сержанты Орманов Мақсаттың еншісіне тиді. Байқау жеңімпаздары сыйлықтармен және грамоталармен наградталды.
- Әскери жүргізуші кәсібін кең насихаттау мақсатында «Ақмола өңірлік гарнизонының үздік жүргізушісі» атағына байқау-конкурсты жыл сайын өткізу жоспарлануда. Биылғы конкурс әскери қызметшілер шеберлігінің жоғарылығын және армиямыз кәсібилігінің жаңа сапалық деңгейін көрсетті – деп 83205 әскери бөлімінің командирі полковник Айдар Әбдірахман атап өтті.
ҚР ҚМ баспасөз кызметі
