Мазмұнға өту

Жаңа

Грузия Сочи Олимпиадасына қатысудан бас тартуы мүмкін

Егер 2014 жылғы Сочи Олимпиадасы қарсаңында ойындарға қатысу елдің намысын таптау секілді көрінетін болса, Грузия ойындардан бас тартуы мүмкін.

Бұл туралы елдің премьер-министрі Бидзина Иванишвили мәлім етті.

Бұған дейін Грузияның Ұлттық Олимпиада комитеті ел спортшыларының жарыстарға шығатыны жөнінде хабарлаған еді, алайда соңғы күндері елде Грузияның Ресейде өтетін Ойындарға қатысуына қарсылық шаралары белсенді жүргізілуде.

 
0
0
292

Қазақстан құрамасы Ирландиядан жеңіліс тапты

2014 жылы Бразилияда өтетін футболдан әлем чемпионатының еуропалық матчтары аяқталды. Қазақстан құрамасы соңғы ойынын Ирландияда жергілікті командаға қарсы өткізген болатын.

Әлдеқашан әлем біріншілігінде доп тебуден күдер үзген қос команда арасындағы ойында біздің жігіттер 1:3 есебімен жеңіліс тапты.
Алайда алғаш болып есепті қазақстандықтар ашты. 13-минутта Дмитрий Шомко Форд қорғаған қақпадан саңылау тапқан болатын. Алайда бірінші таймда ирландықтар есепте алға шығып үлгерді. Алаң иелері сапынан Робби Кин мен Джон О’Ши көзге түсті. Ойынның негізгі бөлігі аяқталуға 12 минут қалғанда алғашқы доптың авторы Шомко өз қақпасын дәл көздеп, қорытынды есепті белгіледі — 3:1.
Біздің құрама 10 ойында қанжығасына бес ұпай байлап бесінші орынды қанағат тұтты.

Ирландия — Қазақстан 3:1 (2:1)
Голдар: Шомко 13 (0:1), Кин пенальтиден 17 (1:1), О’Ши 26 (2:1), Шомко автогол 78 (3:1)
Ескерту: Кислицын 16
Ирландия: Форд, Коулмен, Данн, О’Ши, Уилсон, Маккарти, Рейд, Гибсон (Уилан 37), Стоукс (Хулахан 87), Дойл, Кин
Қазақстан: Сидельников, Гурман, Карпович (Шабалин 84), Кислицын (Финонченко 32), Дмитренко, Щеткин (Юрин 61), Энгель, Байжанов, Шомко, Хижниченко, Коробкин
Бас төреші: Вадим Директоренко (Латвия).

 
0
0
338

Пьер Луиджи Пицци: «Аттила» қойылымының репетициясы қызу жүріп жатыр

«Астана Опера» театрының Әлемдік тұсаукесеріне орай төрт кеш өтеді. Басты кеш - 2013 жылдың 21 қазаны - Дж. Вердидің «Аттила» операсының тұсаукесері. Көрермен назарына ұсынылатын опералық спектакльді дайындауға аттары әлемге әйгілі шеберлер шақырылды. Қоюшы режиссері, сценографы, костюм жөніндегі суретшісі - әлемге белгілі итальяндық шебер, Францияның Құрметті Легионы Орденінің иегері Пьер ЛуиджиПицци. Тамаша режиссер бүгінгісі мен жұмысы жайлы, алдағы жоспарлары туралы айтып берді.

Пьер ЛуиджиПицци Астанаға 12 қазанда келді.Бұл маэстроның елордаға осымен екінші сапар шегуі. «Мен Қазақстанға бірнеше ай бұрын «Астана Опера»театрының әртістер жөніндегі директоры Уильям Грациозидің шақыруымен келгенмін,өзінің ынта-жігерімен жаңа өнер шаңырағын бірден ұнатуға мәжбүр еткен театр директоры Төлеген Мұхамеджановпен кездестім. Бірнеше күн бұрын Камералық залда, өте жоғары деңгейде өткен концертте болдым. Бәрінен де мені «Астана Опера» оркестрінің бірінші скрипкашысы Бағдат Әбілхановтың орындауындағы Жюль Массненің «Таис» операсының «Толғануы» тебірентті. Кезінде Венециядағы «Ла Фениче» театрында осы операны қойған сәттерім есіме түсіп кетті», - дейді Пицци.

Қазір Пьер ЛуиджиПицциДж. Верди операсының қойылымы мен сахналануымен жұмыс жасап жатыр. Ол Қазақстанға Италиядан жеткізілген костюмдер мен декорацияларды дайындады. «Астаналық «Аттила»қойылымы Рим театры операсының жуырдағы қойылымынан бастау алады, алайда бұл дәл сондай спектакль болмайды. Бізге декорацияларды қазақстандық кең сахнаға сай кеңейтуге тура келді. Ғұндардың костюміне келсек, олар қызықты этникалық компоненттермен мүлдем жаңаша жасалды. Басым бөлігі қарамен, алтын және ақпен үйлесетін қызыл түсті», - дейді маэстро.

Еліміздің бас театрында өтетін қойылымның тұсаукесеріне санаулы күн қалды, репетиция толық құрамда жүріп жатыр. «Бас кейіпкер Елдар Әбдіразақоваталған қойылымға қуана қатысты. Мен Аттиланың кейіпін адамгершілігі мол әрі қайсар, соғыста батыр әрі адал, махаббатқа келгенде мейірімді әрі құмар, Құдай алдында момын адам етіп шығардым. Мен құрамдағы әртістердің барлығына үлкен құрметпен қараймын, әсіресе дирижер Валерий Гергиевке ерекше сенемін», - дейді Пицци.

«Аттила» қойылымынан кейін «Астана Опера» театрымен серіктестікті жалғастырғыңыз келе ме деген сұраққа маэстро, тағдырдың жазғаны болар, бұл жерге тағы келемін деп үміттенемін деген жауап қатты.

0
0
481

ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызметшілерді медициналық тексеру жалғасуда

Қазақстан Қарулы Күштерінде тереңдетілген медициналық тексерудің бірінші кезеңі аяқталды. Бұл тексеруден әскери қызметшілердің барлық санаты: аға және кіші буындағы офицерлер, генералдар, келісім-шарт бойынша әскери қызметшілер өтеді, деп ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Медициналық тексеру жыл сайын өткізілетін рәсім, оның басты мақсаты – әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау. Оның тереңдетілген медициналық тексеру деп аталуы әскери қызметшілердің денсаулық жағдайы кең түрде тексеріліп, талдау жасалып, флюрография және басқа да дәрігер мамандардың қарауынан өтеді. Жасы үлкен топтағылар үшін электрокардиограммадан өту міндетті болып саналады», - деп ведомство хабарламасында нақтыланған.

«Әскери қызметшілерді медициналық тексеруден өткізу ауруды болдырмауға және оның алдын алуға бағытталады. Сонымен бірге біз бұрын анықталған аурудың динамикасын бақылап отырамыз» – деді Қазақстан Қарулы Күштері Бас әскери медицина басқармасының бастығы медицина қызметінің полковнигі Әзижан Оразалин
Тексерудің нәтижесі бойынша қажет болған жағдайда әскери қызметшілерді санаториялық-курорттық емнен өту үшін санаторияларға жібереді. Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілер тегін санаториялық-курорттық ем алу үшін бірнеше отандық санаториялармен шарт жасасқан.

Биылғы тереңдетілген медициналық тексеру тамыз айында басталды. Алда оны жүргізудің әлі үш кезеңі бар. Алдағы желтоқсан айында әскери дәрігерлер медициналық тексерудің қорытындысын шығарып, әскери қызметшілер денсаулығының мынадай үш топтан тұратын жалпы картинасын жасайды: «толық дені сау», «іш жүзінде дені сау», «ауру-сырқауы бар».

Қазірдің өзінде әскери дәрігерлер тексерудің алғашқы кезеңі бойынша аралық қорытынды шығара алады. Тұтастай алғанда әскери қызметшілердің денсаулығы жақсы. Мұқият медициналық тексеру, қызметке түсу үшін неғұрлым мықты, дендері сау үміткерлерді іріктеу, қызмет процесінде тұрақты медициналық бақылау және қажет болған жағдайда профилактикалық ем жасау қажет етеді.

Strategy2050.kz

0
0
551

Апта ішінде 6 561 қылмыс тіркелсе, «ізі суымай» 2 773 қылмыстың беті ашылды.

 Бұрын жасалған 730 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 26 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 145 қылмыскер ұсталып, 2 дана қару тәркіленіп алынды. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 26 қылмыс анықталды, оның ішінде 10 сату фактісі. 40 келіге жуық есірткі заты тәркіленіп алынды.    http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_news/Информация%20для%20СМИ%20о%20деятельнос54

0
0
323

Новое семейное реалити-шоу «Ән шаңырақ»!

Семейный просмотр телешоу, пожалуй, одно из самых приятных занятий, за которыми можно провести вечер. К сожалению, отечественные каналы редко радуют своих зрителей свежими, инновационными передачами... Но не «31 канал». Вот уже двадцать лет мы являемся телевизионными трендсеттерами, законодателями моды в сфере отдыха и развлечений нового формата. Зная, что семьи – главная целевая аудитория и ценность нашего телеканала, мы запускаем новое реалити-шоу «Ән шаңырақ»!

В пятницу вечером, в самое лучшее время, семьи со всей страны будут состязаться в песенном искусстве. В финал пройдут самые артистичные и талантливые конкурсанты. Компетентное жюри выберет две семьи, чьи творческие способности окажутся наилучшими; свой выбор смогут сделать и телезрители. К финалу победителей отборочного тура будут готовить звездные тренеры, хореографы, мастера вокала, стилисты. Обычные семьи станут профессиональными артистами. Каждый выпуск будут открывать казахстанские звездные семьи.

Ведущие: Салтанат Калиева,  Денис Бобылев

Жюри: Жанна Орынбасарова, Такежан, Рүстем Нұржігіт.

Продюсеры: Алтынбек Рахметов, Сабина Саякова

Аналогичных проектов в Казахстане еще не было. В настоящее время оригинальное шоу «Family Harmony» успешно идет в Канаде и на Украине.  Что еще немаловажно – за этим шоу не только интересно наблюдать, в нём можно принять участие!

2
0
623

Құрбан Айт құтты болсын!

Құрбан айт құтты болсын! Бүгінгі дұға-тілектеріңіз періштенің құлағына шалынып, қабыл болсын! Шалған құрбандықтарыңыз өздеріңізге шапағат боп оралсын! Шаңырақтарыңызға бақ-береке, шаттық, қуаныш тілейміз!

Қазтюб ұжымының атынан еліміз аман, жеріміз бүтін, тіліміз таза болғанын тілейміз!

0
0
2412

СЕНІ іздеген МЕН...

«Қыз Жібек» кинокартинасын тағы да көрдім бүгін. Жатып алып, әттең мен де Жібектей ақылына көркі сай бойжеткен болсам...Төлегендей сымбатты жігітті кездестірсем...Ол маған ғашық болып қалса...Сосын ол маған сөз салса...

Кенет телефонның шырылы аспаннан жерге түсірді мені. Телефонның арғы жағынан өзін түсірілім тобының өкілі деп таныстырып ертең «Сен және Мен» фильмінің алғашқы көрсетілімі болатынын және соған келіп, көруімді өтінді. Келісе салдым. Мақұл деп. Телефонды қоя сап: «тағы бір шала шарпы түсірілген фильм шығар, көпшілік қауымға арналған фильм түсіремін деп арт-хаусқа ауытқып кеткен тағы бір режиссердің дүниесі шығар» деген ой келді бірден.

Киноны көретін де кез келді. Демеушілер ұсынған тіскебасардан ауыз тидік те кинозалға еніп кеттік. Фильм аяқталды. Бірден айтам, фильм жақсы әсер қалдырды.

Фильмнің бас кейіпкері жас жігіт мен секілді шынайы махаббатын кездестіргісі келеді екен. Ол жігіт қиялдан алынбаған кәдімгі қарапайым жігіт. Қылықтары, іс-әрекеттері де әпенділеу ме деп қаласың. Бас кейіпкер қыз да қарапайым. Ешқандай да байдың еркесі емес. Сұлу да сүйкімді қыз. Ал енді ең қызығы, ТМД мелодрамаларының әдетінше қос ғашықтың арасына түсетін бай, өктем ата-ана кірікпейді де. Оқиға желісі өмірге жақындатылған. Оқиға желісі бойынша бойжеткен араққа тойып алып, пойызды күтіп тұрады теңселіп. Жүйткіп келе жатқан пойыз алдына құлай жаздамақ болған жерінен бас кейіпкер оны құтқарып қалады. Қарап отырсаңыз, махаббатыңды ұшыратқың келетіндей романтикалық жағдай емес. Десе де осы оқиғадан кейін кейіпкер жігіттің өмірі бір күнде өзгеріп салады. Ол бойжеткен оның өмірінде қалай кездейсоқ пайда болса дәл солай ғайып боп кетеді. Фильмнің мазмұнын толық баяндаудың ешкімге де қажеті жоқ екендігін түсінемін. Сондықтан да осы жерден тоқтағым келіп отыр.

Байқағандарыңыздай фильм махаббат туралы. Фильм жанры комедиялық мелодрама. Сценарий авторы әрі режиссері Сәкен Жолдас. Бұл фильм оның үлкен экрандағы алғашқы жұмысы. Фильмнің ұтымды тұстарына тоқтала кетсек. Олардың бірі: кейіпкерлердің есімдері жоқ. Сексен минуттық көрсетілімнің еш жерінде басты кейіпкерлердің аты аталмайды. Бұндай тәсіл көптеген кинотуындыларда қолданылғаны мәлім. Алайда қазақ киносында сирек кездесетін жәйт. Әрине, арт-хаус бағытында шығармашылығын шыңдап жүрген Нариман Төребаевтың фильмдерін есепке алмағанда. Оқиға желісі бойынша бас кейіпкер – жігіт киносценариші болуды армандайды. Бойжеткенмен танысып оған өзінің арманын айтады. Сосын екеуі отырып алып сценарийдің түрлі көріністерін қиялдайды. Сондай бір көріністердің бірі: түнгі Алматыда шымкенттік жігіт пен алматылық қыз. Жігіттің астында арзан машина. Ал қыз қымбат көлікпен жол бойымен келе жатады. Шымкенттік әдетіне салып, жол ережесін бұзып, қыздың көлігін соға жаздайды. Осы көріністің фильмде болуы заңдылық. Өйткені, бұл коммерциялық фильм. Ал ондай фильмдер көпшілікке кеңінен таралған іс-қимыл, адам, мінез, кейіптерді көрсетуді көздейді. Ал оңтүстік ағайындардың көлік жүргізуі жайлы күлкілі не қызықты оқиғалар ел арасында көп екендігі бәрімізге мәлім. Режиссер Алматы қаласын үлкен мегаполистерге жақындатқысы келгені әдемі түсірілген қала панорамаларынан байқалып тұр. Тура, режиссер қала үстінен төніп тұрған smoke көргісі, ол туралы білгісі келмейтіндей...

Жасырмаймын, фильм голливудтық қалыпта, яғни қазақы кино түсіру тәжірибесінен алшақ. Десе де қазақы менталитетке жақындатылғандай боп көрінді. Қуанышқа орай кейіпкерлердің бәрі де қазақтар. Бұл жолы қазақ киносында қазақтың қызы өзге ұлт өкіліне ғашық болмайды. Ал өкінішке қарай фильм қазақ тілінде емес. Десек те фильмді қоюшы топтың айтуынша болашақта қазақ тіліне дыбыстау жоспарда бар. Голливуд фильмдерінің басты ерекшелігі режиссерге қарағанда продюсердің сөзі жүретіні белгілі. Өйткені фильмге қаржыны продюсер табады және соны қайтаруды көздейді. Бұл фильмнің продюсері қазір даңқы шығып тұрған „Уроки гармонии„ фильмінің атқарушы продюсері болған Әлия Меңдіғожина. Қысқа сұхбаттан түсінгенім продюсер фильмнің бүкіл кезеңдеріне тікелей қатысқан.

Көрші қырғыздар мен өзбектер бұндай махаббат тақырыбындағы комедиялық мелодраманы көптеп түсіріп тастаған бізден бұрын. Бұндай фильмдерден астарлы сыр іздеудің қажеті жоқ. Көпшілік қауым кинотеатрға көңіл көтеріп, күнделікті күйбеңнен демалу үшін барады. Көресің, күлетін жерінде күлесің, жылайтын жерінде жылайсың. Оған фильмнің музыкасы сізді итермелеп отырады. Сондықтан қай жерінде не істеу керектігінен жаңылмайсыз. Тіпті жасырын жүріп жатқан жарнама да - не жеп, не ішуді, не айдауды үйретіп отырғаны да орынды қолданылған. Бұл фильм „дәмді„. Яғни „дәмді„ фильм өтімді. Өтімді фильм фильмді қоюшы топтың фильмге жұмсаған қаржысын қайтаруға міндетті.

Ал мен болса жақсы фильмнен алған жақсы әсерлерден соң романтикалық сезімдерге бөленіп, түңгі қаламен метроға қарай бет алдым. Бәлкім...

Нұрай Исаева

1
4
1201

Көккөл – Лох Несс аңызының айнасы ма?

«Көлден тұншыға шыққан мақұлықтың үні, жаңғыра сай саланы кезіп барып әрең басылады. О тоба, Шотландиядағы ғажайып Несси көз алдымнан жүгіріп, жо-жоқ ұшып, бәлкім елес боп зулай өткен болар...». Бұл жолдар Меркілік қарапайым ұстаз Анатолий Печерскийдің қойын дәптеріне түртіліп, кейін Сапарбай Парманқұловтың «Жұмбақ сарқырама» кітабында жарыққа шыққан әңгімеден үзінді.

Кітапты оқып-ап түрлі қиял ойлар естен кетер емес. Па шіркін, ғылымға беймәлім аждаһа шынымен-ақ Меркінің тау-тасы мен өзен-көлдерін жағалап, талай шопанның иманын алды ма екен? Әлде көлдің тұңғиығында жатып-ап, адамзаттың қаперінен аулақ болуды ойлады ма? Қайткен күнде де оның ақырған дауысы талай жанның жадында сақталғаны мәлім.

Мың естігеннен бір көрген артық. Араға жыл салып міне бүгін Әулие көлді көрудің сәті түсті.

– Көлдің әулие атануында үлкен мән бар. Атам қазақ көлдің ерекше қасиетін оның суымен байланыстырады. Сырқыраған жанға дем беретін, жығылғанды тұрғызып, тұрғанды жүгірткізетін таптырмас шипа көзі – дейді Меркі ауданының жанашыры, қаламы қарымды журналист, экспедициямыздың басын біріктірген ағамыз Серікбай Құралбаев.

Таң бозарысымен Ақтоған ауылынан Каменкаға, одан әрі Қарақыстақ жайлауын бетке алып келеміз. Үш көлікте бас аяғы 15-ке жуық жан.

Біз мінген мәшине тау сығалаған жанның таптырмас техникасы. УАЗ көлігінің тізгінін ұстаушы Бақберген ағамызды жергілікті тұрғындар «Бақай – тау королі» деп бекер атамаса керек. Жоқ жерден жол жасап, діттеген жеріңе демде жеткізе білетін маман.

Ал мына кісі Қыстақ ақсақал. Жасы сексенді алқымдаса да, ентігуді білмейтін қария. Арамыздағы тірі шежіре. Балаларының айтуынша анасы туа салысымен оны Көккөлдің суына малтып-малтып алған. Содан ауру атаулысы Қыстақ ақсақалды айналып өтетін көрінеді.

Арамызда елге есімдері белгілі қос редактор да бар. Республикалық «Дала мен Қала» газетінің басшысы, қазақ жерінің таңғажайып өлкелерін қаламымен әспеттеп жеткізе білген Сапарбай Парманқұлов және де Жамбыл облыстық «аға» газет «Ақ жолдың» бас редакторы Қуаныш Иембердиев.

Жол қадырын жүргінші білер. Көлге дейінгі 150 шақырымдық қашықтықты кешқұрым әрең еңсердік. Бітіп болмайтын тау асулары мен табиғаттың ғажап болмысына қызығып төрт дөңгелекті тоқтатумен болдық.

Жол бойы табиғат ана қашаған тас мүсіндер кең даланың айнымас бір бөлшегі іспеттес. Мына қошқартас соның бір айғағы.

Бұл Қарақыстақ, қазекемнің кең жайлауы. Ал ана таудың арғы жағы қырғыз ағайындардың әйгілі Сусамыры қоныс тепкен.

Кезінде бауырлас елдер бірінің жеріне бірі малын жайып, ақ боз үйлерін тігісіп жатқан. Бүгінде арада шекара белгіленіп, алыс-беріс тоқтатылды. Жол бойында Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара заставасының сарбаздарымен жүздесіп, өңірдің тыныштығынан хабардар болдық.

Жалпы Меркі өңірі мал баққанға нағыз таптырмас құт мекен. Шөбі шүйгін, қысы жұмсақ. Біз жүрген әр бір бесінші шақырымда шопанның үйі алдымыздан менмұндалап тұрды.

Кешқұрым көлден 5 шақырым бері қоныс тепкен малшының үйіне қонақтадық. Көлік жолының бітер тұсы да осы болатын. Тау түні тез арада қоюланып, түннің суықтығы да дегбірді қашыра бастады. Сығырайған шамның маңайына топтасып таңертеңмен көлге жаяу баруды жоспарладық.

Таудағы ұйқы тәтті-ақ, таңның тезарада қалай бозарғанын сезбей де қалдық. Шопан малын түгендеп өз бағытына әзірленуде, ал біздің бағыт Ақшоқының етегіндегі айдын көл.

5 шақырым бір белестің бұралаң жолдарымен артта қалды, ал мынау сіз бен біз күткен Көккөл.

Ел ағалары дәстүрден безбей алдымен құран оқып, бата қылды. Артынша көлдің суын құштарлана жұта шөлін қандырды.

Көлдің аумағы ат шаптырым жерді иемденбесе де жүзген жанның қолың талдырарлық ауқымды алып жатыр.

Көл таудың шұңқырында орналасқандықтан оған еш бір өзен атаулысы келіп құймайды, әрі одан еш бір өзен ағып шықпайтыны тағы бар. Мұндайда алдымен тұрып қалған, ішуге жарамсыз су еске оралады. Алайда біз ішкен көл суы ешбір ауыз судан кем түспейтіні, құрамында түрлі минералдардың барынан хабардар етеді.

Көлдің тереңдігін ешкім дөп басып айта алмайды. Бұған Ресейден келген аквалангистердің де көзі жеткен. Неғұрлым төмендеген сайын соғұрлым қараңғылық жұта береді. Оның үстіне аяқ астынан пайда болатын иірім тартып алып кету қаупі тағы бар.

Жалпы көлге қатысты ел арасында түрлі аңыз әңгімелер жетерлік. Біреулер нардың өркешіндей бір дәу су тіршілігін көргенін айтып жатса, бірі жағада су ішкен малды беймәлім мақұлық суға тартып кеткенін баяндап жатады. Оның үстіне жергілікті шопандар көлден тұншыға шыққан ащы дауысты жиі еститіндерін айтады.

С.Парманқұлов өз кітабында А.Печерский бастаған бір топ жас натуралистерінің экспедициясы мамандардың алдына біраз сауалдарды қойғанын және де оны анықтау керектігін алға тартады.

Кез-келген тылсымға ғалымдардың қызығушылығы оянатыны белгілі. Осы салада Оңтүстік Қазақстан геологиялық барлау басқармасының геологы Б. Волчков көп жұмыс атқарды. Ол ұзақ зерттеу нәтижесінде көлдің мұздықтардан және мореналық қабатында пайда болғанын анықтады. Мореналарда шұқанақтар оңай жасалынады екен, тіпті көл түбінде ондай шұқанақтар тұтас канал іспеттес. Геологтар осындай каналды тауып, оның тереңдігін өлшеу мүмкіндігіне ие болды. Бұдан шығар қорытынды: жауын-шашынға, жер астының гидрогеологиялық ерекшеліктеріне байланысты судың біраз бөлігі көл түбіндегі каналдарға сорылып отырылады. Кейде су әлсіз сорылғанда көл үстінде кішкентай-кішкентай шұңқырлар пайда болып, «ысқырық» естіледі. Кейде су қатты сорылғанда «айқайлаған» дауыс жаңғырығып жетеді. Бұндай су қақпалары ештеңеден хабарсыз суға шомылғандарды және көлді кеше су ішкен жан-жануарды түптің түбіне тартып әкетіп отырған. Жер астындағы канал – сифондар көлдің тұрақты деңгейін қалпына келтіріп те тұрады: су бірде  канал арқылы  минералданған күйі сыртқа шығады. Аңыздардағы көл суының емдік қасиеттерге ие екенінің, сосын көл жағасында ашық күндері тұз пайда болатынының бір сыры осында жатыр.

Сапар соңында Меркіге төтесімен жету мақсатында Сандықтас жазығындағы бал бал тастарды тамашалауды ұйғардық. Сағат атамыздың бастамасын бір ауыздан қолдап бабамның көзі болған тас мүсіндерді тамашалап, әлі талай ұрпаққа мол мұра болып қала беретін аспан асты мұражайының құнды жәдігерлерін көріп қайттық.

Жол бойы шежіреміздің жігіт тарқатып, кеше мен бүгінді еске салып, тарих толқынына тербеткен Сағат Алдабергенов ақсақал біздің экспедициямызға Қордайдан арнайы келип қосылған ел ағасы.

Сапар соңында Меркі ауданына қарасты Ақтоған ауылдық округінің әкімі Олжабек Қосубаев пен Қарақыстақ ауылдық округінің әкімі Ораз Тәнекеевке, Жамбыл облыстық Ұлттық банк қызметкері Бауыржанға алғысымызды білдіреміз.

Мәтінін дайындап суретке түсірген Асқар БЕКОВ.

 

Аждаһа туралы аңыз әңгіменің толық әрі қызықты нұсқасын төмендегі сілтемеден оқи аласыздар:

http://dmk.kz/kz/articles/view/32198

http://dmk.kz/kz/articles/view/31681

7
6
7296

Инстаграмдағы қазақ журналистері

Соңғы кезде смартфоны бар қазақстандықтардың басым бөлігі Instagram желісін пайдалануда. Заманауи студенттер, аналар, бизнесмендер, дизайнер, фотограф, журналист, әнші, маркетолог және т.б. мамандық иелері бұл mobile app арқылы суреттерімен бөлісіп, инстаграмсыз күн көре алмайды. Бүгінгі материалда қазақстандық журналистердің инстаграмына шолу жасамақшымыз.

Асхат Садырбай @askhatsadyrbai

"Еларна" арнасындағы "Жарайсың" бағдарламасының жүргізушісі, журналист әрі продюсер Асхат Садырбайдың инстаграмы көбінесе жұмысымен байланысты. Студияға келетін қонақтармен суретке түсу дәстүрге арналған. Сондай-ақ Асхат мырза өзінің телеарнадан бөлек жүргізушілік қызметімен де бөлісіп, жаңа look-тарын көрсетуге үлгеріп қалады.

Өркен Кенжебек @orkeni

"Хабар" телеарнасы бағдарламаларының шеф-редакторы, "Жақсы" порталы құрушыларының бірі әрі редакторы Өркен Кенжебектің инстаграм желісімен қолданып жүргеніне көп болмаса да, нағыз журналист ретінде ол танымдық әрі пайдалы ақпаратпен бөлісіп отыруға тырысады. Саяхаттарында түсіретін әдемі суреттері де көз тартады.

"Қазақстаннан өзі 3 медресенің орны табылды десек, Тараз медресесі соның ең ежелгісі. Қазір осы кешенді мынадай жоспармен қайта жаңғыртып жатыр"

"Егер ең болмаса Еркін Рақышев секілді режиссер болсам, мына жерді локация мамандарына еш көрсетпес едім. Қазақы "Храброе сердцені" түсіруге сұранып тұр.."

Максим Рожин @mrozhin

Максим Рожин "Астана" арнасында жаңалықтар жүргізушісі, "7 арнаның" "Нысана" аналитикалық бағдарламасында журналист болып жұмыс істеген, қазірде APEX Consult компаниясының медиа-директоры, журналистік қызметін де тастамады. Максим сондай-ақ инстаграмдағы керемет фотосуреттерімен танымал. Кәсіби фотограф екені Астананың көркін көркейткен суреттерінен бірден көрінеді.

Бекзат Жүсіп @bekzatzhusip

"Хабар" телеарнасы жаңалықтар қызметінің редактор-дикторы. Батыс өңірінің азаматы Бекзат Ақтау қаласының телеарналарында журналист болып бастап, "Алматы", "Ктк" телеарналарында біраз жұмыс істеген. Қазіргі қызмет орны Астана қаласында.

"Мына кiшкене рекордер микрафон мықты екен. АКШ-тан алдырттық. Ендi мәтiндi студияға шапқыламай, үйде отырып-ақ оқып жiбере беруге болады... Сапасы жоғары..."

Жаннат Бақыт @zhannatbakit

"Ктк" телеарнасы жаңалықтар қызметінің жүргізушісі. Жаннат Бақыттың инстаграмы тек әдемілік пен үйлесімділікке толы сияқты. Көрікті ару, тәтті жанұя әрі сүйікті жұмыс - бәрімен де Жаннат өз көрермендерімен бөлісіп отырады.

Материалды дайындаған: Айжан Кәрібаева

Ұқсас материалдар:

Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері

Instagram: Шетелде оқитын қазақ студенттері

Инстаграмдағы жас аналар

Инстаграмдағы кәсіби фотографтар

Инстаграмдағы қазақстандық модельдер

Инстаграмдағы қазақстандық актерлер

Инстаграмдағы қазақ әншілері

4
2
4347