Инстаграмдағы кәсіби фотографтар

Алия 2013 M07 24
4730
8
10
0

Ал бүгін кәсіби фотографтардың инстаграмында қандай фотолар болатынын тексеріп шығайық.

Соңғы кезде смартфоны бар қазақстандықтардың басым бөлігі Instagram желісін пайдалануда. Заманауи студенттер, аналар, бизнесмендер, дизайнер, журналист, әнші, маркетолог және т.б. мамандық иелері бұл mobile app арқылы суреттерімен бөлісіп, инстаграмсыз күн көре алмайды. Ал бүгін кәсіби фотографтардың инстаграмында қандай фотолар болатынын тексеріп шығайық.


Карла Нұр @karlanur

Мамандығы бойынша жарнама дизайнері Карла Нұрдың Vox Populi сайтындағы таңданарлық әлеуметтік фоторепортаждары интернет оқырмандарын бейжай қалдырған емес. Күнделікті инстаграмында да фотограф әрдайым өткір мәселелерге назар аудартып отыруға тырысады.

Сондай-ақ инстаграмның соңғы жаңаруы - видео түсіруді Карла Нұрдың жақсылап игеріп алғаны көрінеді. Балетке қатысты әдемі серияларын аккаунтына кіріп, тамашалай аласыздар.

Ян Рэй @yan_ray

1986 жылы Ақтау қаласында туылған. 15 жасынан бастап суретке түсірумен шұғылдана бастаған Ян Рэй Лондондағы арнайы колледжде Fashion Photography мамандығы бойынша оқып шыққан. Қазірде Алматыда өзінің Eat Models модельдік агенттігін басқарады. Ян Рэйдің инстаграмында сәйкесінше модельдер, сәнді заттар мен орындар және де сәннің өзі жетіп артады.

Қанат Бейсекеев @beisekeyev

Vox Populi сайтының тағы да бір фотожурналисі. Жас та болса, қазірдің өзінде кәсіби фотографтар қатарына қосылған. Бүгінде Нью-Йорк қаласындағы New York Film Academy-де Фотография курсында шеберлігін шыңдауда. Сол себепті Қанаттың инстаграмы қазірде "армандар қаласының" фотоларына толы.

Юлия Скобелева @julia_sk

Жанрлық портреттер мен арт, ню стилінде өзіндік қайталанбас қолтаңбасын жасаған. Юлияның әрбір суреті - өнер туындысы. Ол тек қана жеке шығармашылығымен емес, көптеген компаниялармен: Kcell, Beeline, InterContinental Almaty, Kinopark, т.б. және жарнамалық агенттіктермен жұмыс істейді. @Julia_sk логинімен фотограф нәзіктік пен әсемдікке толы суреттерін жариялап отырады.

Алексей Демидов @alexeydemidov

аka Глобус. Көбінесе жарнамалық фотографиямен айналысады. Алексей инстаграмында да нағыз кәсіби фотографтар секілді сирек әрі ерекше кадрларды қоюға тырысады. Әйелі Юлия Скобелеваны да ара-тұра кездестіруге болады.

Алексей Романов @sneg_

14 жасынан бастап фотографиямен айналыса бастаған Алексей қазірде танымал той фотографы. "Мен үшін ең бастысы той суреттерінде сіздердің бақытты, жайлы, әдемі болуларыңыз" дейді Алексей. Сәйкесінше фотографтың инстаграмы да бақытты жұптар мен мерекелік көңіл-күйге толы.

Материалды дайындаған: Айжан Кәрібаева

Ұқсас материалдар:

Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері

Instagram: Шетелде оқитын қазақ студенттері

Инстаграмдағы жас аналар

Оцените пост

10

Комментарии

0
Дамир кайда? Ен мыкты инстаграм-фотографы?
0
біз барынша түрлі жанрдағы фотографтарды алуға тырыстық: әлеуметтік, портреттік, жарнамалық, фэшн, т.б. бір-бірін қайталамағанын жөн көрдік, ал @damirski -дің керемет инстаграмын білеміз:)
0
мен де ен бириншиден Дамир туралы ойладым.
0
Дамир қайда?:))
0
:)) сен де қалыспа
Показать комментарии
Дальше