Инстаграмдағы қазақстандық актерлер

Алия September 4, 2013
8293
6
8
0

Бүгінгі материалда қазақстандық актерлердің инстаграмына шолу жасамақшымыз.

Соңғы кезде смартфоны бар қазақстандықтардың басым бөлігі Instagram желісін пайдалануда. Заманауи студенттер, аналар, бизнесмендер, дизайнер, фотограф, журналист, әнші, маркетолог және т.б. мамандық иелері бұл mobile app арқылы суреттерімен бөлісіп, инстаграмсыз күн көре алмайды. Бүгінгі материалда қазақстандық актерлердің инстаграмына шолу жасамақшымыз.

1. Азамат Сатыбалды @azamatc

Қазақстанның бірден-бір танымал актері жайлы сұхбат осыған дейін "Екпінде" жарияланған болатын. Ал өз инстаграмынан Азаматтың әрдайым Астана мен Алматы арасында ұшып жүретінін, қандай жаңа жобаларға, фильмдерге қатысып жатқандығын және де ұлымен уақыт өткізуді жақсы көретін үлгілі әке екендігін білдік. Кейбір суреттер астына жазылатын астарлы сөздерінен актердің өмір жайлы терең философиялық ойларын біліп қаламыз.

Шаш алдыру процесінен

Жаңа рөлге дайындалу

2. Әсел Сағатова @asselsagatova

Актрисалардың арасында танымалдылығы ең жоғары Әсел Сағатова десек, артық айтпас едік. Әселдің инстаграмы да қазақстандық қолданушылар арасындағы ең көп лайктар жинайтын аккаунттардың бірі. Сонымен Әсел Сағатова инстаграмынан әдетте не көреміз? Ең бастысы, Әселдің тынбай жұмыс істейтінін білуге болады. Міне ол Арменияда "Ход конем" атты қазақ-армян киносына түсіп жүр, ал бірде "Бауыржан Момышұлы" фильмінің түсіру алаңында, енді бірде жарнамаға түсіп, жүргізуші болып жүргенін де байқаймыз. Әрине, осыдан кейін жылдың ең табысты актрисаларының басында тұруына таң қалмайсың. Онымен қоса, Әселдің жеке модельдік агенттігі мен мәдени шараларға қатысуға уақыт таба білетіні қуантады.

Режиссер Ақан Сатаевпен бірге "Бауыржан Момышұлы" фильмінің түсірілімдерінен

Ақорданың алдында. "Назарбаев.Live" бағдарламасының түсірілімдерінде.

3. Асылхан Төлепов @assylkhantolepov

"Жаужүрек мың бала" фильмінен кейін бірден танымал болып кеткен жас актер Асылханның инстаграмынан оның кино әлемінде әлі де жетістікке жету үшін үзбей еңбектеніп жатқанын білуге болады. "Сұңқар" фильміне, сериалдарға түсіп, өз махаббаты жайлы жариялауды да шешіпті.

"Сұңқар" фильмінен

4. Қарлығаш Мұхамеджанова @karlygashmuhamejanova

Тағы да бір сұлу актрисалардың қатарындағы Қарлығаш Мұхамеджанованың инстаграмынан оның түрлі түсірілімдерден бас алмайтынын көреміз. Сондай-ақ Қарлығаш саяхаттауға, түрлі мәдени шараларға қатысуға уақыт табады. Өзінің әріптестерімен, жақындарымен суретке түсіп, кішкентай кезіндегі суретін де жариялапты.

5. Аружан Жазылбекова @arujazz

Актриса Аружан Жазылбекованың инстаграмы ашық та, жарқын түстерге бай. Онда Аружанның сүйікті ісі саяхаттау да, күнделікті түсірілім күндері де, "Санжар мен Қайсар" сериалынан үзінділер де бар. Сондай-ақ Аружанның йогамен айналысуды ұнататынын, өзіндік ерекше стилі барын да байқауға болады.

6. Әсел Сәдуақасова @asselsadvakassova

Әрине, қыздар суретке түсуді көбірек жақсы көреді, сол себепті де актерлеріміздің арасында инстаграмын жиі жаңалайтын актрисалар көп. Соның бірі - Әсел Сәдуақасова. Әсел түрлі түсірілім алаңдарындағы қызықтарымен бөлісіп, әдеттегі лифтолуктарымен және инставидеоларымен қуантып отырады.

Түсірілім процесінен

Материалды дайындаған: Айжан Кәрібаева

Ұқсас материалдар:

Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері

Instagram: Шетелде оқитын қазақ студенттері

Инстаграмдағы жас аналар

Инстаграмдағы кәсіби фотографтар

Инстаграмдағы қазақстандық модельдер

Оцените пост

8

Комментарии

0
Сағатованың "Ақорданың алдында. "Назарбаев.Live" бағдарламасының түсірілімдерінде" фотосы мықТ
1
Кыздар класс! Мен бы вдул!
4
Да только кто тебе даст?
0
Алия телебарисова мен Карлыгаш Мухамеджанова бир-бирине сал уксайды екен)
Показать комментарии