Байланыс саласының ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтадық
Игі істерге рұқсаттың керегі жоқ! 10 қазанда біз Алматыда байланыс ардагерлері үшін Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік дастархан жайдық. Біздің компанияда осындай мерекелік шаралар ұйымдастыру игі дәстүрге айналып отыр. Қарттарға қолдау көрсету мақсатында біз жылына екі рет қайырымдылық шарасын ұйымдастырып тұрамыз. Биыл да біздің қызметкерлеріміз ардагерлер үшін мерекелік дастархан дайындады. Байланыс саласының ардагерлері үшін мерекелік концерт және сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Оған қоса, компанияның жетістіктері туралы фильм көрсетілді және компания басшылығының құттықтауымен қоса материалдық сыйлықтар табыс етілді. «Біз бүгін «Қазақтелеком» алғашқы құрылған жылдары еңбек еткен адамдарға құрмет көрсетіп отырмыз. Байланыс саласының тоғыз мыңнан астам ардагері компанияның қа…

