Жаңа
«Менің елім» халықаралық ән фестивалі
Күләш Байсейітова атындағы опера және балет таетрында Шәмші Қалдақов атындағы "Менің елім" халықаралық ән фестивалінің ашылу салтанаты болғалы жатыр.

Көрермендер жиналып жатыр.

Жүргізушілер ортада. Ашылу салтанаты басталды.

Халықаралық ән фестивалінің қатысушылары ортада.

Шәмші Қалдаяқовтың әйеліне гүл беруде.

Қазылар алқасының төрағасы Алтынбек Қоразбаев сөз сөйлеуде. Бүгінгі кешті ашып беріп жатыр.

Қатысушылар жеребе таңдау үстінде.

Алтынай Жорабаева Өмір-өзен әнін шырқауда.

Алматының экологиялық жағдайы туралы
Алматы қаласы еліміздегі ең ірі мегаполис болып табылады. Қазіргі танда Алматы еліміздің экономика, қаржы, мәдени және білім беру орталығы екені бәрімізге мәлім. Мегаполистің дамуы мен әлеуметтiк-экономикалық тұрғыда тұрақты iлгерi жылжуы, республикалық бюджеттiң төрттен бiр бөлiгiн қамтамасыз етуi осының айқын белгісі. Сондай-ақ өндірістің өсуі, экономиканың дамуы мен халықтың әл-ауқатының жақсаруы қоршаған орта мен экологияға кері әсерін тигізуде. Ауаны ластаушы стационарлы, қозғалмалы көздердің жылдан-жылға артуына байланысты қала атмосферасының ластану деңгейі халықтың денсаулығына кері әсерін тигізіп отырғаны аса маңызды экологиялық проблемаға айналып отыр. Осы жағдайды ұшықтыруға қомақты үлес қосып жатқан қаламыздағы арлы-бері ағылған көлік екені де барлығымызға белгілі. Соңғы мәлім…
Бас Прокурордың орынбасары Жақып Асановтың Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте сөйлеген сөзінің мәтіні
Кешенді ақпараттық-насихаттау тобы Семей гарнизонында
Шығыс өңірлік қолбасшылығының Үшарал, Аягөз, Өскемен гарнизондарында жұмыс істеген Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Кешенді ақпараттық-насихаттау тобы Семей қаласына келіп жетті. Мұнда ақпараттық-насихаттау тобы гарнизон әскери қызметшілерінің тұрмыс –тіршілігімен, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясаты атты жолдауында айқындалған міндеттерді орындау барысымен танысты. Семей қаласының жергілікті атқарушы органдаымен байланыс жасап, жергілікті жерде жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселелерін талқылады. Топ жетекшісі ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары Мұхамеджан Таласов Семейдегі № 40 мектептің базасында орналасқан алғашқы әскери даярлық орталығында болып Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу мақс…
Болат Тыныбеков: «Менің аспабым — виолончельдің тамыры қобыздан тарайды»
Айжан Кәрібаева журналист Бүгінгі кейіпкеріміз Күләш Байсейітова атындағы мектеп музыкасының сахнасынан бастап, Ұлыбританиядағы Альберт-холлға дейін көптеген әлемдік сахналарда өнер көрсеткен, Лондондағы "Royal College of Music" жоғарғы оқу орнының түлегі, виолончель аспабының шебер орындаушысы, музыкант — Болат Тыныбеков. Тыныбековтер әулеті қазірде шетелдерде өздерінің әйгілі дуэтімен танымал. Бір туған ағалы-қарындас Ботагөз (скрипка) бен Болат қазақ әуендерін де классикалық аспаптарға салып, әлемге қазақ музыкасын насихаттайды. Бүгінде Болат Тыныбековпен тек музыка жайлы емес, жалпы әлемдегі Қазақстанның орнын, тіл мәселесі мен бізге алға жүруге не жетіспейтіні жайлы әңгіме тарқаттық. - Болат, сәлеметсіз бе! Біздің журналға сұхбат беруге уақыт тауып келгеніңізге рахмет. Біраз өзіңіз ж…
Бокстан Әлем чемпионатында алғашқы қазақстандық боксшы жарыс жолынан шығып қалды
Әлем чемпионатының кешкі сессиясында 91 келі салмақ дәрежесіндегі Қазақстанның өкілі Антон Пинчук Өзбекстан боксшысы Рустам Тулагановқа қарсы жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
Кездесу қорытындысы бойынша өзбек спортшысы жеңімпаз атанып, ширек финал жолдамасын қанжығасына байлады.
Бұған дейін ширек финалдық жолдамаға Қазақстан намысын қорғайтын төрт боксшы — Біржан Жақыпов (49 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) және Мерей Ақшалов (64 кг) ие болған еді.
Мерей Ақшалов Әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды
Алматыда өтіп жатқан бокстан Әлем чемпонатында 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Мерей Ақшалов Доминикан Республикасының боксшысы Карлос Адамспен қолғап түйістірді, деп хабарлайды Sports.kz.
Кездесу соңында барлық төрешілер бірауыздан Мерейдің мерейі үстем болды деп тапты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан намысын қорғайтын үш боксшымыз ширек финалдық жолдаманы жеңіп алған болатын. Олар — Біржан Жақыпов (49 кг), Қайрат Ералиев (56 кг) және Жәнібек Әлімханұлы (75 кг).
Польшадағы Әлем чемпионатының алғашқы алтынын қытайлық жеңіп алды
Ауыр атлетикадан Польшаның Врочлау қаласында 59 елдің 317 спортшысы қатысқан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні кеше әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақтағы медальдар топтамасы сарапқа салынды. Онда ел намысын қорғаған Галина Момотова жұлқа көтеруде — 70, серпе көтеруде — 88 келіні бағындырып 115 келі салмақпен 13-орынды қанағат тұтты. Ал қытайлық Тянь Яюнь 199 келімен (115+84 кг) Әлем чемпионы, кореялық Лян Чхун Хва 186 келімен (81+105) күміс, мексикалық Каролина Валенсиа Эрнандес 158 келімен (70+88) қола жүлдегер атанды. Бүгін әйелдер арасында 53 келідегі, ал ерлер арасында 56 келідегі жеңімпаздар анықталады. Бұл сайыста ел үміті Маргарита Елисееваға және Арли Чонтей мен Тимур Хасаровқа артылып отыр. Ал ертең әйелдер арасындағы додада 58 кг, ерлер арасында 62 кг сал…
«Марокко» раллиінің қорытындысы бойынша Astana Dakar командасы үздік ондыққа енді
Президенттік клубтың мүшесі «Астана» командасы беделді халықаралық «Марокко» раллиіндегі жарысын тоқтатты.
Жарыс осы елдің аумағында 13-19 қазан аралығында өткен болатын. Қатысушыларға жалпы ұзындығы екі мың шақырымнан асатын аса күрделі жолдан өтуге тура келді. Astana Dakar командасына тиесілі үш жеңіл экипаж құрамының екеуі үздік ондыққа кірді.
HiLux Overdrive автокөлігімен Т1 санаты бойынша жарысқа қатысқан Айдын Рахымбаев/Константин Жильцов және Бауыржан Исабаев/Габдолла Әшімов экипажы бәсеке қорытындысы бойынша 6 және 8 орындарды иеленді. Ал Nissan Patrol автокөлігіндегі олардың әріптестері Денис Березовский/Игнат Фалковтар турнирдің 44 орынын қанағат тұтты.



