Мазмұнға өту

Жаңа

«Марокко» раллиінің қорытындысы бойынша Astana Dakar командасы үздік ондыққа енді

Astana Dakar командасы

Президенттік клубтың мүшесі «Астана» командасы беделді халықаралық «Марокко» раллиіндегі жарысын тоқтатты.

Жарыс осы елдің аумағында 13-19 қазан аралығында өткен болатын. Қатысушыларға жалпы ұзындығы екі мың шақырымнан асатын аса күрделі жолдан өтуге тура келді. Astana Dakar командасына тиесілі үш жеңіл экипаж құрамының екеуі үздік ондыққа кірді.

HiLux Overdrive автокөлігімен Т1 санаты бойынша жарысқа қатысқан Айдын Рахымбаев/Константин Жильцов және Бауыржан Исабаев/Габдолла Әшімов экипажы бәсеке қорытындысы бойынша 6 және 8 орындарды иеленді. Ал Nissan Patrol автокөлігіндегі олардың әріптестері Денис Березовский/Игнат Фалковтар турнирдің 44 орынын қанағат тұтты.

0
0
279

Легионер спортшылардың Қазақстанға медальдан басқа пайдалары да шаш етектен — Е. Қожағапанов

Легионер спортшылардың Қазақстанға медальдан басқа пайдалары да шаш етектен. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі дене шынықтыру мен спортты дамыту тақырыбына арналған Үкімет сағатында депутаттар сауалына жауап берген Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов мәлім етті. Тоқтала кететін жайт, жиын барысында депутат Майра Айсина еліміздегі спорт клубтарына шақырылатын легионерлер мәселесін көтерген болатын. «Шетелдік спортшыларды елге шақырып, оларға қыруар қаражат шығындау көпшілік арасында наразылық тудырмай қоймайды. Бұлардың ел спортындағы рөлі қандай? Ондай мәселені реттеу үшін қандай шаралар қабылдануда?» — деп сұраған болатын М. Айсина. Өз кезегінде Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов шетелден легионер шақыру ел спортындағы үлкен тәжіриб…

0
0
454

Қазақстан Қорғаныс министрлігі Қорғаныс мәселелері және әскери қызмет жөніндегі заңдарға өзгерістер енгізеді

ҚР Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының қорғаныс мәселелері және әскери қызмет жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеуді бастады.

   

Аталған заң жобасын әзірлеу қорғаныс және әскери қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларға құқықтық мониторинг жүргізу барысында анықталған қарама-қайшылықтарды жоюдың қажеттігінен туындап отыр.

   

Қазіргі уақытта құрамына мүдделі мемлекеттік органдар мен ғылыми мекемелердің өкілдері кіретін заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылуда.

   

Заң жобасын жұмыс тобында қарап болғаннан кейін одан әрі талқылау үшін Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыра отырып, мемлекеттік органдарға келісуге жолдау жоспарланып отыр.

   

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
366

Ғашықтар, махаббат вальсы

Өлең авторы -- Айгүл Сағымбайқызы

Бұл өмірде шіркін ай,
Кездеспесем өзіңе.
Түсер ме едім ойланбай,
Мен, ляззаттің ізіне.

Бақыт деген, осы екен,
Сұлу екен, бар әлем.
Сол әлемде, шын екен,
Махаббаттан мың сәлем.

Шыр көбелек, айналдық,
Махаббаттың вальсында.
Мәңгілік, ағашын біз салдық,
Болайық деп соның қасында.

0
1
530

Ағайын, жолдас, жоралар

Өлең авторы - Айгүл Сағымбайқызы

Ағайын, жолдас, жорада,
Сыйластық болмаса, не пайда?
Бар болса шіркін көре алмай,
Жоқ болса ешті бере алмай.

Бір -- бірін күндеп сол жағдай,
Әрдайым сынақсыз жүре алмай.
Той түгілі, жерлеуге,
Дүрліксіз, мүлдем келе алмай.

Көз тоймас, жалған өмірде,
Байлықта қалар, бір күнде.
Сыйластық, иман жүректе,
Мәңгілік, сол бір тілекте.

0
1
644

Құлшылық ету Алла «Қамшының бір сабындай»

Өлең авторы -- Айгүл Сағымбайқызы

Қамшының бір сабындай,
Қысқа мынау өмірде.
Құлшылық жаса аянбай,
Сақтап жүр соны көңілде.

Ешкім әлі жетпеген,
Байлықтың мынау түбіне.
Алла, тәубе деп жүрген,
Жақсылықтың жетер көзіне.

Екі өмірдің мейрімі,
Алладан деп білемін.
Берекенің тұжырымы,
Тәубеде деп келемін.

Өмір сағаты зырылдап,
Тоқтар ол да бір күні.
Ұрпақ қалар бір жылап,
Болар деп күннің бір жөні.

0
1
625

Сүйіктімен қоштасу «Аяулым, менің жан құтым»

Өлең авторы - Айгүл Сағымбайқызы

Аяулым, менің жан құтым,
Жарқ еткен, таңғы жұлдызым.
Неліктен, қолға қонбайсың,
Көп күткен менің, бақ құсым.

Басқа жанды аяладың,
Жақтың ұя отын сен.
Ұмытылмас дақты салдың,
Қала бердім жылап мен.

Берейін саған тілегімді,
Не дермін енді, мен саған.
Сүйген адам кешірімді,
Хош бол енді, хош «Арман».

0
1
1610

Ана қасиеті «Ренжітіп алдым Анамды»

Өлең авторы - Айгүл Сағымбайқызы

Ренжітіп алдым анамды,
Өмірде болған панамды.
Кешіре гөр деп жалындым,
Күнәкәр болған балаңды.

Анаңнан ерте айрылып,
Жетімдік өтті басыңнан.
Кетпеді бейнет ілесіп,
Жалғыздық көрдің жасыңнан.

Жетелеп мені жеткіздің,
Түнгі ұйқыңды мың бөліп.
Өміріңді жылауыңмен өткіздің,
Бір өртеніп, бір сөніп.

Кешіре гөр анашым,
Кәрілік келер басыма.
Тілегім өзің, бар шыным,
Жүре бер мәңгі алдымда.

0
1
750

Отбасы тағдыры «Ойланып мынау өмірге»

Өлең авторы - Айгүл Сағымбайқызы

Ойланып мынау өмірге,
Терең ойға батарсың.
Тізбек өткен күндерге,
Бір күні сынақ саларсың.

Сүйем деген сөзіңді,
Көп болды жаным айтпадың.
Кешегі болған бақыттың,
Ізін бүгін таппадым.

Жауап күтіп өзіңнен,
Таңды жалғыз атырдым.
Салқын мынау көзіңнен,
Маған сағым қалдырдың.

Кете бердің алыстап,
Ізіңе бір қаратып.
Жылап тұрған жүрегім,
Сен деп жазар тіл қатып.

0
1
492

Түсінбедім (Қоштасу, қыз бен жігіттің)

Өлең авторы -- Айгүл Сағымбайқызы

Түсінбедім, шіркін ай, түсінбедім
Тағдыр сезім, түсім бе, өңімбе едің
Қу талқанын шығарып, бар сезімнің
Мазақ қылып, сен мені, кете бердің

Шыдай алмай, булықтым, көз жасыма
Бар тілегім, оралсаң сен қасыма
Бір тал гүлді ұстаттың, сен қолыма
«Бөгет болма», деп зіркідің, «Сен жолыма»

Осылайма еді мен тағдырдан сұрағаным
Сен едің ғой, сенерім де, жалғыз бағым
Кімге сенем, қайда барам, о «Жалғаным»
Қалғаның ба, мәңгі болып, маған «Сағым»

0
1
1313