Мазмұнға өту

Жаңа

Бүгін бокстан Әлем чемпионатының жартылай финалдық ойындары өтеді

Біржан Жақыпов

Бүгін Алматыда өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатының жартылай финалдық ойындары өтеді.

Онда күндізгі сессияда Біржан Жақыпов (49 кг) кубалық Иосбани Вейтиа Сотомен, Қайрат Ералиев (56 кг) әзірбайжандық Жавид Шалабиевпен, Мерей Ақшалов (64 кг) бразилиялық Евестон Лопеспен, Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) итальяндық Клементе Руссомен күш сынасады.

Кешке Берік Әбдірахманов (60 кг) кубалық Лазаро Естрадамен, Данияр Елеусінов (69 кг) германиялық Аражик Марутжанмен, Әділбек Ниязымбетов (81 кг) өзбекстандық Ойбек Мамазулуновпен, Иван Дычко (+91 кг) германиялық Ерик Пфеифермен ақтық сынның жолдамасына таласпақ.

Егер қазақстандықтар бұл сында басым түссе, Біржан ертең Давид Родригуез бен Мохамед Флисси жұбының, Қайрат Микола Бутсенко мен Владимир Никитин жұбының, Мерей Васниер Лопез бен Мунх-Ердене Ураншимег жұбының, Жәнібек Артем Чевотарев пен Жасон Куиглей жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ал Берік Доменико Валентино мен Робсон Консейкао жұбының, Данияр Габриел Маестре мен Ариснойдис Деспайгне жұбының, Иван Магомедрасул Меджитов пен Роберто Камарелле жұбының үздігімен Әлем чемпионы атағын сарапқа салуға мүмкіндік алады.

АЛМАТЫ.  ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
 
0
0
436

Польшадағы Әлем чемпионатында азиялық ауыр атлеттер көш бастауда


Карина Горичева

Ауыр атлетикадан Польшаның Врочлау қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында азиялықтар алда келеді. Атап айтқанда 3 алтын, 1 күміспен Қытай бірінші, 1 алтын, 2 күміспен Корея Халықтық-Демократиялық Республикасы екінші, 1 алтынмен Тайвань үшінші орында келе жатыр. Бір-бір күміс бар Әзірбайжан мен Эквадор төртініш орынды, ал бір-бір қоласы бар Вьетнам, Колумбия, Мексика, Ресей жәнен Тайланд құрамалары 6-орынды өзара бөлісуде.

Атап айтқанда, ерлер арасында корейлік Ом Юн Чхоль (56 кг) мен қытайлық Ли Юн Чен (62 кг), әйелдер арасында қытайлық Тянь Юань (48 кг) мен Ли Яцзюнь (53 кг), тайваньдық Куо Син Чунь (58 кг) өз елінің әнұранын шырқатты.

Бүгін енді әйелдер арасында 63 келідегі, ерлер арасында 69 келідегі жеңімпаздар анықталады. Бұл сайыста ел намысын Сәуле Сәдуақасова (63 кг) мен Альберт Линдер (69 кг) қорғайды. Ал ертең бұл мәртебеге Жазира Жаппарқұл, Гүлназ Наурызова,  Анастасия Халикова (69 кг), сенбіде Алмас Өтешов пен Владимир Седов   (94 кг), Мария Грабовецкая (+ 75 кг), жексенбіде Сергей Истомин, Ескендір Момынбеков (105 кг), Зелимхан Абубакаров (+105 кг) ие болмақ.

АЛМАТЫ.  ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
 
0
0
427

105 гол соққан қақпашы-сұрмерген


Футбол тарихында ең көп гол салған қақпашы - Рожерио Сени.

Спортта қаншама қызықтар бар, әсіресе футбол тарихында қандай қызықты жағдайлар болды десеңізші. Мынандай атауды естіп көріп пе едіңіз? Қақпашы-сұрмерген. Біреуіңіз біліп, біреуің білмейтінде шығарсыздар. Футбол тарихында ең көп гол салған қақпашы — Рожерио Сени.

«Аламанның» жазуынша, Сенидің еншісінде шамамен 105 гол бар. Бразилиялық «Сан-Паулудың» қақпашысы көбінесе айып добы мен пенальти тебу арқылы еншісіне осыншама голды жазған. Рожерио ардагер ойыншы болғанмен қатар рекордшы қақпашы ретінде тарихта қалмақшы.

Рожерио Сени 1973 жылы 22 қаңтар күні Бразилияның Парана штатында дүниеге келген. Жастайынан футболға қызыққан жас өрен 14 жасында Пату-Бранку ауданындағы «Синоп» клубының жастар құрамына енеді. Кейін 1992 жылы «Сан-Паулудың» құрамына енгеннен кейін қосалқы құрамда жүре тұрды. Қосалқы құрамда жас ойыншының бірі болды.

Сол кездегі команданың негізгі қақпашысы Дзетти, Рожерионың айып добын жақсы тепкенін көріп «неге ресми ойындарда осы әрекетіңді көрсетпейсің, бұл ісің жаман болмас еді» деген талап қояды. Міне осыдан кейін Сени ресми кездесулерде осы әрекетті қайталап көзге түседі. Бірақ жаттығу кезінде бұл ісіне жаттықтырушылар бас шайқап, «есіңнен айырылғансыңба?», «Құдай сақтасын, бұл қақпашының ісі емес» деген сөздерді жиі айтатын, бірақ Рожерио бұл сөздерге бас ауыртпай сол баяғы әдетімен кете берді.

Біраз жыл өткеннен кейін Сени «Сан-Паулудың» негізгі қақпашысы атанып, сол баяғы әдетімен керек кезде гол салып, әлем тарихында «адам сенгісіз қақпашы» деген атпен рекордтар кітабына енеді. 1997-2008 жылдар аралығында Рожерио Сени 46 рет қарсылас қақпасын айып соққысынан дәл көздеген. Ал 33 рет он бір метрлік айып алаңынан мүлт қайтпаған. Барлығы 79 гол, қай қақпашының қолынан келген, қақпашы былай тұрсын мықты ойыншылардың қолынан келмеген нәтиже. Ал бұл осы күнгі батырымыздың әлемдегі сөзсіз ең мықты қақпашы-сұрмерген екендігі.

Сенидің бір сөзінде бұрынғы командаласы Дзеттиге былай «Мен футболдан кетпейінше, әлі де гол салам және Дзетти саған міндетті түрде салмай қоймаймын», -деген. Дегенмен Дзетти 2001 карьерасын аяқтайды. Осылайша Рожерионың арманы орындалмай қалады. Сан Паулудың 2005 жылғы жеңіп алған Либертадорес Кубогі мен клубтық әлем Чемпионаты бекер келген жоқ. Осы Сенидің арқасында келді десе де болады. Сол маусымда Рожерио қарсылас қақпасын дәл көздеген, қараңыздар, … 21 рет! ҚАҚПАШЫ! Адам нанғысыз жаңалық болды. Сени көптеген рекордтар орнатқан, Рожериодан басқа да қақпашы сұрмергендер болды олар: парагвайлық Хосе Луис Чилверт, немiс Ханс-Йорг Бутт, болгарлық Димитар Иванков, мексикалық Хорхе Кампасо сындылар. Бірақ бразилиялықтың бұлардан мерейі үстемірек.

Рожерио 2005 жылдың 28 шілдесінде Атлетико Паранаэнсе клубына қарсы кездесуде ерекше нөмірмен шығады. Ол кез Сенидің Сан Паулу сапындағы 618 ойыны болатын және командадағы ең көп ойын өткізген.

 
0
0
352

Австралиялық спортшы жер шарын 622 күнде жүгіріп айналып өтті

Австралиялық спортшы Том Деннисс

Австралиялық спортшы Том Деннисс жер шарын 622 күнде жүгіріп айналып өтті. Спортшы күніне 42 шақырымнан астам қашықтықты бағындырып отырған.

2011 жылдың 31 желтоқсанында Австралияның астанасы Сидней қаласынан жүгіріп шыққан спортшы алдымен Жаңа Зеландияға жетті. Одан соң Солтүстік пен Оңтүстік Американы, сондай-ақ Еуропа мен Азияның батысынан шығысына дейін жүгіріп өтіп, Австралияның батысына келеді. Сөйтіп елдің оңтүстік жағалауымен жүгіріп үйіне оралды. Том Деннисс бағындырған қашықтықтың жалпы ұзындығы — 26232 шақырым.

Том Деннисс әлемдік рекорд бойынша жер шарын ең тез айналып шыққан адам ретінде тарихта қалды. Ал спортшы жұртшылықпен жүздесуінде, әлемнің оған бұрынғыдай үлкен көрінбейтінін айтқан. Бұл туралы Segodnya.ua сілтеме жасап egemen.kz хабарлады.

 
0
0
389

БОКС: Әділбек Ниязымбетов — жартылай финалда

Әділбек Ниязымбетов

Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов біздің құрама сапындағы жартылай финалға өткен кезекті боксшы атанды, деп хабарлады sports.kz.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әділбек 1/2 финалға шығу үшін үнді боксшысы Сумит Сангванмен кім мықтыны анықтаған.

Кездесу қорытындысында қазақстандық спортшының мерейі үстем болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін жартылай финал жолдамасына Біржан Жақыпов (49 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Данияр Елеусінов (69 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) және Иван Дычко (91 кг) ие болған еді.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
333

Хоккей: «Барыс» хоккей клубы «Амурдан» басым түсті

Николай Антропов

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Амур» (Ресей, Хабаровск) командасынан басым түсті.

Бұл матчта «Барыс» есепті бірінші болып ашты. Николай Антропов биылғы чемпионатта өзінің алғашқы шайбасын салып, команданы алға шығарды. Есеп — 1:0. Осыдан кейін «Амур» таразы басын теңестіріп қана қоймай, екінші кезеңде есеп айырмасын 1:3-ке дейін жеткізді. Алайда үшінші кезеңде «Барыс» өз шабуылдарын үдетіп, шайбаларды қарша боратты. Брэндон Боченски таразы басын бір шайбаға қысқартса, Талғат Жайлауов есепті теңестірді. Ал үш минут өтпей, Николай Антропов екінші шайбасын салып, дубльдың авторы атанды. Қорытынды есеп — 4:3.

Осы ойыннан кейін «Барыс» тағы үш ұпайға қол жеткізіп, 46 ұпаймен жалпытурнирлік кестенің бірінші орнына шықты.

     
АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
 
0
0
290

«Астана Опера» серіктестік жөнінде меморандумға қол қойды

«Астана Опера» МОБТ 22 қазанда «Опера Европа» (Ұлыбритания)халықаралық опералық қауымдастығы – директорыНиколас Пэйнмен және сегіз әлемдік театрлар: Опера (ОАР)–басқарушы директорыРоберт Уильямс, ШанхайдыңҮлкен Театры (Қытай) – арт директорыШиджинКсиан,Лирикалық Опера (Сингапур)–төрағасы Вэн Чон То, Қоғамдық Театр (Италия) - президенті Барбара Мингетти, Де ля Рошакадемиясы(Франция) –бас директоры Жанетт Астер, Операжәне Балет Ұлттық Театры(Болгария) - бас директорыПламенКарталов, ATER (Италия)- директоры Эмилия Романья, Палиашвилиат. Грузияның операжәне балет театры (Грузия) – әртістер жөніндегі директорыДжорджио Джорданимен серіктестік жөнінде меморандумға қол қойды, бұған дейін Рим операсымен де меморандумға қол қойылған. Әлемнің жетекші опералық театры «Ковент-Гарденмен» алдын ала келісім жүргізілгенін де айта кету керек.

Шетелдік серіктестермен ынтымақтастық мамандарымызбен, әртістерімізбен, орындаушылар ұжымымен екі жақты тәжірибе алмасуда және балет, опера және симфониялық өнер аясындағы аса маңызды оқиғалар, сондай-ақ театрлардың музыкалық және театрлық өмірлері жайлы ақпарат алмасуда үлкен серпін береді.

«Астана Опера» МОБТдиректорыТөлеген Мұхамеджанов, «Халықаралық арена өкілдерінің бізбен бірігіп жұмыс істеуге тілек білдіргені біз үшін үлкен мәртебе. Осылайша біз әлемге есігімізді ашамыз. Ірі театр өкілдері еліміздің бас театрының мүмкіндіктері қаншалықты көп қырлы екенін көрді және бізге үлкен қызығушылық танытты»деді.

«Астана Опера» серіктестері екі жақтың жан-жақты ынтымақтастығы достық байланыстың тиімді дамып, нығаюына, балет, опера және симфониялық өнер аясында, театрлық-қойылымдық қызметте мәдени тәжірибе алмасуға, солисттер мен шығармашылық ұжымдар арасында гастрольдер ұйымдастыруға себепші болатынына сенімді.

«Астана Опера» театры мүшесі болып келетін «Опера Европа» (Ұлыбритания) халықаралық опералық қауымдастығының директоры Николас Пэйн театрымызбен алда атқарылатын жұмыстар және жоспарлар жайлы айтып берді.

«Мен «Опера Европа» атты ұйымымның атынан келіп отырмын. Бұл жерде, «Астана Операда» театрға барынша қолдау көрсетуге келдім. Әр театрдың орны бөлек. Біздің ұйымымызға 135театр мүше және олардың әрқайсысының өз сұранысы бар. Ал «Астана Операға» келетін болсақ, менің ойымша, театр Еуропаның басқа да елдерімен серіктестік құруды мақсат етіп отыр, осы тұрғыда біз көмектесе аламыз. Мүмкін біріккен қойылымдар болады немесе сарапшы кәсіпқойлар осында келеді, бәлкім «Астана Опера» театрының директоры немесе өзге өкілдері конференциямыздың біріне келіп қатысса, басқа опералық театрлардың адамдарымен кездесе алады. Бұл ақпарат пен тәжірибе алмастырып, серіктестікке жол ашатын керемет мүмкіндік», - дейді Николас Пэйн.

Болашақта «Астана Опера» театрының басшылығы өзге де әлемдік театрлармен серіктестікті кеңейтуді жоспарлап отыр.

0
0
637

Жетімдер

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Шын болса Ата-ана панасы

Адаспас, еді ғой баласы

Ұстамас еді ғой жағасын

Тастамас еді ғой баласын

 

Іңгәләп жылаған баласын

Қыспады, кеудеге анасы

Өмірде болатын, панасын

Болатын, өзіне жалғасын

 

Сол беттен, жетімдер үйіне

Баласын апарып тастады

Жылаған күмәнді, сезімде

Кетті де, мында аяқ баспады

 

Қызметте биікке самғады

Байлықта жинады, бағаны

Сорлы Ана, бір тыным таппады

Бәрібір, бақытты болмады

 

Сәбисіз өмірдің, жоқ сәні

Болмады байлықтың бір мәні

Тастады бір күнде, бәрінде

Ойланғың, жасыңда, кәріңде

 

Бәріміз жалғанда, пендеміз

Бір жалғыз, Аллаға сенеміз

Күнәнің, ауырын білеміз

Сонда да, адасып жүреміз

 

Болмаушы еды ғой Қазақта

Бұл сұмдық, Ата-ана, Бабада

Қалдық қой, біз онда мазақта

Көбейді, тастамды балада

0
1
699

Мүмкін Ақтауға осындайды қажетке жарату керек?

В окрестностях Лондона скоро установят дома-контейнеры. Целью данного проекта является помощь малоимущим молодым семьям улучшить жилищные условия. Проект довольно оригинален. Обыкновенные грузовые контейнеры закупаются в Китае, а в Великобритании им придают жилой вид - их декорируют, оснащают санитарным узлом и меблировкой, вплоть до кондиционеров и телевизоров. Недельная арендная ставка за проживание в таком доме-контейнере по меркам британской столицы очень даже невысокая - всего 75 фунтов стерлингов, или 18615 тенге. Может у нас стоит применить подобную практику? Не знаю статистику, сколько на данный момент человек в Актау испытывают трудности или опаздывают с выплатами за аренду и за погашение ипотечных кредитов, а также ждут и никак не дождутся социального жилья, но уверен их не сотни, их тысячи! Бюджетники, военные, выпускники детдомов, оралманы, да и просто молодые семьи и др. Хотя бы так, домами-контейнерами поможет государство? Казахам не привыкать жить в тесноте, в былые времена и стар и млад одной большой семьей жили в одной юрте.

https://www.facebook.com/profile.php?id=100001104890593

0
0
448