1937: Еске алу алаңы / Жоқтау
Алматы, 24 қазан 2013 ж. –Ілияс Жансүгүров Қоғамдық Қоры және Nedelka Project, Ә.Кастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы, Алматы қаласы әкімдігі, Сорос-Қазақстан Қоры, «Астана-Моторс», «Raimbek Group» қазақстандық компанияларның және Қазақстан Баспасөз Клубының ақпараттық қолдауымен «1937: Еске алу алаңы / Жоқтау» арт-жобасын ұсынады.
Арт-жобаның мақсаты – әр түрлі жастағы суретшілердің шығармалары арқылы қуғын-сүргін табиғатын, оның тереңдігін және қазіргі қоғамға әсерін түсіну.
Жоба заманауи авторлардың шығармашылық көрмесі, каталог шығару, тарихшылар және қоғам қайраткерлерімен бірнеше тақырыптық кештер өткізуді жоспарлайды. Кескіндеме мәнінде, фото, бейне, арт-инсталляцияда орындалған шығармалар ұмыттырмау, қайта болдырмау мақсатында бір кеңістікке жинастырылды.
«ХХ ғасырда қоғамның басынан өткен қуғын-сүргіннің зардабы мен көлемі – көптеген азаматтардың санасында, әсіресе жастар үшін аз зерттелген тақырып болып табылады. Өкінішке орай, тіпті кейбіреулер бұл тарих бетінен мүлдем бейхабар», - дейдіАжар Жандосова (Ілияс Жансүгүров Қоры) арт-жобаны ұйымдастырушы.
Осы ретте Тимур Нүсімбеков (Nedelka Project): «Күнәсіз жапа шеккен және қайтыс болған миллиондаған адамдарды еске алу – қасіретті болдырмаудың алғышарттарының және біздің бірлігімізді қалыптастырудың бірден бір жолы», - дейді.
«Саяси қуғын-сүргін адам құқықтарын бұзудың ең ауыр түрлерінің бірі болып табылады. Осындай қиын - қыстау кезеңде ұлт өзінің біртуар, зиялы ұл-қыздарын жоғалтты. Мыңдаған адамдар тағдыр тәлкегіне ұшырап, балалар ата-аналарынсыз қалды. Бүгінде өткенге уақыт биігінен қарауға және осы уақиғаға саяси-құқықтық баға беруге мүмкіндік туған біз үшін саяси қуғын-сүргін құрбандарын ұмытпау біздің адами және азаматтық парызымыз болып табылады», - дейді Сорос-Қазақстан Қорының Басқарма төрағасы Антон Артемьев.
Жобаға жас суретшілермен қатар, танымал суретшілер Асқар Есдәулет, Шоқан Төлеш, Георгий Трякин-Бухаров, Сауле Сүлейменова, Қуаныш Базарғалиев, Зитта Султанбаева, Рашид Нүрикеев, Ғалым Маданов және фотограф Валерий Қалиев пен Александр Угайқатысады.
Жобаны дайындау кезінде, авторлар мұрағатпен, туған-туыстарының естеліктерімен, осы тақырыпты зерттеген ғалымдармен, көркем әдебиетпен, көпшілікке арналған шығармалармен және фото, бейне материалдарымен, көркем фильмдермен жұмыс істеді. Бір топ авторлар Алматы, Қарағанды облыстарындағы Мемлекеттік лагерьлерге барып, жоба үшін арнайы фильм және фотосуреттер түсірді. Шығармаларда қуғын-сүргін әртүрлі қырынан: жаппай тұтқынға алу, зиялы қауымды жою, халықтарды жер аудару, сатқындық, лаңкестік және 1930 жылдардағы үрей, «халық жауларының» отбасы мүшелерінің тағдырлары көрсетілді. Көрмеге қойылған барлық жұмыстарда авторлардың осы тақырыпқа деген көзқарастары айқын көрінеді. Көптеген суретшілер жұмыстарында өз бастарынан кешкен оқиғаларды негізге алады.
Көрме 25 қазаннан 14 қараша аралығында Ә.Кастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайда (Алматы қаласы, Сатпаев көщесі,30а) өтеді.
Көрменің ресми ашылуы 2013 жылы 24 қазанда сағат 17-00-ден 20-00-ге дейін болады. Барлықтарыңызды көрмеге және еске алу кітабына өз пікіріңізді жазып қалдыруға шақырамыз.
Қосымша ақпарат үшін Ажар Жандосоваға 8 777 213 0560 телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.
