4 апреля в 21.30 на телеканале Хабар начнется показ нового телешоу «Жұлдызды дода. Звездные войны».
«Жұлдызды дода. Звездные войны» - необычная телевизионная сценическая площадка, на которой звезды не просто выступают – они соревнуются. Это поединок двух команд – мужской и женской сборной. Каждую неделю участники проекта перевоплощаются в звёзд отечественной и зарубежной эстрады, перенимают оригинальный стиль своих прототипов - от внешности и манеры исполнения до тембра голоса. В этом казахстанским исполнителям помогают опытные специалисты по вокалу, актерскому и сценическому мастерству, а также за преображение отвечают приглашенные мастера из России, Украины, Латвии.
«Мы впервые делаем проект того масштаба на телевидении. Этот проект сложно-постановочный, то есть под каждый номер мы придумываем специальные постановки с балетом, используем сложные реквизиты. «Звездные войны» - противостояние полов, борьба между женской и мужской сборной артистов» - подчеркнула Программный директор Агентства «Хабар» Сандугаш Рахимжанова.
Команды соревнуются между собой в каждой программе, и в финале по результатам суммарных баллов будут определены сильнейшие. В соревновании примут участие десять известных казахстанских исполнителей:
Жанна Орынбасарова
Рустем Нуржигит
Жанар Дугалова
Акжол Меирбеков
Ерке Есмахан
Сундет Байгожин
Луина
Кентал
Асель Садвакасова
Адам
Оценивать участников будут члены компетентного жюри, в составе которого Нурлан Абдуллин, Сакен Майгазиев, Алмат Сагатов и другие и постоянным членом жюри является заслуженная артистка РК, профессор, певица Толкын Забирова. В качестве ведущих приглашены Баян Есентаева и Арман Дүйсенов.
Телешоу «Жұлдызды дода. Звездные войны» обещает быть зрелищным и стать для зрителей праздником музыки и отличным началом выходных.
Телеканал «Хабар» также предоставляет возможность смотреть онлайн трансляцию «Жұлдызды дода. Звездные войны» на сайте khabar.kz и следить за всеми новостями о телешоу по хэштегам #жұлдыздыдода или #звездныевойныхабар в твиттере и фейсбуке. Для удобства на блог-платформе Yourvision, а также на видео-портале Kiwi.kz будет вестись постоянное обновление с новыми выпусками программы, фото и видео репортажами.
Анонсы телешоу «Жұлдызды дода. Звездные войны» на канале хабар
Это будет отличная возможность для зрителей которые пропустили в эфире историю о любви бизнес-леди и обычного тракториста. Напоминаем, что проект Агентства «Хабар», канала «Ел арна» и известного продюсера Баян Есентаевой вызвал большой интерес у зрителей.И согласно рейтингам, сериал «Тракторшының махаббаты» показалсамые высокие показатели среди всех отечественных сериалов.
По сюжету сериала красивая и успешная девушка Белла очень торопилась на свою свадьбу, но попала в автомобильную аварию на трассе Алматы - Астана. Ее спасает проезжавший мимо тракторист Жасулан. Но очнувшись в сельской глубинке, Белла совершенно ничего не может вспомнить и тут начинаются ее приключения. А точнее – жизнь в настоящем ауле, взаимоотношения с мамой тракториста и другими жителями села.
Главную роль исполняет солистка группы КешYOU Камшат Жолдыбаева. Влюбленный тракторист - Берик Айтжанов, знакомый по фильмам «Ликвидатор», «Возвращение в «А», «Меч Махамбета». В роли акима популярнейший Димаш Ахимов, а его жены- звезда «Тамаши» Гульжан Калибаева. Эмоциональную апашку блестяще сыграла артистка драматического театра им Б.Римовой Алихан Ыдырысова.
Сюжетную линию 16-серийной истории придумали и написали сценарий - Данияр Кумисбаев и Аскар Узабаев. Команда Баян Есентаевой, безусловно, отличается своим почерком, точно попадая в целевую аудиторию.
«Мы очень рады, что сериал пришелся по вкусу казахстанцам, - говорит Баян Есентаева. – Кстати, по настоянию режиссера Аскара Узабаева вся съемочная группа во время съемок жила в настоящем ауле – мы носили воду, пили чай из самовара, следили за хозяйством… Камшат научилась доить корову! И да, был хороший знак – корова отелилась прямо во время съемок! Местные жители привыкли к нам, мы – к ним. Жизнь в ауле разная, но любовь есть везде. Не пропустите сегодня повтор!»
Смотрите сериал «Тракторшының махаббаты» («Любовь тракториста») с понедельника по пятницу в 21.30(повтор в 11.50)
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Мектеп табалдырығын 6 жасында аттап, 16 жасында оны қызылмен бітіріп шығады. Орта білім беретін оқу ордасын бітірген соң, Ақтау қаласындағы Халықаралық еңбек академиясының заң факультетіне түседі. Оны да ойдағыдай, қызыл дипломмен тәмамдайды. Анасы тігінші болған. Үй гүлдерін жақсы көретін. Маржанның да хоббиі сол. Еңбек жолы 2004 жылы Ақтау қаласындағы «Тандем» радиосынан басталады. 2007 жылы облыстық телеарнаға жұмысқа шақырылғанымен, Маржан Алматыға жол тартады. «Хабар» арнасына жұмысқа орналасады. «Русское радио Азия», «НТК», «КТК», «Ел арна» сияқты республикалық радио мен телеарналарда қызмет істеген. Қазіргі таңда «Хабар» арнасындағы «Білгенге маржан» атты әлеуметтік-танымдық ток-шоуының жүргізушісі.
«Білгенге маржан» бағдарламасының мақсаты – күнделікті тұрмыста кез-келген жан жиі бетпе-бет келетін сан қилы мәселелердің түйінін тарқату, білікті мамандар мен сарапшылардан, өмірден көрген-білгені, түйгені мол қазыналы кісілерден көкейде жүрген өзекті сауалдарға жауап алу.
Бұл әлеуметтік ток-шоуда әдет-ғұрып, салт-дәстүр сабақтастығын үзбеу, отбасылық қарым-қатынасты нығайту, бала тәрбиесі, киім тігу, қаражат жинаудың, жоспарлаудың қағидалары, гүл өсіру т.б. түрлі тақырыптар талқыланады.
Достар, Маржанға қояр сауалдарыңыз, ұсыныстарыңыз және айтар пікірлеріңіз, бағдарламаға қатысты тың ойларыңыз болса, мархаббат. Біз бүгіннен бастап, #БілгенгеМаржан#Хабар#Маржан хэштегтерін пайдалана отырып (хэштегсіз жолданған сұрақтар қабылданбайды, Маржанның жеке парақшасына жолданған сауалдар да саналмайды. Естеріңізге сала кетейік, онлайн-конференцияда Маржан әр сауалға жеке тоқталып, кеңейтілген жауап береді) сауал жолдаған кез-келген жанның сұрағын ескерусіз қалдырмайтын боламыз. Сұрақтар бүгіннен бастап, «Хабар» арнасының кез-келген ресми әлеуметтік желілерінде (http://vk.com/feed#/officialkhabar;https://www.facebook.com/khabarTV ;https://twitter.com/KhabarTV ) қарашаның 18-іне дейін қабылданады. 18 – 19 қараша күндері сіздердің сұрақтарыңызға Маржан онлайн режимінде жауап беретін болады. Онлайн-конференцияның мақсаты: көрермен мен бағдарлама арасында байланыс орнату, пікір алмасу, сыннан мін түзеу. Ендеше, сауал — сізден, жауап — бізден!
27 қазаннан бастап, сағат 19.50-де «Ел арнада» жаңа ток-шоу – «Бәрі де мүмкін». «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, бағдарлама өзге ток-шоуларға ұқсамайды. Қоғамда орын алған оқыс оқиғаларды баяндап, оларға түрткі болған жайттардың қыр-сырына үңіледі. Көптің көкейіндегі күрмеуі қиын мәселелерді алқалы топтың талқысына салып, тығырықтан шығар жол көрсетеді.
Қоғам неге безбүйрек? Адам неге қатыгез? Бүгінгі қоғамда жақынын ренжітіп, жатты жағалағандарды, баласын тастап, ата-анасынан безген безбүйректерді жиі кездестіруімізге не себеп? Кім кінәлі? Неге бұлай болды және әрі қарай не істемек керек? Адам етін жеген айуандардың, адам жанын ойыншыққа айналдырған қаныпезерлердің қатары неге көбейіп барады? Түсініксіз.Таңданасыз. Сенбейсіз... Бірақ өмірде «Бәрі де мүмкін». Бұл өмірдің қызығы мен шыжығы, қуанышы мен қайғысы қатар жүреді. Ал тағдыр жолы тығырыққа тіресе не істемек керек? «Бәрі де мүмкін». Кез келген бөгетті бұзуға болады. Кез келген кедергіні жеңуге болады. Жұдырық болып жұмылсақ, «Бәрі де мүмкін».
Оған көз жеткізгіңіз келсе, әр жексенбі сағат 19.50-де «Ел арнаны» қосыңыздар. Әлеуметтік ток-шоудың тізгінін ұстайтын – талантты журналист Саламат Омаш және өткір сюжеттерімен ел ықыласына бөленген Нартай Аралбайұлы.
– Бәрі де мүмкін! Бағдарламаның аты айтып тұрғандай, бұл тағдырдың тұтқиылдан соққан толқындарында омалып қалған қандастардың оңалуына жәрдем жасауға тырысатын ток-шоу. Құрғақ сөзбен қойыртпақ қылмай, қоғамның "қотырын" қаситын, өзекті мәселелерді қозғайтын бағдарлама дәл осы "Бәрі де мүмкін" ток-шоуы. Өз басым телевизия саласында азды-көпті қызмет қылып келемін, тәжірибеме сүйенсем дәл осы ток-шоудың бастамасы қатты ұнады. Және еңбекқор әрі әр адамның тағдырына шынайы ниетпен, адал жүрекпен қарайтын шығармашылық топпен қызмет қылып бағдарламаның жүргізушісі болғаныма қуаныштымын! Біздің ток-шоу, айтарын айтып, тақырыбын талқан қып талқылайтын жоғарғы деңгейлі телетуынды. Және бағдарламадан жәрдем сұрап келген кез келген отандасымыздың тілегін жерге қалдырмай, көтерілген мәселеге жауапты мамандарды бағдарламаға шақырып, түйіннің түйткілін тарқатамыз. "Бәрі де мүмкін", үмітіңізді үзбеңіз және бізді көріңіз...айтарымыз айқын!", – дейді жүргізушілердің бірі Нартай Аралбайұлы жаңа жоба жайында.
Бағдарламаның алғаш түсірілімдері жалғызбасты әкелер, түрмеден шыққан жандардың қоғамға бейімделуі, жетім балалардың әлеуметтік қорғалуы мәселелері тақырыптарын қозғады. Ең алғашқы бағдарламаның тақырыбы жалғызбасты әкелердің тағдыры, ал кейіпкері – 3 баланы бағып-қағып отырған шымкенттік Алға Асанов болды. Сізге өтірік, бізге шын, Алға Асанов айтып берген оқиғаның студия қонақтарына әсер еткені соншалық, бағдарлама барысында сарапшыларымыздың бірі оған үй әперемін деп уәде берді. Бұл тек бір мысал ғана. Алда атқарар жұмыс көп, ең өзекті, ең өткір мәселелер біздің назарымызда!
13 октября в 20.40 на телеканале «Ел арна» начинается новый сезон ежегодного музыкального проекта «Саз әлемі». В этом году премию будет вести бессменный продюсер проекта и его ведущая Баян Есентаева и актер театра «Базар жоқ» Канат Альжаппаров. Главная цель премии – выявить лучших исполнителей года по разным номинациям. Кредо «Саз әлемі»неизменно – только живой звук!
В проекте есть профессиональное жюри из состоявшихся музыкантов, композиторов и артистов, а также своими мнениями делятся и эксперты, среди которых – продюсеры, телеведущие, музыкальные критики, сценаристы. Зачастую в проекте открыто звучит критика исполнителей, а иногда в бурную полемику вступают жюри и эксперты. После того, как жюри выставят свои оценки, власть переходит в руки телезрителей, которые посредством голосования с помощью мобильных телефонов выберут своих фаворитов.
В конце года организаторы устроят гала-концерт и объявят победителей по разным номинациям, среди которых: «Лучшая песня 2013 года», «Лучший певец», «Лучшая певица», «Лучшая группа», «Открытие года», «Лучшая ретро песня», «Тойский хит».
«В этом году мы добавили две номинации – «Ретро» и «Той», - рассказывает музыкальный продюсер проекта «Саз әлемі» Багым Мухитденова. – Теперь народные песни, интерпретации старых композиций войдут в номинацию «Ретро». И отдельно мы будем выбирать песни для тоев. То есть мы признаем успех таких хитов как «Қызыл өрік», но он не может стать национальным хитом года, согласитесь? Тем не менее, у нас целая культура тоя, песни и традиции. И мы решили сделать отдельную номинацию. Какой же хит «стрельнул» в этом году на тоях? А в целом, думаем, что зрители ждут полюбившийся проект «Саз әлемі». Вот вы смотрите «Поле чудес»? Там практически нет изменений, также и у нас. Главное условие – живой звук, талант и профессионализм».
В составе жюри проекта будут Алтынай Жорабаева, Айгуль Иманбаева, Алмас Кишкенбаев, Майра Ильясова, Талант Арынгали, Жанар Айжанова, Сакен Майгазиев, Аула Конарова и др. При этом не исключается вариант, что члены жюри также могут выступать на сцене. Среди участноков проекта «Саз әлемі»-2013 –Айкын Толепберген, Рустем Нуржигит, Али Окапов, группы «Жебе», «КешYou», «KZ» и другие известные исполнители.
Смотрите проект «Саз әлемі» каждое воскресенье в 20.40. на телеканале «Ел арна».
1 октября на телеканале «Ел арна» стартует новый казахстанский сериал «Күн сақшылары» («Хранители солнца»). Мы представляем официальный трейлер сериала. Обещаем, что будет «коктейль» из комедии, мистики и драмы, узнаваемых актеров и необычных интерьеров, событий и чувств. Именно этот сериал продолжит новый сезон телеканала «Ел арна» и Агентства «Хабар».
Создатель проекта – молодой и талантливый продюсер Ахат Ибраев («Книга легенд: Таинственный лес», «Санжар и Кайсар» - три сезона, «Семейка Нуркеновых», «Айналайын»). В качестве режиссера был приглашен Санжар Султанов («Время не ждет», «Хакер»). Сценаристы – Валерия Плотникова и Рустам Ниязов. Это новый проект Агентства «Хабар» и телеканала «Ел арна» в современном приключенческом жанре.
Идея этого сериала родилась у Ахата Ибраева во время ланча в одном из кафе. Продюсер решил создать интригующий сюжет фильма на основе жизни работников ресторана, которые при различных обстоятельствах волею судьбы оказываются в одних стенах кафе «Sun City», попадают в разные ситуации и в итоге находят клад.
В сериале играют Нуржан Тутов, Аружан Джазильбекова, Артур Толепов, Шарип Серик, Жанат Тынбаев, Рустем Жаныаманов, Жулдыз Маханова.
Серик Абас-шах, директор канала «Ел арна»:
«Мы надеемся, что сериал придется по вкусу казахстанской молодежи и семейной аудитории. В нем раскрываются проблемы взаимоотношений, интересной линией идет любовь. Мы сделали ставку на яркость, сочность картинки и философскую составляющую. Мы хотим подчеркнуть, что в жизни важно быть целеустремленным, искренним и трудолюбивым. Надеемся, что зрители будут с интересом наблюдать за историями наших героев. «Күн сақшылары» продолжит марафон новых сериалов на «Ел арне», и это - не последний наш сюрприз для зрителей».
«Смысл сериала в том, что каждый человек должен быть на том месте, для которого он предназначен. У нас будет такая тонкая метафора, что под кафе что-то хранится, какой-то элемент в форме сокровища. Но это метафора. В самом деле, каждый человек должен найти сокровище в себе, а не искать его в другом месте и не убегать от самого себя.
Это не ситком с закадровым смехом, это не драма про врачей или учителей, студентов и школьников, страдающих от любви, и это не идеалогическая или нравоучительная новелла.
Сейчас зрителю интересны странные персонажи, немножко не от мира сего. Многие не могут найти себя, но стремятся стать богатыми и успешными. Сегодняшний информационный поток сводит людей с ума.
Я очень рад, что специально для проекта из Канады приехал режиссер Санжар Султанов, чей свежий взгляд во многом оживил и насытил сериал.
И я очень рад тому, что мою идею поддержали в Агентстве «Хабар» и доверили живую аудиторию телеканала «Ел арна».
Санжар СУЛТАНОВ, режиссер:
«В Канаде я работаю больше как продюсер, сценарист, то есть мне нужно решать много организационных вопросов. В этом сериале от меня нужен был только креатив. Наш сериал - молодежный, про разных людей с разных сфер и семей. А мне всегда нравились мультинационализм, разные люди с разных точек мира, поэтому я с удовольствием поработал над проектом».
Одну из главных ролей в сериале «Күн сақшылары» сыграла Аружан Джазильбекова. Для нее это – второй казахскоязычный проект. Она не скрывает, что ей пришлось поработать над акцентом, подтянуть язык. Но, как признается Аружан, наступил момент, когда нужно и интересно играть на родном языке.
Кстати, не так давно Аружан Джазильбекова и Ахат Ибраев сыграли свадьбу.
Аружан ДЖАЗИЛЬБЕКОВА, исполнительница одной из главных героинь – Томирис:
«Я играю дочь очень богатого отца. Она потеряла свою маму и решила доказать свою самостоятельность и независимость. Естественно у нее не сразу все получается. Она идет работать ни в какую-то серьезную компанию, а в ресторан официанткой. Но в итоге она становится маркетологом в этом ресторане и разрабатывает всякие бизнес-идеи.
В нашем сериале многие узнают себя – успешных и не очень... Мы постоянно что-то ищем, но находим ли?»
Хотите увидеть «микс» моды семидесятых, ярких диалогов, искренних эмоций, немного комедии и мистики? Тогда не пропустите премьеру сериала уже 1 октября в 22.10 на канале «Ел арна».
На телеканале «Ел арна» неделю назад стартовал новый казахстанский сериал «Тракторшының махаббаты» («Любовь тракториста»). Новый проект Агентства «Хабар», канала «Ел арна» и известного продюсера Баян Есентаевой вызвал большой интерес у зрителей. Согласно рейтингам, сериал «Тракторшының махаббаты» показывает самые высокие показатели среди всех отечественных сериалов.Продукт вполне может конкурировать с популярными зарубежными сериалами и программами, транслируемыми на казахстанских каналах.
По сюжету сериала красивая и успешная девушка Белла очень торопилась на свою свадьбу, но попала в автомобильную аварию на трассе Алматы - Астана. Ее спасает проезжавший мимо тракторист Жасулан. Но очнувшись в сельской глубинке, Белла совершенно ничего не может вспомнить и тут начинаются ее приключения. А точнее – жизнь в настоящем ауле, взаимоотношения с мамой тракториста и другими жителями села.
Главную роль исполняет солистка группы КешYOU Камшат Жолдыбаева. Влюбленный тракторист - Берик Айтжанов, знакомый по фильмам «Ликвидатор», «Возвращение в «А», «Меч Махамбета». В роли акима популярнейший Димаш Ахимов, а его жены- звезда «Тамаши» Гульжан Калибаева. Эмоциональную апашку блестяще сыграла артистка драматического театра им Б.Римовой Алихан Ыдырысова.
Сюжетную линию 16-серийной истории придумали и написали сценарий - Данияр Кумисбаев и Аскар Узабаев. Команда Баян Есентаевой, безусловно, отличается своим почерком, точно попадая в целевую аудиторию.
Кстати, трейлер сериала просмотрели уже больше 50 тысяч раз, комментарии о нем в твиттере разлетаются «как горячие пирожки». Несмотря на знакомый актерский состав, первый актерский опыт Камшат Жолдыбаевой и, казалось бы, предсказуемый финал, сериал смотрят и в мегаполисах, и в регионах.
В социальной сети Twitter казахстанцы активно делятся своими впечатлениями от сериала
Erlan Karin @erlankarin Подсел уже на #ТракторшыныңМахаббаты
Erlan Karin @erlankarin
Тамаша! #ТракторшыныңМахаббаты Шынайы ауылдын омiрi. Караганнан сайын ауылга кетiп калгым келедi))
Ақзер СЕГIЗБАЕВА @AkzerSegizbaeva Отбасымызбен экран алдына жиылып көретін қазақ телесериялы шыққанына шүкір! Бұлда бір жетістік! #ТракторшыныңМахаббаты @Yessentayeva
Akmonshak Akkoyeva @akkoyeva @Yessentayeva #ТракторшыныңМахаббаты маган унады бир коргеннен. Камшат the best!
@Zhuldz Случайно проходила мимо телевизора... вот теперь сижу смотрю #ЛюбовьТракториста
Saltanat Baktybekova @SBaktybekova ЛюбовьТракториста самый позитивный сериал, сидим смеёмся всей семьей, папа вообще плачет)) ухх Дженифер такая шикарная😍
Aidana @aidana_BS Папуля уехал в деревню! Звонит, спрашивает: "доча, ана киноннын аты калай?" :)))) #любовьтракториста
Dana Beisen @Dana_Beisen
#ТракторшыныңМахаббаты қызық телехикая.Бірақ тез бітіп қалатыны жаман да.
Бота Пазылбекова @pazbota
Супермаркетте журсек мамам :-Қызым тез бол қазір ана кино басталады.Бүгін қызыық болады ғой деп қояды:)) #любовьтракториста
По данным «TNS Гэллап Медиа Азия», за минувшую неделю средние показатели сериала в аудитории возраста от 6 лет и старше, проживающих в городах с населением 100 000 и более, составляют: rtg – 4,63, shr – 15%. Поясним, что рейтинг – это количество людей, смотревших конкретную программу от количества жителей Казахстана старше шести лет. А доля – это количество людей, которые в это время смотрели этот канал от всех смотрящих в данный момент.
Так, сериал «Тракторшының махаббаты» по итогам прошедшей недели задал тон всем казахстанским сериалам. Знакомая всем тема «села и города» преподносится легко и позитивно. Художественный взгляд, искренняя игра актеров и комедийный подход уже сделали сериал успешным. Следом за этим сериалом также в 22.10 на телеканале «Ел арна» ждите других премьер казахстанских режиссеров – Ахата Ибраева, Абая и Альмири Карпыковых, Акылбека Досжанова и Аскара Бисембина.
Баян Есентаева:
«Мы очень рады, что сериал пришелся по вкусу казахстанцам. Кстати, по настоянию режиссера Аскара Узабаева вся съемочная группа во время съемок жила в настоящем ауле – мы носили воду, пили чай из самовара, следили за хозяйством… Камшат научилась доить корову! И да, был хороший знак – корова отелилась прямо во время съемок! Местные жители привыкли к нам, мы – к ним. Жизнь в ауле разная, но любовь есть везде. Смотрите сериал дальше – дальше будет еще интереснее!»
19 мамырдан бастап «Ел арна» «Туған өлке» атты жобаның тұсауын кеседі. Осымен екінші рет қалың көрерменге жол тартатын бағдарламаның халыққа, өскелең ұрпаққа берері мол. Бағдарлама барысында елімізге танымал бірқатар азаматтар туған жеріне сапар шегіп, өткен күн, балалық шағымен қауышады. Туған өлкенің қадірін жете түсіну үшін, оны әрбір адамның санасына сіңіру үшін түсіруші топ аянып қалған жоқ.
Соңғы кездері отандық телеарналар патриоттық рухты жаншитын бағдарламалар легін ұсынып келеді. Әрине, жас ұрпаққа бағыт көрсетіп, Отан-Ананы сүюге баулитын бағдарламалардың көбейгені жөн. Себебі төрден орын тепкен теледидар бұл күнде баланы тәрбиелеуші басты құралға айналды. Осы орайда кең байтақ қазақ жерінің әрбір тасының, тауы мен суының, орманының қадірін әспеттейтін жобаларды көптеп ұсынсақ, баланың санасына жақсы әсер етеріміз айқын.
Қаланың қауырт тіршілігіне шырмалып, ауыл-аймақты, туған жерді жадымыздан шығаратынымыз бар. Алтын бесігіміз ауылдағы ағайынның әңгімесін тыңдап, бала күнгі достармен шүйіркелескің келетін сәттер болады кейде. «Туған жерге туың тік» деген сөз бар қазақта. Батыр болайық, ақын болайық, дана болайық, патша болайық – әрбіріміздің туған жерге деген махаббатымыз шексіз, пейіліміз ерекше. Өйткені өзің туып өскен өлке анаңдай қымбат, анаңдай асыл, ананың алақанындай ыстық. Сұлу сөзден сүбелі ой тудырған жазушы Ғабит Мүсіреповтің «Елің үшін мақтан, елің үшін қайғыр» деген қанатты сөзі бар. Атақ пен абыройға бөленіп, халықтың ыстық ілтипатына ие болып жүрген ел азаматтары туған жер туралы кеңінен сөз қозғайды. Елі үшін мақтанады, туған өлкесінің тарихымен кеңінен таныстырады. «Туған өлке» жобасының жалпы сипаттамасы осындай.
Асхат САДЫРБАЙ, «Туған өлке» жобасының продюсері:
Жоба арқылы Патриоттық рухты оятқымыз келеді
– Асхат, бұған дейін «Туған өлке» жобасының алғашқы маусымы көрсетілген еді. Биылғы жаңа маусымның ерекшелігі мен айырмашылықтары қандай болмақ?
– Бұл «Ел арна» телеарнасының төл жобасы болғандықтан, тұжырымы өзгеріске ұшырамайды. Танымал адамдар, ел алдында жүрген азаматтар туған ауылына барып, ағайын-туыспен сырласып, көрерменге белгісіз қырларын аша түседі. Туған ортасы мен ауылы жөнінде тың деректер айтады. Алдыңғы жоба қазақ және орыс тілдерінде жүргізілген еді. Ал бұл жолы бағдарлама тек қана қазақ тілінде жүргізіледі. Тағы бір ерекшелік, бұған дейінгі жобада бір бағдарламада екі кейіпкерді көрсетсек, жаңа бағдарламалар тұтастай бір адамға арналады. Өйткені бірінші маусымда бірқатар дүниелер эфирге шықпай қалған еді. «Туған өлке» бағдарламасы ешбір әсірелеу, жасандылықсыз таза, таби-ғи қалпында түсірілді. Телевизия тілімен айтқанда бағдарлама барысында реалити-сәттер көп. Жобаға кейіпкер ретінде таңдалған адамның ауылына басқан қадамдары, оның қуанышы мен сағынышы, күйзелісі мен тебіреністі сәттерін түгел дерлік қаз-қалпында беруге тырыстық.
– Жоба барысында Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыдыңыздар ма?
– Алғашқы маусымда еліміздің барлық аймағын қамтыдық. Жаңа маусымда тұтастай Қазақ жерін қамту қиынға соқты. Біріншіден, жоба айналасы 16 топтаманы құрайды. Екіншіден, шалғай аймақтардағы ауа райының қолайсыздығынан түсірілу жұмыстарын жүргізу оңайға соқпайды. Оның үстіне, уақыт тығыз болғандық-тан жобаға қатысуға келісіп, уақыт тапқан кейіпкерлердің ауылын аралап, бағдарламаға арқау еттік.
– «Туған өлке» жобасының негізгі мақсаты қандай?
– Ауылда теледидар алдында отырған қазақтың қарадомалақ баласы бағдарламаны тамашалай отырып, «мен де ертең елге еңбек ететін, қазақ халқына пайдам тиетін, елге танылған абыройлы азамат бола алады екем. Ауылда отырған мен де Астананың төрінде отыратын азамат болады екем» деген ой қалыптастырса екен деген үмітіміз бар. Яки жобаның басты мақсаты – танымал азаматтардың өмірі мен ауылын баяндау арқылы тұлғаны қалыптастыру. Сонымен қатар саясатта беделі бар, тіл үшін шыбын жаны шырылдап жүрген, халықтың ықыласына бөленген азаматтардың барлығы да ауылдан шыққанын, барлығымыз сияқты қарапайым бала болып, асық атып, қой бағып өскенін көрсеткіміз келді. Осы бағдарлама арқылы кейіпкерлеріміз балалық шаққа саяхат жасап, ауылда қалған ағайындарымен, ата-әжелерінің көзін көрген азаматтарымен тілдесіп келді. Әр жексенбі сайын «Ел арнадан» кешкі 21:50-де бағдарлама көрерменмен қауышады.
– Жобаны түсіру барысында қызықты сәттер болған шығар...
– Сәкен Майғазиевтің дүниеге келген ауылы қазіргі ауылынан 120 шақырым қашықта орналасқан екен. Өкінішке қарай, сол ауылдағы үй бұзылып қалған. Сәкен аға үйдің орнын көріп, көзіне жас алды. Әнші ағамыз «Түсімде әкемді осы үйде көремін» деп бір тебіренді. Әкесіне, өткен ата-бабаларына Құран бағыштап шықты. Тіл жанашыры Асылы Осман апайымыз Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданында дүниеге келіп, тәрбиеленген. Жастайынан қой бағып, аттың құлағында ойнаған. Біраз жасқа келсе де Асылы апай аттан сескенбей, бір шауып өтіп, балалық шағын, қой баққан кездерін еске түсірді.
Мұрат ӘБЕНОВ,Білім және ғылым вице-министрі:
– Бір қуантарлығы, бағдарламаның айналасында жүрген түсіруші топ өз ісінің шынайы мамандары екен. Барлығы да қазақтың қарапайым балалары, кәнігі мамандар. Журналистермен бірге ауылға барып, перзентханадағы дәрігерлер, Қармақшыда тәлім-тәрбие берген мұғалімдермен бірге кездесіп, ауылдағы азаматтармен, тұлға ретінде қалыптасуыма әсер еткен ағалармен тілдесіп қайттым. Әдетте, қаланың тіршілігінен қол босамай, ауылға жол түспейді. Бағдарлама арқылы өткенге оралып, біраз жайтты еске түсірдік. Жобаның басы-қасын-да жүрген азаматтарға айтар алғысымыз шексіз. Бағдарлама әлі көрсетілмесе де, біздің алған әсеріміз мол. Шыны керек, «Туған өлке» көңіл тебірентіп, ойға бөлейтін бағдарлама болатын сияқты.
Асылы ОСМАН, қоғам қайраткері, тіл жанашыры:
– Бағдарламаның аты жақсы. Аты затына сай дүние болса екен деймін. Әркімге туған өлкесі қымбат. Бағдарлама арқылы балалық шақты еске түсіріп, қой бағып, аттың үстінде жүрген кездеріме оралдым. Ерекше тебіреністе болдым. Ауылдағы көп азаматтардың көзі тірі болмаса да, біраз азаматтармен тілдесіп, шүйіркелесіп қайттық.
Жуырда 86-жастағы бір апамыз «Туған өлке» жобасы туралы жарнама беріп жатыр, өте әсерлі, ой салар бағдарлама болатын сияқты» деп ойын жеткізді. Яғни жобаны қызықтап көретін көрермендер жеткілікті. Осының өзі жұбаныш. «Туған өлкені» көру арқылы жас ұрпақ ойланса екен деймін. Онсыз да тәрбие жағы кемшін болып тұрған кезде осы бағдарлама арқылы өскелең ұрпақтың бойында туған жерге, Атамекеніне деген сүйіспеншілігі оянса, елін сүйсе жақсы емес пе?
Сонымен 19-мамырдан бастап көрермен қауым балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған «Туған өлке» жайында қызықты жобаны тамашалай алады. Жоба арқылы тың ақпараттарға қанығып, тебіреністі сәттерге куә боламыз. Мұхасан Шаһзадаев, Сәкен Майғазиев, Қарақат пен Қыдырәлі сынды әншілердің, Айгүл Мүкей, Дана Нұржігіт, Мұрат Әбенов пен Асылы Осман сынды елге танымал азаматтардың туған өлкесі, балалық шағы, қызықты өмірі туралы білгіңіз келсе, Ел арнаны қосыңыз!
13 сәуір күні, сағат 22.20-да «Хабар» арнасында жаңа республикалық көлемде өтетін «Жігіт сұлтаны» республикалық телебайқауы басталады. Жоба ерекшелігі, байқаудың аты айтып тұрғандай, мұнда тек ер жігіттер қатысады. Бағдарлама қатысушыларына қойылған басты талаптар: жасы 18 бен 29 аралығында, бойының ұзындығы 170 см-ден кем емес, қазақ тілінде еркін сөйлей алатын, қазақ дәстүрі мен тарихынан сусындағын, өнерлі әрі спортпен шыныққан азамат болу.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі таңда елімізде нәзік жандылар қатысатын көптеген байқаулар бар: «Қазақ аруы», «Мисс Қазақстан», «Қазақстан топ-моделі», «Қазақ ханшайымы» және т.б. Бірақ ер жігіттерге ғана арналған байқаулар біздің елде әзірге болмай тұр. Осыдан 20 жыл бұрын, 1993 жылы алғаш және соңғы рет сондай байқау өткен еді.
Ол дода баршамызға М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының актері, тележүргізуші және әнші Жалғас Толғанбай атты жаңа есімді сыйлаған болатын. Финалда Жалғас автокөлікті ауызбен бірнеше метрге сүйрегені көптеген отандастарымыздың әлі есінде шығар.
Ақпан айында Астана қаласында байқауға қатысуға үміткерлер арасында іріктеу өтті. Қазылар алқасы бәйгеге қатысуға лайық деген 16 үміткерді таңдап алды. Ал сәуір айынан бастап қатысушылар ән сайысы, актерлік шеберлік, цирк өнері, би жарысы, ұлттық қолөнер, спорттық бәсеке және т.б. сайыстарда бақтарын сынайды. Әр байқау күнінен кейін бір үміткер жобадан шығып отырады. Финалдық жарыста үздіктің үздігі атану үшін 6 адам сынға түседі деп жоспарланып отыр. Жүлдегерлерді құнды сыйлықтар күтіп тұр, ал бас бәйге – автокөлік.
Қазылар алқасы – әр бағдарламаның тақырыбына сай шақырылған белгілі кәсіптің майталмандары. Жобаның алғашқы шығарылымдары, яғни 13 сәуір мен 20 сәуірде эфирге шығатын бағдарламалар көптеген қызықты оқиғалардың куәсі болған іріктеу кезеңіне арналады.
-«Жігіт сұлтаны» жобасы – қазақстандық көрермендер үшін тың, жаңа, күтпеген бағдарлама, – дейді «Хабар» Агенттігінің бағдарламалар өндірісі дирекциясының бас продюсері Ринат Кертаев. – Алдыңғы буын өкілдеріне де, кейінгі буын өкілдеріне де қызықты болатын жоба. Бағдарламаның әр саны әр түрлі өнер түріне арналады, сонысымен қалың көрерменді еліктіріп отырады деп ойлаймыз. Төл жобамызда ұлттық нақыш пен заманауи талаптар жақсы үйлесім тапқандықтан, жігіт төресін анықтайтын бұл байқау телевидение айдынында өзінің лайықты орнын алады деп үміттенеміз.
Жігіттің сұлтаны атануға үміткерлер тек қана сырт келбеті мен сымбатына иек арта алмайды. Қазылар қатысушылардың өнерін бағалап, ақылын, тапқырлығын сынайды. Өз білімі мен ақылына сүйенген қатысушылар интеллектуалдық сұрақтарға жауап беру арқылы қосымша ұпай жинауына мүмкіндігі бар.
13 сәуір күні, сағат 22.20-да «Хабар» арнасында жаңа жоба – «Жігіт сұлтаны» республикалық телебайқауының тұсаукесерін жіберіп алмаңыздар. Әр сенбі сайын нағыз ер жігіттердің нағыз сайысын көріңіздер!
- Әйгерім, жақында Тұрсынбек Қабатов екеуіңіз «Аймақтар аламаны» атты жаңа бағдарламаның жүргізушісі болады деген хабар естіп жатырмыз...
- Иә, ақпаратыңыз өте дұрыс. Тұрсынбек екеуміз аталған бағдарламаны жүргізбекпіз. Бір ерекшелігі - сайысқа кез келген өнерлі адам келіп қатыса алмайды. Қазақстанның он төрт облысынан іріктелген өнерпаздар ғана қатысады. Он төрт облыс өкілдері қазылар алдында өнер көрсете отырып, ұпай жинайды. Жинаған ұпайлары арқылы іріктеліп, ең соңында бір облыс жеңімпаз атанады.
- Бағдарлaманың негізгітұжырымдамасы қандай?
- Жобаның мақсаты - өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу. Әр облыстың тұрғындары жанкүйер болып, жерлестеріне қолдау көрсетеді. Байқау барысында елімізге жаңа есімдер мен жаңа жұлдыздар белгілі болады деген үміттеміз.
- Ойынның жалпы ережесітуралы не айтасыз?
- Жоба он бес бағдарламадан тұрады. Бірінші айналымда сегіз облыс іріктеліп алынады. Ширек финалда іріктеуден сүрінбей өткен сегіз облыс сайысқа түссе, жартылай финалда ширек финалдан ұпай саны арқылы басым түскен командалар бір-бірімен ақтық сынға шығу үшін таласады. Финалға жеткен екі облыстың басым түскен өнерпаздары жеңімпаз болады. Осылайша аймақтардан келген өнерпаздар ішінен бір облыс қана «Аламан» атанады.
- Бір бағдарламада сайысқа қанша облыс түсе алады?
- Бір бағдарламада екі облыс қана сайысқа түседі. Олар бір-бірін жеңу үшін емес, тек әділқазылар қоятын ұпай үшін таласады. Қазылар көрсеткен өнерлеріне қарай бағалап, олардың келесі турға өтер-өтпесін анықтап береді.
- Сайыстың қатысушыларын қандай сындар күтіптұр?
- Облыс өкілдері төрт түрлі сайысқа түседі. Олардың біріншісінде ән сайысы болса, екінші би билеуден бәсеке болмақ.Одан кейін облыс намысын боз кілемде палуандар қорғайды. Төртінші байқау - «Дарындылар додасы». Ереже бойынша онда қарапайым адамның қолынан келмейтін өнер көрсетілуі тиіс. Осы төрт түрлі сайыстың қорытынды ұпайы команданың болашағын айқындап отырады.
- Қазылар алқасы ұпай санын белгілеуді қалай жүргізеді?
- Төрт адамнан тұратын әділқазылар алқасына қоғамда, өнерде өз орнын айқын көрсеткен тұлғалар шақырылып отырады. Бірақ басқа бағдарламалардан айырмашылығы - мұнда өз командаларын жақтап, қазылар бағасына наразылықтарын білдіруге рұқсат етілген. Былайша айтқанда, олар адвокаттың рөлінде. Өз басым олардың сөйлеген сөздері мен шешендіктеріне қайран қалдым. Команда мүшелерінің өнерін қызыл тілмен әспеттегенде, өз-өзіңнен рухың көтеріліп, сөйлеген сөздеріне риза болып қаласың. «Баға әділ қойылмады» деп жақтаушылардың қазылармен қып-қызыл майданға түсіп кететін жағдайлары да жиі болады.
- Қазылар алқасына көшеден кездейсоқ адамды әкеліп отырғызбайды. Онда өз істерін жетік білетін, өнердің парқын түсінетін мамандар отырады. Қазылар алқасы әрқашанда әділ болуы керек. Сондықтан олар да мұндай бағаны не үшін қойғанына дәйекті дәлелдер келтіріп отырады.
- Бағдарламаның жаңашылдығы неде?
- Мұндай жоба Қазақстанда алғаш рет өтілуде. Түсірілім барысы өте қызықты өтті. Шоудың негізгі мақсаты - қай облыстың мықты екендігін көрсету. Облыстың атына кір келтірмей, абыроймен ұтып шығу үшін қатысушылар бар күштерін салып жатыр. Жанкүйерлері де әрқашан қолдап, дем беріп отырады.
- Бағдарламаныңтүсірілімі қай жерде өтті?
- «Аймақтар аламаны» теле-шоуы Астана қаласындағы жаңа ашылған «Қазмедиа орталығында» өтті. Бұл өте кең, зәулім ғимарат. Болашақта мұнда бүкіл республикалық арналар шоғырланады деген жоспар бар. Мұны, бір жағынан, дұрыс деп есептеймін. Бәрі бір жерге шоғырланғанда бәсекелестік туып, қазақ өнері дамиды деп ойлаймын.
- «Аймақтар аламаны» бағдарламасын Тұрсынбек Қабатовпен жүргізу қиындық тудырмай ма?
- Маған Тұрсынбекпен бірге жұмыс істеу өте оңай болды. Оның қандай іскер адам екенін өздеріңіз де білесіздер. Тек әзіл, күлкі ғана емес, тапқырлық жағынан да жетік Тұрсынбектің арқасында бағдарлама жанданып кетті. Ол көбінесе импровизация арқылы бағдарламаның бойына қан жүгіртіп отырды. Ал мен оның жанындағы кішкене әр беріп тұрушының ғана рөлін ойнадым. Дегенмен, осы бағдарламаны жүргізу барысында өте үлкен тәжірибе жинадым. Өз өнерімді шыңдау үшін бұл маған жақсы сабақ болды.