<Тусон (АҚШ) қаласының тұрғындарына Алматы қаласының тұрғандарынан сыйға берілетін мүсіндік композиция (кіші сәулеттік пішін) жобасын қабылдау мен таңдау жөніндегі конкурс өткізудің БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ ШАРТТАРЫ
<Тусон (АҚШ) қаласының тұрғындарына Алматы қаласының тұрғандарынан сыйға берілетін мүсіндік композиция (кіші сәулеттік пішін) жобасын қабылдау мен таңдау жөніндегі конкурс өткізудің БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ ШАРТТАРЫ 1. Конкурстың мақсаты Мүсіндік композицияда сыйға берушінің нышан-айғағы бейнеленіп, Алматы қаласы жөніндегі мән-мағына жүктелуі шарт. 2. Конкурстың бағдарламасы Алматы қаласы әлемнің 17 қаласымен бауырлас қала болып табылады. Алыс және жақын шет ел қалаларымен халықаралық мәдени қарым-қатынас байланысы жолға қойылған. Сол бауырлас қалалардың бірі - Тусон қаласы (АҚШ, Аризона штаты). Бауырлас қалалармен 80-ші жылдардың аяғында қарым-қатынас орнатылған. Осыған байланысты «Тусон-Алматы» бауырлас қалалар комитеті құрылған. 2011 жылдың 16 қыркүйегінде Көк-Төбе саябағында Алматы және Тусон қалалары достығының белгісі ретінде Туссон қаласының тұрғындарынан алматылықтарға сый ретінде берілген қола мүсіндік композиция орнатылған. Алматы қаласы тұрғындарының атынан сыйға берілетін мүсіндік композицияны 2014 жылдың қаңтарындағы қарымталық сапар аясында беру жоспарлануда. Жобаны дайындау барысында материал төзімділігін ескеру қажет. Мүсіндік компазицияның биіктігі 150 см. аспауы керек. 3. Конкурстың шарттары Конкурсқа жеке авторлар және авторлық ұжымдар қатыса алады. Байқаудың мерзімі: 2013 жылдың 17қ азанынан 2013 жылдың 17 қарашасына дейін. Жобалар 17 қарашаға дейін мына мекен-жайға: 050001 Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 , Алматы қаласының Мәдениет басқармасына тапсырылады (427 б.). Байқау жобалары алты таңбалы санмен белгіленген ұранмен ұсынылады. Ұран байқауға ұсынылған жоба материалдарының, сондай-ақ конверттің оң жақ бұрышына жазылады (биіктігі 1см.). Желімделген ұрандық конвертте автордың аты-жөні, мекен-жайы көрсетілген ақпараттық парақ салынады. Қысқаша түсініктеме жазба ескерткіштің көркемдік шешімі мен кеңістікті ұйымдастыру қағидалары және негізгі идеясы мазмұндалған №14 өлшемді «Times New Roman» шрифтімен көрсетіледі. Конкурс шарттары сақталмаған жобалар конкурсқа жіберілмейді және комиссияда қаралмайды. 4. Конкурстың жоба ұсыныстарының құрамы және ұсынылатын материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар: 1. Ескерткіштің / мүсіннің эскизі масштабы 1:10 (көп пішінді композицияға арналған) масштабы 1:20 2. Бас жоспар (схемалық жоспар) масштабы 1:200 3. Ескерткіш (мүсіннің) 2 фасады, 1 перспективасы масштабы 1:10 4. Түсініктеме жазба Барлық графикалық жұмыстар 60х80 см. планшетте беріледі. Графикалық орындау әдістері – макеттің түсі, техникасы, материалы автордың өз қалауы бойынша орындалады. Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды +7 (727) 272 11 09 телефоны арқылы білуге болады.p>
