Алты тілді меңгерген қандасымыз «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды
АЛМАТЫ. 18 қазан. BAQ.KZ - Азаттықтың аң таңы Алаш жұртын ғана ақ жарма қуанышқа бөлеп қойған жоқ. Қазақ елінің тәуелсіздігін естіген алыстағы ағайын да бөрігін аспанға атты. Сөйтті де егемен елге дүркірей көшті. Осыдан 20 жыл бұрын Моңғолиядағы көшті Атажұртқа бастаған қазақ зиялыларының қатарында халықаралық журналист, саясаттанушы Досан Баймолда ағамыз да бар еді. Жақында Алматы қаласында өткен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 20 жылдығына арналған мерейтой кезінде Досан Баймолда Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды. Ұстамы жақсы ұстазды біз де әңгімеге тартқан едік. – Досан аға, әңгімемізді туған жер, өскен ортаңыздан бастасақ? – Мен Моңғолияның Баян-Өлг…






