Мазмұнға өту
mfakazakhstan

МИД РК

@mfakazakhstan

Сайтта 2013 ж. 17 қарашаКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

23

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Мирослав Енчемен кездесті

ҚР БҰҰ Орталық Азия экономикасына арналған арнайы Бағдарламасына (СПЕКА) төрағалығы аясында 2013 жылғы 19-22 қараша аралығында Алматыда «Аймақтық ынтымақтастық негізіндегі жалпы және тұрақты даму» тақырыбында СПЕКА Экономикалық форумы және СПЕКА Жетекші Кеңесінің сессиясы өтуде. БҰҰ Орталық Азия экономикасына арналған арнайы Бағдарламасы 1998 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен жасап шығарылған болатын. Қазіргі таңда оны жүзеге асыруға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Ауғанстан қатысуда. СПЕКА БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясы мен БҰҰ Азия мен Тынық мұхит елдеріне арналған Экономикалық және Әлеуметтік Комиссиясының ұйымдастыру және сараптамалық қолдауымен жүзеге асырылады. Оның мақсаты аталған мемлекеттерге олардың өзара ынтымақтаст…

0
0
468

АТОМ жобасы Хиросима және Нагасакиде қолдау тапты

 

Ү.ж. 20 қарашада Хиросима қаласында орналасқан конференц-орталықта АТОМ жобасын таныстыру рәсімі және қазақстандық әйгілі суретші, жобаның құрметті елшісі Қаріпбек Күйіковтің суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі мен АТОМ жобасы және белгілі «Earth Identity Project» атты Үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп ұйымдастырған шараға, Хиросима қаласының мэрі, «Мэрлар бейбітшілік үшін» атты Халықаралық қозғалыстың президенті Казуми Мацуи, Хиросима қаласының әлем мәдениеті қорының басшысы, «Мэрлар бейбітшілік үшін» атты қозғалыстың бас хатшысы Ясуёши Комизо, префектура және Хиросима қаласының әкімдігі мен жергілікті БАҚтардың, сондай-ақ аймақтық антиядролық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Толық мәтін mfa.gov.kz сайтында: http://bit.ly/I1dmqS

0
0
547

ҚР СІМ басшысы Е.Ыдырысов ЕО және Орталық Азияның жетінші Министрлік кездесуіне қатысты

2013 жылғы 20 қарашада Брюссельде Еуропалық Одақ және Орталық Азия елдерінің жетінші Министрлік кездесуі болып өтті. Қазақстаннан кездесуге Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қатысты. Отырыс барысында сыртқысаяси ведомстволардың басшылары Орталық Азиядағы Еуроодақ стратегиясы шеңберіндегі өңіраралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұдан бөлек, тараптар сот-құқықтық жүйені реформалау, білім беру стандарттары мен сапаларын арттыру, қоршаған ортаны жақсарту, өзара сауда көлемі мен инвестиция түсімін арттыруға бағытталған ортаазиялық өңірдегі Еуроодақтың маңызды бастамаларын қарастырып, жан-жақты талқылады. Қазақстанның ЕО өңірлік стратегия шеңберінде іске асырылып жатқан іс-шараларға белсенді қатысып жатқандығы атап өтілді. Атап айтқанда, заң ұлықтылығы жөніндегі еуропалық бастаманың…

0
0
399

ҚР СІМ Басшысының Мажарстанға тұңғыш ресми сапары басталды

2013 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Мажарстанға екі күндік ресми сапары басталды. Е.Ыдырысовтың бірінші күнгі сапар бағдарламасы Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесуімен орын алды. Мажарстан үкіметінің басшысымен өткен кездесуде әңгімелесуші тараптардың басты тақырыптары екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салада өзара әрекеттесуді жандандыру, сондай-ақ екі жақтың пікірі бойынша Қазақстан-мажарстандық қарым қатынасқа зор серпін беретін ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Мажарстанға сапарын дайындау болды. В.Орбанның айтуынша, мажарстандықтар Қазақстанға және оның халқына жылы көзқараспен қарайды, “бауырлас елдің жетістіктеріне үзбей назар аударып отырады”, ол тек саясатта, экономикада, әлеуметтік салаларда ғ…

0
0
404