ҚР СІМ Басшысының Мажарстанға тұңғыш ресми сапары басталды

2013 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Мажарстанға екі күндік ресми сапары басталды.
Е.Ыдырысовтың бірінші күнгі сапар бағдарламасы Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесуімен орын алды. Мажарстан үкіметінің басшысымен өткен кездесуде әңгімелесуші тараптардың басты тақырыптары екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салада өзара әрекеттесуді жандандыру, сондай-ақ екі жақтың пікірі бойынша Қазақстан-мажарстандық қарым қатынасқа зор серпін беретін ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Мажарстанға сапарын дайындау болды.
В.Орбанның айтуынша, мажарстандықтар Қазақстанға және оның халқына жылы көзқараспен қарайды, “бауырлас елдің жетістіктеріне үзбей назар аударып отырады”, ол тек саясатта, экономикада, әлеуметтік салаларда ғана емес, сондай-ақ спорттағы, атап айтқанда Лондон Олимпиадасында қазақстандықтардың қол жеткізген жоғары нәтижелері деп атап өтті.
Толық мәтін: http://bit.ly/185aV2R
