Павлодарда тоғызқұмалақтан ІІ ашық Азия чемпионаты басталды
Бүгін Павлодардағы Шахмат үйінде тоғызқұмалақтан Азияның ІІ ашық чемпионаты басталды. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, Түркіменстан елдерінен 103 спортшы қатысуда. Жеңімпаздардың есімдері 23-і күні белгілі болмақ. Чемпионатты Дүниежүзілік тоғызқұмалақ қауымдастығы мен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Бұған дейін бұл байрақты бәсеке алғаш рет 2009 жылы Шымкентте өткен болатын. Онда да жоғарыда аталған 9 елден команда қатысқан еді. Онда ел намысын қорғаған спортшылпар ерлер арасында да, әйелдер арасында да қарсылас шақ келтірмеді. Атап айтқанда, астаналық Айдос Сейітжан бірінші, шымкенттік Серік Ақтаев пен Ғалымжан Темірбаев 2-3 орын алған болатын. Ал әйелдер арасында ақтөбелік Диана Кенина бірінші, қызылордалық Әсел Далиева екінші, шымкенттік Салтанат Сапарбекова үшінші орынды иеленген еді.

