Мазмұнға өту

Жаңа

Назар аударыңыз, КОНКУРС!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ,КОНКУРС! kaztube.kz порталы жастар арасында патриоттық сезімді арттыру мақсатында "Дала сазы" атты жаңа конкурс жариялайды. "Дала сазы" видеоконкурсының шарттары: 1.Ұлттық аспапта ән не күй орындаңыз да, оны видеоға түсіріңіз; 2. Түсірген видеоңызды kaztube.kz порталы "Байқаулар" бөліміндегі "Дала сазы" альбомына жүктеңіз; 3. Порталымызға жүктеген видеоңызды facebook, twitter, vkontakte,mail.ru әлеуметтік желілерінде #kaztubedalasazy хэштегін көрсетіп,бөлісіңіз; 4. Интернеттен көшірілген видеолар қабылданбайды. Автор өзі түсіру керек видеоны. Ал, конкурсқа қатысушы порталымызға тіркелуі шарт; 5. Әлеуметтік желілерде көп бөлісілген, "лайкты" көп жинаған видеоматериал иесі жеңімпаз деп танылады; Алдынғы конкурстарымыздай бұл конкурста да жеңімпаздарды өте бағалы сыйлықтар кү…

0
0
679

Astana Salsa Day — би сабағы

Astana Mallда өтетін #AstanaSalsaDay-дің үшінші сабағы басталды.

Биді қатысушылар үйреніп қалыпты :) #AstanaSalsaDay

Жігіттердің аздығынан қыздарды екі топқа бөліп, жартысын жігіт орнына билетіп жатыр :) #AstanaSalsaDay

Бұл қатысушылар үйренген биді сіздер біздің порталдан үйрене аласыздар :) #AstanaSalsaDay

Би қызып жатыр. Біздің порталдан күтіңіздер! #AstanaSalsaDay

Әдемі көрінеді, иә? :) #AstanaSalsaDay

Би осылай аяқталды #AstanaSalsaDay

0
0
933

Қытай қазақ студенттер бірлестігі бүкіл Қытайдағы қазақ студенттерінің басын қосуда

ҚЫТАЙ. 5 қазан. BAQ.KZ - Алып ел Қытайдағы қазақ студенттерінің басын қосқан «Қытай қазақ студенттері бірлестігі» жұмысын бастағанына бір жыл болды. Оның төрағасы, Қиыр шығыстағы Шандұң өлкесіндегі Қытай мұнай университетінің 3-курс студенті Ұлан Бағланұлымен сұхбатымызды ұсынамыз. – Ұлан, Қытай қазақ студенттер бірлестігін құру ойы қалай пайда болды? – Былтыр Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайы жайлы ақпараттарды Қытайдағы өзім сияқты жастар сондағы қазақ сайттарынан қалт жібермей қарап отырдық. «Бұл Құрылтайдың тағы бір ерекшелігі - оған жастар көп келіп отыр. Бұған дейінгі басқосуларға қарағанда бұл жолы Қазақстандағы және басқа елдердегі жастар мен жастар ұйымдарының, студенттер бірлестіктерінің көшбасшылары көптеп келді. Делегаттардың 60 пайызын 30 жасқа дейінгі жастар…

0
0
1523

Баһадүр Хакім, кино актері: Қазақ актерлеріне жетіспейтін нәрсе ол – еркіндік

– Баһадүр, ата-бабаларыңыз Түркияға қалай барған еді? – Менің ата-бабам XX ғасырдың соңында Семейден Қытайға қоныс аударған екен. Олар Қытайдың тыныш болмауынан Гималай тауларын, Пәкістанды басып өтіп 1953 жылы Түркияға келіпті. Мен 1978 жылы Измир қаласында туылдым. – Актерлікпен Түркияда маманданған болдыңыз ғой? – 2002 жылы ең алғаш мені Түркияның атақты режиссері Осман Сынап байқап өз сериалына шақырды. Онда қытайдың рөлін ойнадым. Осы жылы жазушы, режиссер Джем Иылмаз маған және бір рөл берді. Осылайша бірнеше сериалдарға қатыстым. Араштың бейне баянына да түстім. Осыдан бастап актерлікке қызығушылығым арта бастады. Қазір Синема актерлік шеберлігіне тәрбиелеу мектебінде оқып жатырмын. – Қазақстанның киноларын көресіз бе? – Иә, Қазақ елінің киноларын жиі көремін. Қазақ актерлеріне жет…

0
0
987

Қытайдағы қазақ жігіті қазақы тінтуір төсенішін жасап шықты

ҚЫТАЙ. 2 қазан. BAQ.KZ - Бізді ең алдымен «Сахара тінтуір сырмақшалары» деген атау қызықтырды. Қазақтың оюланған сырмағының үлгісін салған тінтуір төсеніштерін Қытайдың қиыр шығысына орналасқан Шандұң өлкесіндегі Қытай мұнай университетінің 4-ші курс студенті Берік Жәлелұлы әзірлепті. Берік «тінтуір сырмақшаларымен» қоса қазақы өрнектер салынған жеңіл жейделерді, кілтке тағатын салпыншақтарды да жобалайды екен. «Ең алғашында осыдан үш жыл бұрын өзім құрған WWW.KZSAHARA.COM сайтын жарнамалау мақсатында осы өнімдерді жобалап, кішігірім бір зауытпен келісіп шығара бастадым. Кейін өнімге деген сұраныстың артқанын байқадым. Сөйтіп қазіргі кезде жобалаған өнімімнің санын да арттырып Үрімжідегі және Алтай аймақтарындағы қазақы тауарлар сататын дүкендерге, тіпті Алматы қаласындағы кейбір дүкендер…

0
0
1706

Нұрлан Дәулетханұлы: Қытайда қазақ спортшыларын қысқартуда

АСТАНА. 1 қазан . BAQ.KZ – Қытайдағы қазақ спортшыларының қатары азайып бара жатыр. Қанат Исламның Атажұртқа оралуы, Зүлфия Чинчанло мен Мая Манезаның Олимпиада төрінде Қазақ туын желбіретуі Қытай спортының қатаң «тәртіпке» түсуіне себеп болды. Енді қандастарымыз өз күштеріне сүйеніп жарыстарға қатысуға мәжбүр болуда. Жақында Астанада өткен белбеумен күрес бойынша 10 реткі ересектер арасындағы әлем чемпионаты және жастар арасындағы Азия чемпионатына Қытайдан жалғыз қандасымыз ғана қатыса алды. Оны бастап келген де, демеуші болған да Нұрлан Дәулетханұлы есімді бапкер болып шықты. – Нұрлан Дәулетханұлы, өзіңіз Қытайдағы қазақ спортшыларын Қазақстандағы жарыстарға жиі әкеліп қатыстырып жүр екенсіз. Спортқа қандай қатысыңыз бар? – Негізінде мен де күрес шеберімін. Спортпен басталған жолым бау…

0
0
563

Қандасымыз Қалидан Қытайдың атынан күш сынасты

АСТАНА. 30 қыркүйек. BAQ.KZ – 26-30 қыркүйек күндері Астанада белбеумен күрес бойынша 10-шы рет ересектер арасындағы әлем чемпионаты және жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті. Оған 30 елдің спортшылары келіп күш сынасты. Солардың қатарында қандасымыз, белгілі спорт шебері және жаттықтырушы Қалидан Бекенұлы Қытайдың атынан сайысқа түсті. Атамекенге келген қандас спортшымен сұхбаттасып, әңгімеге тартқан едік. – Спорттағы жолыңыз қалай басталды? – 2003 жылы Шыңжаңдағы кәсіптен сыртқы спортшыларды таңдау байқауына қатысып, Пекин спорт институтына қабылдандым. Сонда дзюдо бойынша алты жыл оқыдым. Оқи жүріп, спорт жарыстарына қатыстым. 2006-2008 жылы Шыңжаң бойынша аз ұлттар күресіне қатысып, екеуінде де 1-ші орын алсам, 2008 жылы Қытай студенттері арасында болған сайыста да бас бәйгені еншіл…

0
0
648

Бауыржан Нұрмоллаұлы, аудармашы: Аудармадағы ала-құлалықты аластауға күш салудамыз

ПЕКИН. 28 қыркүйек. BAQ.KZ – Бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілде нақты әрі жетік тілмен толық түсіндіретін аударма ісінің қажеттілігі бүгінгі таңда күн сайын артып отыр. Тіл ғалымдарының деректеріне сүйенсек, қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екен. Қытайдағы қандастарымыздың саяси сауаттылығын арттыруда, жаһан жаңалықтары мен алып елдің ақпаратын қазақ тілінде сөйлетуде аянбай қызмет жасап жақан санаулы қазақ азаматтарының еңбегі елеулі. Әңгімемізді Пекинде орналасқан Қытай ұлттар аударма мекемесінің қазақ бөлімі жайлы өрбітсек. – Бауыржан Нұрмоллаұлы, сұхбатымызды Қытай ұлттар аударма мекемесін таныстырудан бастасақ? – ҚХР астанасы Пекин қаласында орналасқан Қытай ұлттар аударма орталығы 1955 жылы 12 желтоқсанда Қытайдың тұңғыш Премьер министрі Жу Ынлайдың бекітуімен құрылға…

0
0
947

Рухани тұтастықты жалғаған Қытайдағы қазақ сайттары

АСТАНА. 26 қыркүйек. BAQ.KZ - Қытайдағы қазақ тіліндегі сайттардың дамуы 1998 жылғы Әсет Әрінұлы құрған «Ауыл» сайтынан бастау алады. 14 жылды артқа тастаған төте жазудағы сайттардың саны қазіргі таңда 50-ге жуықтаған. Көріп, білгенімізге негізделе отырып сол сайттарға сәл аялдайық. Қытай қазақтарының төте жазудағы сайттарын үш түрге бөлеміз: 1. Үкімет сайттары: бұған мекеме, мектеп органдары құрған сайттар жатқызылады. Мысалы, Шыңжаң үкіметі сайтының қазақша нұсқасы, Тәңіртау сайты, Күнлүн сайты, Ертіс және Тарбағатай сайттары сияқтылар. Ресми ақпараттар тарататын үкімет сайттары Қытайдағы басқа қазақ сайттарына қарағанда кешеуілдеп құрылды. Бүгінге дейін олардың қатарын арттыруға күш салынуда. Алайда, ресми сайттардың қазақ редакциясы тек қана қытай тіліндегі жаңалықтарды аударып тарату…

0
0
1744

Есқат Тілеуғазы, кино актері: Балаларымыз қытай болып кете ме деген қорқыныш бар

- Ең алдымен өзіңізді қысқаша таныстырып өтсеңіз? - Мен 1985 жылы 25 шілдеде Іле облысының Күнес ауданында тудым. Мектепті де, жоғары оқу орнын да қытай тілінде оқыдым. 2006-2010 жылдары Бейжің педагогика университетінде Спорт өндірісі және экономика мамандығы бойынша оқыдым. - Мүлде басқа бағыттағы мамандықты оқи тұра әртістік жолыңыз қалай басталды? Әлде жақындарыңыздан өнер жолын қуғандар бар ма еді? - Жақындарымнан өнерге қатысы бар ешкім болған емес. Әртіс болу арманым кішкентай кезімде оянған. Көрген киноларымның әрбір кейіпкеріне еліктеп, қиялданатынмын. Алайда, Қытайда кино әртісі болудың қиындығы мені де айналып өтпеді. Әртістікке миллиондаған талапкердің ішінен санаулысын ғана оқуға қабылдайды. Қаражатты да көп талап етеді. Сөйтіп мектепте баскетболмен жиі айналысатын мен үшін с…

0
0
908