Мазмұнға өту

Жаңа

Павлодарда тоғызқұмалақтан ІІ ашық Азия чемпионаты басталды

Бүгін Павлодардағы Шахмат үйінде тоғызқұмалақтан Азияның ІІ ашық чемпионаты басталды. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, Түркіменстан елдерінен 103 спортшы қатысуда. Жеңімпаздардың есімдері 23-і күні белгілі болмақ. Чемпионатты Дүниежүзілік тоғызқұмалақ қауымдастығы мен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі бірлесіп ұйымдастырып отыр. Бұған дейін бұл байрақты бәсеке алғаш рет 2009 жылы Шымкентте өткен болатын. Онда да жоғарыда аталған 9 елден команда қатысқан еді. Онда ел намысын қорғаған спортшылпар ерлер арасында да, әйелдер арасында да қарсылас шақ келтірмеді. Атап айтқанда, астаналық Айдос Сейітжан бірінші, шымкенттік Серік Ақтаев пен Ғалымжан Темірбаев 2-3 орын алған болатын. Ал әйелдер арасында ақтөбелік Диана Кенина бірінші, қ…

0
0
368

«Барыс» бүгін сырт алаңда «Лев» командасымен кездеседі

Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Лев» (Чехия, Прага) командасымен кездеседі. «Левтың» Құрлықтық хоккей лигасына қосылғанына көп бола қойған жоқ. Сол себепті осы уақытқа дейін екі команда екі-ақ рет кездескен. Екеуінде де «Барыс» жеңіске жетті. Бірінші ойын 4:2 есебімен аяқталса, екінші матчта Астана қаласының хоккей клубы өз қарсыласынан 5:1 есебімен басым түскен. Лиганың жалпытурнирлік кестесінде «Барыс» (56 ұпай) үшінші орында тұрса, «Лев» (42 ұпай) он бірінші орында келеді. Айта кетейік, кеше «Барыс» хоккей клубының ресми сайтында бүгінгі ойын түнгі сағат 00:00-де басталады деп берілді. Содан кейбір түсініспеушіліктер де орын алды. Ойынның уақыты нақтыланды. «Барыс» пен «Лев» арасындағы матч түнгі сағат 23:55-те басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир…

0
0
237

«Сарыарқа» Саратов командасын ойсырата ұтты

Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы

Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «Кристалл» (Ресей, Саратов) командасын ойсырата ұтты. Есеп — 5:0.

Матчтың бірінші кезеңінде «Сарыарқаның» хоккейшілері қарсыластың қақпасына үш бірдей шайба салып, алға шықты. Екінші кезеңде Константин Макаров дубль жасаса, үшінші кезеңде Кирилл Лебедев қарағандылық клубтың басымдығын ұлғайтты. Бұл ойында алғашқы шайба бір ойыншыға артық құрамда соғылды. Ал қалған төртеуін «Сарыарқа» тең жүріп, сала білді. Қорытынды есеп — 5:0.

Осы ойыннан кейін «Сарыарқа» тағы үш ұпайға қол жеткізіп, барлығы 40 ұпаймен жетінші орнын сақтап қалды. Ал «Кристалл» хоккей клубы он алтыншы орынға сырғыды

0
0
406

Қазақстандық Дания Тілеумбетова бодибилдинг бойынша әлем чемпионы атанды

Қазақстандық Дания Тілеумбетова

13 қарашадан бастап 17  қарашаға дейін Будапештте (Венгрия) әлемнің 41 елінен келген спортшылар қатысқан бодибилдинг және фитнес бойынша әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Аталған спорт түрі тарихында тұңғыш рет отандық спортшымыз әлем чемпионатында құрмет тұғырының жоғарғы сатысына көтерілді. Мұндай айтулы жетістікке «Модель-физик» санатында Дания Тілеумбетова қол жеткізді. Ол жартылай финалды оңай еңсеріп, бес финалистің қатарына енді. Ал финалда алдына жан салған жоқ.

Дания қыркүйек айында Вьетнамда Азия чемпионатын жеңіп алған. Спортшы Алматыда тұрады, жұмысы да сонда. «Фитнес-блиц» фитнес клубында жаттығады.

0
0
283

Әмбебап полицейлер әлеуеті

Әмбебап полицейлер әлеуеті. «Егемен Қазақстан», 19.11.2013ж.Жазаны қатаңдату қадамдары оң нәтижесін береді деп күтілуде Әмбебап полицейлер патрульдік және жол полициясы бөліністерінің бірігуі нәтижесінде құрылды. Бұдан бұрын хабарланғанындай, Үкімет қаулысына сәйкес Әкімшілік полиция комитеті Жол полициясы комитетін қосу арқылы қайта құрылды. Аумақтық ішкі істер органдарында осыған ұқсас Әкімшілік полиция басқармалары, аудандық буында тиісті бөлімдер (бөлімшелер), сондай-ақ жол-патрульдік полициясының саптық бөліністері жасақталды. Еліміздің ішкі істер органдарының жол-патрульдік полициясы саптық бөліністерінің үлгі құрылымдары мен штаттары бекітілді. Әмбебап полицейлерді басқалар­дан айыру мақсатында біз жаңа кеуде жетондарын, сондай-ақ нысандық киімге тігілетін шеврондар әзірледік. Келе…

0
0
392

Андре Уорд: «Мен Головкиннің әлсіз тұстарын білемін»

Орта салмақтағы әлемнің үздік боксшыларының бірі, 2004 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, америкалық Андре Уорд қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің осал тұстарын жақсы білетіндігін мәлімдеді. Бұл жөніндегі MMAboxing.ru порталы хабарлады. «Мен үшін кіммен болса да шаршы алаңға шығу қиындық туғызбайды. Бұл жағынан мен ешкімнен қашқан емеспін. Мен Головкинді сыйлаймын, алайда оның әлсіз тұстарын да жақсы білемін. GGG тамаша боксшы, бірақ оның қаншалықты мықты екенін де білемін. Головкин Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Ал оның кәсіби рингтегі жетістігіне келер болсам, ол осы күнге дейін бірде-бір мықты, ел таныған боксшымен шығып көрген жоқ. Қазір сіз оның командасынан «Супер орта салмаққа ауысып, кездесу өткізгіңіз келе ме?» деп сұрап көріңіз. Меніңше олардың бұл ұсынысқа «иә»…

0
0
377

Әбу Дабиде Қазақстан Елшісі Қайрат Лама Шариф БАӘ Уақыптар және ислам істері жөніндегі Бас агенттігінің Төрағасы Х. әл-Мазругимен кездесті

18 қарашада Әбу Дабиде Қазақстан Елшісі Қайрат Лама Шариф Біріккен Араб Әмірліктерінің Уақыптар және ислам істері жөніндегі Бас агенттігінің Төрағасы доктор Хамдан әл-Мазругимен кездесті. Сұхбат кезінде тараптар ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы М.Әзілхановтың Әмірліктерге жұмыс сапарын ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Аталмыш сапар барысында екі елдің дін саласына жауапты мекемелері өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюды жоспарлауда. Сонымен қатар Елші Қайрат Лама Шариф сұхбаттасын Қазақстан жастарына ислам құндылықтары туралы толыққанды мағлұматтар беруге арналған «Е-Islam» ақпараттық-ағартушылық ғаламтор-порталымен таныстырды. Өз кезегінде Хамдан әл-Мазруги­ Әмірліктердегі www.awqaf.ae ақпараттық-консуль­та­тивтік веб-сайтының қызметі туралы баяндап берді. Кездесу соңында қ…

0
0
344

Бас прокуратура алқасының отырысы туралы баспасөз-хабарламасы

Бүгін Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен Бас прокуратура алқасының кеңейтілген отырысы болып өтті, онда қасақана адам өлтіру қылмыстарын ашу, осы санаттағы істер бойынша сот-тергеу практикасы мен прокурорлық қадағалау бойынша заңдылықтың және ішкі істер органдары жедел-іздестіру қызметі тиімділігінің жай-күйі туралы мәселелер қаралды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokuratura-alkasynyn-otyrysy-turaly-baspasoz-habarlamasy-astana-18-karasha

0
0
340

Еуропа қазақ қоғамдары федерациясы 10 елде тұратын қазақтардың басын қосып отыр

АСТАНА. 30 қазан. BAQ.KZ – Еуропа елдерінде тұратын қандастарымыздың басын қосатын Еуропа қазақ қоғамдары федерациясы бұл күнде өз жұмысын нәтижелі атқарып келе жатыр. Еуропа қазақ қоғамдары федерациясы Германия, Франция, Швеция, Австрия, Британия, Норвегия, Дания, Голландия және Швейцария сияқты елдерде тұратын қазақтардың басын қосатын ұйым. Еуропа елдерінде тұратын қазақтар екі топтан құралады. Олардың басым көпшілігі 1930-1950 жылдары Қытай әкімшілігіне қарсы көтерілістері сәтсіздікке ұшыраған соң Үндістан және Пәкістан арқылы Түркияға келіп жеткен, сол арқылы 1960 жылдарға келгенде Еуропа елдеріне қоныс тепкен қазақтардың ұрпақтары құрайды. Бұндағы қазақтардың екінші бөлігі болса, 1920 жылдың соңы Қазақстанда жүргізілген кеңестендіру саясаты салдарынан елден кетіп Ауғаныстанға, Иранғ…

0
0
840

Қытай қазақ студенттері оюланған кітап қыстырғыш жасады

ҚЫТАЙ. 27 қазан. BAQ.KZ – Алып ел Қытайдағы қазақ студенттерінің басын қосқан «Қытай қазақ студенттері бірлестігі» жұмыс жасап келе жатқанын бұдан бұрын хабарлаған едік. Олардың жоспарында қазақы өнім жобалап шығуда бар екенін айтқан болатынбыз. Бірлестіктің алғашқы өнімі жақында жұртқа ұсынылды.


Қытай қазақ студенттері бірлестігінің шығарған алғашқы өнімі қазақы үлгідегі кітап қыстырғыш екен. Кітап оқығанда жалғастырып оқитын бетті бүктемеу үшін арнайы ықшамдалып жасалған қыстырғышқа қызығушылардың саны артуда. 
Бірлестік басшылары ою-өрнекпен әдіптелген кітап қыстырғышты жобалауда және оны базарға салуда «Сахара» сайтының да үлесінің зор болғандығын айтып қуанып отыр.

 

Майгүл СҰЛТАН

BAQ.KZ

0
0
966