Мазмұнға өту

Жаңа

«Барселона» таңдау жасауда..

Барселона" таңдау жасауда...

Қысқы ауысымда каталондық «Барселона» орталық қорғаныс пен орталық шабуыл шебін күшейту мақсатында «Порту» клубының қос бірдей ойыншысын сатып алуы мүмкін.

Mundo Deportivo хабарлауынша, аталған ойыншылар Аргентина құрамасының 25 жастағы қорғаушысы Николас Отаменди мен Колумбия құрамасының 27 жастағы шабуылшысы Джексон Мартинес екен. Бүгінгі таңда Отамендидің трансферлік құны 11 миллион еуроға бағаланып отыр («Портумен» арадағы келісімшарты 2015 жылы аяқталады). Ал Мартинестің ауысымдағы келісімшарты 2016 жылы аяқталады) 26 миллион еуроға бағалануда.

Қазіргі таңа каталондық клуб басшылығы қос футболшы үшін 80 миллион қаражатты жұмсауға бар.

Ертеректе Хaвьeр Мaскeрaнoның 20 миллион еуроға клуб сапынан кететіні айтылған еді.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

0
0
269

Соттылық жөніндегі анықтаманы 3 минутта алуға болады

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Президенттің Мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту, азаматтарға жедел қызмет көрсету, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін арттыру жөніндегі жолдауы аясында соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы алу үрдісін жеңілдетті.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/sottylyk-zhonindegi-anyktamany-3-minutta-aluga-bolady

0
0
486

Баспасөз ақпараты (Абу-Даби қаласы, Біріккен Араб Әмірлігі, 10 желтоқсан 2013 жыл)

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель Абу-Даби қаласында өткен халықаралық құқықтық саладағы ынтымақтастық мәселелеріне арналған халықаралық конференцияға қатысты.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/baspasoz-akparaty-abu-dabi-kalasy-birikken-arab-mirligi-10-zheltoksan-2013-zhyl

0
0
586

Қаржы полициясы агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысын өткізді

Ағымдағы жылғы 10 желтоқсанда Қаржы полициясы агенттігінде аумақтық қаржы полициясы департаменттерімен бейнеконференция байланысын пайдалана отырып, Агенттіктің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) отырысы өтті. Отырыста екі сұрақ қарастырылды. Алкоголь өнімінің, оның ішінде пивоның заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып отырған шаралар туралы Қаржы полициясы агенттігінің Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаментінің бастығы Ж.Еламанов мәлімдеді. Агенттіктің Сыбайлас жемқорлық істерді ашу және алдын алу департаментінің бастығы Д.Шакенов «Қолма-қол ақша қаражаттардың айналымын шектеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара ретінде» тақырыбында баяндама жасады. Кеңес отырысына Қоғамды…

0
0
405

«Дін және азаматтық қоғам»

2013 жылдың 11 желтоқсанында Алматы қаласындағы Достық үйінде ҚР Дін істері агенттігі, «Қазақстанның азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі мен «Астана – Зерттеу» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Дін және азаматтық қоғам» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

Конференция жұмысына ғалымдар, сарапшылар қауымдастығы, мемлекеттік орган, азаматтық қоғам және талдау жүргізу құрылымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Конференция мақсаты: Дін саласындағы мелекеттік саясатты жүзеге асыру үрдісінде азаматтық қоғам өкілдерімен конструктивті байланыс орнату.

Өткізу уақыты: Басталуы – 10.00.

Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 40 – «Достық үйі».

0
0
381

ҚР Қорғаныс министрі Ә.Жақсыбеков РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Д. Рогозинмен кездесті

2013 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде Қорғаныс министрі Ә.Жақсыбековтің Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Д. Рогозинмен кездесуі өтті. (Анықтама: Ресей Үкіметінде Дмитрий Рогозин қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне, мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалуына атомдық және ғарыштық саласны үйлестіруге,экспортты бақылауға,ОДКБ шеңберінде әскери-техникалық саясатты іске асыруға жауап береді.РФ Үкіметі жанындағы әскери-өнеркәсіп комиссиясына басшылық жасайды). Кездесу барысында әскери-экономика және әскери-техника саласы бойынша екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қазақстанның Ресеймен осы салалар бойынша ынтымақтастығы өзара тиімді әрі сындарлы негізде дамуда екендігі аталып өтті. Кездесу барысында Қазақстанда жұмыс істеп тұрған бірлес…

0
0
297