Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кедендік бақылау комитеті сірткі, психотроптық заттар және олардың прекурсорлар контрабандасы фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында жедел-профилактикалық операцияларын (ЖІО) ұйымдастырады

Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) есірткі, психотроптық заттар және олардың прекурсорлар контрабандасы фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында өз құзыреті шеңберінде «Талас», «Тасымалдаушы», «Тойтарыс» және басқа да ведомстволық жедел-профилактикалық операцияларын (ЖІО) ұйымдастырады және өткізуде, оған барлық кеден органдарының аумақтық бөлімшелері қатыстырылады.
Бұдан басқа, Комитет республиканың басқа құқық қорғау органдары өткізетін барлық «Мак», «Мышеловка», «Рубеж», «Барьер», ТМД кеңістігінде көп кезеңді өткізілетін «Канал-Кавказ», «Часовой-2013» жедел- профилактикалық операцияларына қатысады.
Мәселен, «Рубеж» ЖІО - Қазақстан Республикасының батыс өңірінде наркотрафиканың алдын алуға бағытталған, ал «Мышеловка» ЖІО ШҰБ-не мүше мемлекеттердің шекералас өткізу пункттерінде прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимылға бағытталған.
ҰҚШ-ға мүше мемлекеттердің есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша құзырлы органдары басшыларының Үйлестіру кеңесінің негізгі іс-шараларының 2012-2013 жылдарға арналған жоспарына сәйкес Комитет «Көлік-Арнасы» атауымен аталған халықаралық ЖІШ-ге қатысты. 
Есірткі контрабандасына қарсы күрес және есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін арттыру мәселелеріндегі Комитеттің, Ішкі істер органдары және шекара қызметінің бірлескен іс-қимылды үйлестіру мақсатында 2013-2014 жылдарға арналған Бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары жоспарына қол қойылды. 
Бұдан басқа, Комитет «бақылаудағы жеткізілім» әдісі бойынша жедел-іздестіру іс-шарасын ұйымдастырады және өткізуге қатысады.
Контрабандаға қарсы күрес басқармасының аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері Жамбыл, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасымен бірлесе Жоспар шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізеді, оның барысында есірткі құралдарының заңсыз айналымымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтардың белсенді мүшелері, сондай-ақ контрабандасы ұсталды.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 05.02.2013ж. Жамбыл облысы бойынша КБД «Қарасу» кеден бекетінде ҚР арқылы Литва Республикасына транзит арқылы Қырғыз Республикасынан келе жатқан Қырғыз Республикасының азаматының жүргізуіндегі «Мерседес - Бенц 1831 LL» маркалі бос автомашинасынан жалпы салмағы 10 кг 890, 97 грамм 11 пакет «героин» есірткі құралы анықталды және алынды.
Сондай-ақ, Жамбыл облысы Қордай ауданы Қайнар кентінің жанында Қазақстан Республикасының азаматы жалпы салмағы 119 кг кептірілмеген марихуанамен ұсталды.
23.04.2013 ж. Жамбыл облысы бойынша КБД «Қарасу» кеден бекетінде Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына келе жатқан ҚР азаматының жүргізуіндегі «Мерседес Бенц 220Е» маркалы автокөлік құралына қызметтік-іздестіру иттерін қолданумен (ҚІИ) кедендік тексеріп-қарау жүргізу барысында артқы орындықтың арқасының астынан жалпы салмағы 10 кг. 748,460 грамм «героин» есірткі құралы бар 11 брикет анықталды.

0
0
456

Осы тақырып бойынша