Қаржы полициясы салық органдарының қызметкеріне пара берген жеке кәсіпкерді ұстады
2013 жылғы қарашаның соңында Қарағанды облысы бойынша ЭСЖКД Жезқазған аймағы бойынша қаржы полициясы басқармасына Жезқазған қ. Салық басқармасының бас маманы өзіне әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін бірнеше рет пара ұсынған кәсіпкер С.Лиге қатысты арызбен жүгінген.
А.ж. 21 қарашасында Жезқазған қ. Салық басқармасының қызметтік кабинетінде, С.Ли осы мекеменің қызметкеріне кезекті рет пара ұсынған, және мұның сыбайлас жемқорлық қылмыс болып табылатыны туралы ескерткенге қарамастан, үстелге 30 мың теңгені қойған.
23 қарашада С.Лиге қатысты пара беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазақстан Республикасының қылмыстық-іс жүргізу заңнамасына сәйкес, Лидің өз кінәсін толық мойындағанын және келтірілген дәлелдерге дау айтпағанын ескеріп, оның келісімімен осы факті бойынша іс жүргізу жеңілдетілген тәртіпте жүзеге асырылды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Қазіргі кезде көптеген мемлекеттік қызметшілер, заңсыз әрекет үшін пара ұсынған адамдарға қатысты арызбен қаржы полициясы органдарына жүгіне бастағанын атап өту керек.
Бұл факт олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі ұстанымдары және қоғамда оның кез келген көріністеріне төзімсіздік атмосферасының қалыптасқаны туралы куәландырады.
