Мазмұнға өту

Жаңа

Швед бапкері Қазақстан құрамасын жаттықтырудан бас тартты.

Белгілі швед бапкері Свен-Горан Эрикссон

Белгілі швед бапкері Свен-Горан Эрикссон Қазақстан құрамасын жаттықтырудан бас тартты.

«Гуанчжоу» командасын жаттықтыратын маманға ҚФФ ұлттық құраманы жаттықтыруға ұсыныс жасаған. Алайда Эрикссон көлемді ақы сұраған. Алайда ҚФФ белгілі маманның сұрағанымен келіспеген. Кейін швед бапкері Қазақстан құрамасын жаттықтырудан бас тартты.

Қазір футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын чех маманы Мирослав Беранек жаттықтырады. Алайда ол жақын арада отставкаға кетуі тиіс, деп хабарлайды «Аламан».

0
0
347

Қазақстан мен Түркия қорғаныс ведомствосының басшылары әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Қазақстанға ресми сапармен келген Түрік Республикасының Ұлттық Қорғаныс министрі Исмет Йылмазбен кездесті. ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков:– Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық қазіргі таңда бауырлас елдеріміз басшыларының арқасында белсенді түрде дамып келеді. Түркия Қазақстанның Тәуелсіздігін таныған тұңғыш мемлекет. Алғашқылардың бірі болып, Қарулы Күштерді дамытудың әртүрлі аспектілері бойынша өз тәжірибелерін бөлісуге әзірлігін білдірген болатын, – деп атап өтті. Кәсібилендіру бүгінде Қазақстан әскері үшін өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Осы бағытта Қазақстан әскери ведомствосы түрік әскерінің іріктеу жүйесін дамыту, шақыру, әскери персоналды есепке алу мен бағалау тәжірибесін зерд…

0
0
492

Оралда тұңғыш рет аралас жекпе-жек түрлерінен турнир мәреге жетті

Кеше облыстық жоғары спорттық шеберлік мектебінің залында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай жастар мен ересектер арасында аралас жекпе-жек түрлерінен облыстық турнир мәреге жетті. Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, 16-19 жастағылар арасынан өз салмақ дәрежелеріне қарай Досбол Еліген (62 кг), Оралбек Мақашев (65,8 кг), Андрей Шилимов (70,3 кг), Илья Пяткин (77,1 кг), Сұлтанбек Меңдібаев (77+ кг) жеңімпаз атанды. Ал ересектер арасында Аманқос Жанғалиев (62 кг), Мансур Арсаханов (65,8 кг), Серік Қартабаев (70,3 кг), Ислам Хасиев (77,1 кг), Армат Сәрсекенов (84 кг), Андрей Смирнов (93 кг), Михаил Помазанов (93+ кг) чемпиондық атаққа қол жеткізді. Бұлардың бәрі де Орал қаласының атынан сынға түсті. Айта кету керек, жекпе-жекке шыққандар арасында…

0
0
423

Үздіктер іріктеліп шықты

Алтын доп

Жаңа ғана «Алтын доптан» үміткер 3 футболшының есімдері белгілі болды. Олар: Роналду, Месси және Рибери.

Қазан айының соңына қарай ФИФА «Алтын доптан» үміткер 23 футболшының тізімін жариялаған болатын. Бүгін сол қатардан аталған үш футболшы өзгелерден жоғары дауыс жинап, оза шапты.

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Ференц Пушкаш атындағы cыйлыққа үміткерлер тізімінде Златан Ибрагимович (ПСЖ), Неманья Матич (Бенфика) және Неймар (Барселона) голдары үздік үштікті бастап шықты.

Ал жылдың үздік бапкерінен Юрген Клопп («Боруссия Д»), Юпп Хайнкес («Бавария») және «қызыл сойқандардың» экс-бапкері сэр Алекс Фергюсон үмітті.

Футболдағы 2013 жылдың мәртебелі атақтарының иегерлері 13 қаңтар күні Цюрих қаласындағы салтанатты кеште анықталатын болады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

0
0
372

Хопкинс Шүменовты шаршы алаңға шақырды

Орта салмақтағы WBA нұсқасы бойынша супер-чемпион жерлесіміз Бейбіт Шүменовтың қарсыласы осы салмақтағы IBF чемпионы америкалық Бернард Хопкинс болуы ықтимал. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының Вконтактідегі жеке парақшасы хабарлап отыр. - Мен қазіргі таңда IBF белбеуінің иегерімін, және азулы қарсыласпын да. Стивенсон және Ковалевпен жұдырық түйістіргім келеді. Бірақ бұл әзірге мүмкін емес. Сондықтан Бейбіт Шүменовпен кездесу өткізгенді дұрыс деп шештім. Ол менімен жұдырықтасуды қаласа, келісімшартқа қол қоятын боламыз, – деді әйгілі чемпион. Естеріңізге сала кетсек, 30 жастағы жерлесіміз Бейбіт Шүменов осы сенбіде АҚШ-та словак Тамаш Ковачпен шаршы алаңда жекпе-жек өткізеді. Ал 48 жастағы Бернард Хопкинс соңғы кездесуін 26 қазан күні неміс Каро Муратаға қарсы өткізіп, ұпай айырмаш…

0
0
320

Италияда Қысқы Универсиада ойындары өтеді

Қысқы Универсиада

11 желтоқсан күні Италияның Трентино қаласында XXVI бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындары басталады. Дүбірлі додада ел намысын қорғайтын сайыпқырандар спорттың 8 түрі бойынша сынға түседі.

Студент жастардың арасында өтетін Универсиадада спортшыларымыз мәнерлеп сырғанау, фристайл, сноуборд, шорт-трек, тау шаңғысы, хоккей тағы да басқа спорт түрлерінен бақ сынайды. Алтын алады деп үміт күтетін спортшымыздың бірі – мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен.

Италия жерінде өтетін Универсиаданы «KAZsport» арнасынан тамашалай аласыздар. Жарыс желтоқсанның 11-і күні басталып, 21 желтоқсанға дейін жалғасады. Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылғы ХXVII бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындары Алматы қаласында өтеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

0
0
425

Қазақстан мен Түркия қорғаныс министрлері «Қазақстан АСЕЛСАН инжиниринг» жаңа зауытын ашты

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков пен Түрік Республикасының Ұлттық Қорғаныс министрі Исмет Йылмаз электронды-оптикалық құрылғылар өндіретін «Қазақстан АСЕЛСАН инжиниринг» қазақ-түрік бірлескен кәсіпорнын ашты. Бұл Қазақстан мен Түркия мемлекет басшыларының уағдаластығына сәйкес құрылып отыр. Қорғаныс ведомстволарының басшылары болашақ өндіріс корпустарының орналасу орнын қарап, аталған кәсіпорында шығаралатын өнімдердің үлгілерімен танысты. Әділбек Жақсыбеков Астанада жоғары технологиялық өндірісті қорғаныс-өнеркәсібі кешен ашылуының маңызын айрықша атап өтті. Бірлескен жобадағы Қазақстанның алғашқы кездегі үлесі 20 пайызды құрайды, жуықтағы 5 жылдың ішінде ол 67 пайызға дейін артатын болады. «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма…

0
0
529

Экологтар қызметіне талап күшейді

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/12/100-65/ Соңғы жылдары Алматы қаласының аумағында қарқынды түрде салынған түрлі ғимараттар мен тұрғын үйлердің, өндіріс кешендерінің тығыз орналасуы ауа ағысының баяулауына және ластануына әкеліп соқты. Көшелердегі қаптаған автокөліктерден бөлінген зиянды заттар, тұрғын үйлерден, халыққа қызмет көрсететін нысандардан бөлінетін тұрмыстық қалдықтар қоршаған ортаға кері әсерін тигізуде. Осыны ескерген Алматы қаласы бойынша экология департаментінің қызметкерлері табиғатқа, оның ішінде ауаға, суға көп мөлшерде кері әсерін тигізетін өндірістер мен кәсіпорындардың қоршаған ортаны қорғау бойынша нормативтік ережелерді қатаң сақтауын талап етуді күнделікті қызметінде берік назарда ұстайды. Қоршаған ортаның сапасын үздіксіз електен өткізіп тұру қажет. Мұның д…

0
0
279

Жетімдер, Туғаннан аты, «Тастанған» (Жетімдер үйі)

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Қиямет, қайдан табылған? Жетім боп, сәби аталған. Сәбидің бары, бір арман, Табылса ана, қасынан. «Анашым, болайын, саған сеп, Алладан, сұрарым, бар тілек. Анамды, кешіре гөр, сен жебеп, Анасыз, бұл өмір, не керек?» Тоқ болса да тамағы, біледі, Аңсаған, оның, жүрегі. Болса да, жоқтық, көнеді, Тек ана, оның тілегі. Арманы еді, сәбидің, Ата – анам, келсе екен деп. Құшағын, көрсе ананың, Өмірі, сонда кетпес тек. «Айтарым, келсе анама, Керегім, аңсауым, сен ғана. Сағындым, жанымды аяла, Мен үшін, бақытсың, сен ғана» Жаутаңдап, қайта қарайды, Мағанда, мүмкін, келер деп. Үмітпен күнін, санайды, Кім оған, болар, енді сеп? Болушы еді, жан арман, Сәбилі болу, әрбір жан. Тағдыры, солай жазылған, Туғаннан аты, «Тастанған» Қиямет болды-ау, бұл жалған, Cәбидің көзі, жас…

0
1
1530

Ұлттық құраманың XXII қысқы Олимпиада ойындарына дайындығы

Сочиде өтетін қысқы олимпиадаға дейін уақыт күн санап азаю үстінде. Жанкүйерлер спорт шайқасын зер салып бақылауға дайындалса, спортшылар соңғы жаттығуларды өткізіп жарыстардың басталуын күтуде. Көптеген елдерде олимпиада ойындарына құрамаларды дайындау мемлекеттік деңгейде жүргізіліп жатыр. Соңғы кезде ірі халықаралық сайыстарға шығу және жеңістерге қол жеткізу елдің беделін, оның экономикалық және әлеуметтік қолайлығын көрсететін өзінше бір индикаторға айналғандай. Мемлекеттің спортқа және спортшылардың табысына көңіл бөлуі елдің өмір сүру деңгейі мен дамуының көрінісі сияқты. Өз уақытында, Кеңес Одағы өз командасының спорттағы жетістіктерін социалистік жүйенің артықшылығын дәріптейтін эталон ретінде таңдап алған болатын. Одан бері көп жыл өтті, Кеңес Одағы ыдырап кетті, ал социалистік…

0
0
1534