Жедел мәліметі
2013 жылғы өткен 2-8 желтоқсан кезеңінде Қазақстан Республикасының кеден органдары жедел және қызметтік іс-қимылдардың нәтижесі бойынша:
- 4- қылмыстық іс қозғады;
- 46 -әкімшілік іс қозғады;
- 1 523 280 теңге айыппұл өндіріп алды.
- қозғалған қылмыстық іс бойынша тауарлардың құны - 11 606 567 теңге; - келтірілген залал сомасы- 12 273 011 теңге құрады.
Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Алматы қаласының халықаралық әуежайында Үрімші қаласына (Қытай Халық Республикасы) бағыт алған Қазақстан Республикасының азаматын ұстады.
Жүкті кедендік тексеру жүргізу барысында одан декларацияланбаған АҚШ-тың 23 мың 430 доллар сомасындағы, 50 қытай юань шетел валютасы, сондай-ақ 12 мың теңге сомасындағы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы анықталды. Осы факт бойынша 2013 жылғы 2 желтоқсанда қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.
Қарағанды облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті Контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы азаматының басқаруындағы 2008 жылы шығарылған «TOYOTA LAND CRUISER» маркалы автомашинасын ұстады.
Ұстаған сәтте азаматтың қолында автомашинаны Кеден одағының шекарасы арқылы өткізу заңдылығын растайтын құжаттар болған жоқ. Төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы - 6 371 635 теңгені құрады. Осы факт бойынша 2013 жылғы 3 желтоқсанда қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.
Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті Контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 2005 жылы шығарылған «SCANIA R-420» автокөлік құралын контрабандалық жолмен әкелу әрекетінің жолын кесті. Төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы - 5 млн. 901,3 мың теңгені құрайды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.
Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті Контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі және психотроптық заттарды Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз өткізу әрекетінің жолы кесілді.
Қытай Халық Республикасынан Қазақстан Республикасына жеке тұлғаның мекенжайына халықаралық почта корреспонденциясымен келген ақ-сарғыш түсті ұнтақ тәрізді зат анықталды. Жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша ұнтақ тәрізді заттан Қазақстан Республикасының бақылауындағы заттар тізіміне енгізілген қатты әсер ететін есірткі - метанон анықталды. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.
