Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жедел мәліметі

 

Өткен аптада 2013 жылғы 25 қарашадан бастап 2 желтоқсан кезеңінде Қазақстан Республикасының кеден органдары жедел және қызметтік жұмыс нәтижелері бойынша:
- Қозғалған қылмыстық істер – 8
- Қозғалған қылмыстық іс бойынша тауарлардың құны – 24 390 031 теңге;
- залалдың сомасы – 17 222 956 теңге анықталды.
Қозғалған әкімшлік іс – 58;
Өндірілген айыппұл – 9 208 116 теңге. 

Халық тұтынатын тауарларды (ХТТ) аса ірі мөлшерде дұрыс емес декларациялау фактісін Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері анықтады.
ХТТ Қазақстан Республикасы азаматының мекен-жайына Түрік Республикасынан келіп түскен.
Тексеру барысында кеденшілер Түрік Республикасы кеден органдарынан экспорттық декларация алды, оны салыстыру кезінде тауарларды дұрыс емес декларациялау фактісі анықталды.
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес декларацияланбаған тауарлардың жалпы құны 13 млн. 279 мың 793 теңге құрады, төленуге жататын кедендік төлемдер мен алымдардың сомасы 3 524 665 теңге құрады.
Дұрыс емес декларациялау фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 209-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 
Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде «Айша бибі» кеден бекетінің кедендік терминалы залында Қырғыз Республикасына жол жүретін Қазақстан Республикасының азаматын ұстады.
«СКАНПАСС» кедендік бақылау техникалық құралын пайдаланумен тексеру кезінде оның бойында (тік ішегінде) полиэтилендік пакетке оралған түйіншек табылды және алынды.
Сарапшылардың қорытындысы бойынша түйіншектің ішінде жалпы салмағы 1 840 грамм құралы «героин» есірткі болған.
Ұсталғанға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 250-бабының 4-бөлімі мен 259-бабының 1-1-бөлімінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

0
0
236

Осы тақырып бойынша

Жедел мәліметі - Yvision.kz