Таможенный комитет МФ РК
@KTK_MF_RK
Комитет таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан является ведомством Министерства финансов Республики Казахстан, осуществляющим в пределах своей компетенции реализационные и
рейтинг
100
жазбалар
117
пікірлер
0
тіркелуші
6
жазылымдар
0
рейтинг
100
жазбалар
117
пікірлер
0
тіркелуші
6
жазылымдар
0
Кедендік бақылау комитетінде Қазақстанда халықаралық сауданың қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) қауіпсіздік стандартына сәйкес жеткізу тізбегінің процесін қамтамасыз ету мәселелері бойынша семинар өтті
Ағымдағы жылғы 27-28 ақпан аралығында Кедендік бақылау комитетінде: «Кеден одағында шектеулер мен тыйым салуларды қолдану. Халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары. Кеден ісі саласындағы қызметті бақылау және Уәкілетті экономикалық операторлар» атты тақырыбында республикалық семинар өтті. Семинардың өзектілігі Қазақстанда халықаралық сауданың қауіпсіздігін арттыру қажеттілігімен, сондай-ақ Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) қауіпсіздік стандартына сәйкес жеткізу тізбегінің процесін қамтамасыз етумен айқындалды және мемлекет пен бизнес арасындағы әріптестік қатынастардың дамуына ықпал етеді. Қазақстан Республикасындағы УЭО институты Әлемдік сауданы жеңілдетудің және қауіпсіздіктің негіздемелік стандарттарының ұсынымдарына, сондай-ақ кедендік рәсімдердін оңайлату мен үйлестіру туралы халықа…
2013 жыл ішіндегі жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алқа отырысы өтті
Алқа отырысы күн тәртібінде белгіленген негізгі мәселелерді талқылау Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмалары және кешегі Қаржы министрлігі Алқасында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі анықтаған міндеттер контексінде өтті. 2013 жылғы 12 ай ішінде кеден органдары бюджет кірісіне 1 трлн. 339,5 млрд. теңге сомасына КТмС түсуін қамтамасыз етті. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 192,6 млрд. теңгеге немесе 16,8% артық аударылды. Республикалық бюджеттің кірісіне кедендік төлемдер мен салықтардың түсу үлесі 37,0% құрады. Посткедендік бақылау нәтижесі бойынша қосымша 16 млрд. теңге есептелді, олардың 6 млрд.теңге кедендік төлемдер мен салықтары бюджет кірісіне өндірілді. Сондай-ақ Алқада кеден саласындағы құқық бұзушылықтардың…
Кеден комитетінде кадрлық орын ауыстырулар жасалды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Төрағасының бұйрығымен Қостанай облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті бастығының міндетін атқарушы лауазымына Нұржан Әмірғожаұлы Әшіханов тағайындалды. Тағайындалғанға дейін ол, Комитеттің қарауында тұрған. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының бұйрығымен Бақыт Сегізбайұлы Сәтмағанбет атқарып отырған Қостанай облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы лауазымынан босатылып Комитеттің қарауында қалдырылды. Аумақтық кеден органдарының басшыларын тағайындау және босату Комитетпен кадрлар ауыстыруды және жұмыс тиімділігін жақсартуды көздеу шеңберінде жүргізіледі. Кадрларды ауыстыру басқа да аумақтық органдарда жүргізіледі және құқық қорғау қызме…
ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің Оқу-әдістемелік орталығында «Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде» жұмыс істеу тәртібі мен ережелері бойынша семинар өткізілуде
Мемлекет басшысының қағазсыз құжат айналымына өту жөніндегі тапсырмасын орындау үшін, сондай-ақ Электрондық құжат айналымының қағидаларына енгізілен өзгерістерге сәйкес (ҚР Үкіметінің 31.10.2012 жылғы № 1380 қаулысы), мемлекеттік органдар құжаттарды қағазсыз тасымалдағыштармен қайталамай 10 жыл сақтау мерзімімен ведомствоаралық электрондық құжат айналымына өту жөніндегі іс-шаралар өткізуде. Соңғы жыл ішінде мемлекеттік органдарда электрондық құжат айналымының даму динамикасы электрондық құжаттармен қағазда қайталамай жұмыс істеуге өтудің сенімді қарқындарын көрсетті. Электрондық құжат айналымын одан әрі жетілдіру мақсаттарында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Оқу-әдістемелік орталығының «Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде» жұмыс істеу тә…
«Call-center» Кеденге сұрақтарыңыз бар ма? «1412» тегін нөміріне «Call-center» — ге хабарлас . Қалалық нөмірлерден қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегін.
«Call-center»
Кеденге сұрақтарыңыз бар ма?
«1412» тегін нөміріне «Call-center» - ге хабарлас .
Қалалық нөмірлерден қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегін.
Кеден комитетінде кадрлық орын ауыстырулар жасалды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен Комитеттің Оқу-әдістемелік орталығының басшысы лауазымына Байдұлда Жақпекұлы Шалабаев тағайындалды.
Тағайындалғанға дейін ол Комитеттің Кадр жұмыс басқармасының басшысы лауазымында болды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен Комитеттің Кадр жұмысы басқармасының басшысы лауазымына Талап Сейітханұлы Сахтапов тағайындалды.
Тағайындалғанға дейін ол Комитеттің Кадр жұмысы басқармасының бас сарапшысы лауазымында болды.
ҚР ҚМ КБК Баспасөз қызметі
Қарағанды облысында 12 жүк көлігінің заңсыз жолмен әкелінгені анықталды
Хабар (ТВ): 01.02.2014 Қарағанды облысында жедел іздестіру шаралары барысында жалпы құны 43 млн теңгеден астам қаражатқа Volvo және DAF маркалы 12 дана жүк көлігінің заңсыз әкілінгені анықталды. Тексерістер барысында жүк көліктерінің тіркеуі тұрғылықты мекенжайы жоқ 58 жастағы азаматтың атынан іске асырылған. Сондай-ақ, автокөлік құралдары Абай ауданы ішкі істер басқармасының тіркеу-емтихан жұмысы бөлімінде Кедендік одақ елдері құжаттарының негізінде тіркелген. Алайда, автокөліктердің кедендік рәсімдеуі Қазақстанда да, Ресей мен Беларусьте де жүзеге асырылмағандығы анықталды. Осылайша, мемлекет қазынасы 100 млн теңгеге шығынға батты. Аталмыш фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, облыстық прокуратураға жөнелтілді. Ал, Абай аудандық ішкі істер басқармасының лауазымды тұлғалары қылмысқа қа…
ҚР-ның Кеден қызметі «KAZLOGISTICS» Қазақстанның Көлік одағымен өткізу пункттері жұмыстарының тиімділігін бағалау және қазақстан-қытай шекарасындағы ресімдеу бойынша бірлескен жұмыстарды жүргізуде
Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы кеден қызметінің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып өткізілетін тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасына барынша тиімді бақылаумен, тоқтатусыз кедендік шекара арқылы жүктердің өтуін қамтамасыз ету табылады. ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің «KAZLOGISTICS» Қазақстан Көлік одағымен ынтымақтастығы кедендік бақылау мен ресімдеу процесінде проблемалық орындарды айқындауға бағытталған, және өткізу пункттері жұмыстарының тиімділігін көтеруге мүмкіндік беретіні күтілуде. «KAZLOGISTICS» мамандары ағымдағы ай ішінде автомобиль және т/ж өткізу пункттерінің жұмыстарына мониторинг жүргізуде. Болжанып отырғандай, бұл зерделеуге қажетті кедендік бақылаудың техникалық құралдарымен өткізу пункттерін жарақтандыруды, оның жұмыс режимін, брокерлік компаниялардың құж…
Кеден комитетінде Түркиядан контрабандалық тауарлар бойынша қылмыстық топтың қызметінің жолын кесуі туралы брифинг өтті
Кедендік бақылау комитетінің Контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері контрабандалық әкелімдердің ірі схемасының жолын кесті. Операция басталар алдында, Түркияның кеден органдарымен өзара қатынаса отырып, Түркиядан бұдан бұрынғы әкелімдер бойынша терең жедел-талдау жұмыстары жүргізілді. Сөйтіп, талдау барысында Түркия мен Қазақстан Республикасының кедендік декларациялары салыстырылып, нәтижесінде тауарлар туралы көрсетілген мәліметтерде (атауы, саны, құны) айтарлықтай айырмашылықтар бар екендігі анықталды. Жүргізілген талдау мен қолда бар жедел ақпараттар тауарлар контрабандасымен ұйымдасқан қылмыстық топ айналысқандығын көрсетті. Бұл топ мүшелері тұрақты схемамен әрекет етіп, олардың басты мақсаты кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару болып табылды. Жедел мәлімет…
