Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Футзалдан Қорғаныс министрінің кубогы сарапқа салынды

Бүгін Астанадағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің арасында Қорғаныс министрінің кубогына мини-футболдан чемпионат басталды.

Жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында қорғаныс ведомствосы құрылымдық бөлімшелерінің арасында футзалдан жарыс өткізу дәстүрге айналды.

Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы
генерал-полковник Сәкен Жасұзақов жарысқа қатысушыларды құттықтап, ойыншыларға сәттілік тіледі.

Жеребе бойынша екі топқа бөлінген 10 команда бүгін іріктеу ойындарын өткізуде. Ертең олар финалдық кездесулер өткізіп, жүлделі орындардың иелері анықталатын болады.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына жолдауында денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс, саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады деген сөздеріне сәйкес әскери қызметшілер бұқаралық спорттың дамуына осылайша өз үлестерін қосып келеді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
287

Осы тақырып бойынша