Мазмұнға өту

Жаңа

Қаржы полициясы салық органдарының қызметкеріне пара берген жеке кәсіпкерді ұстады

2013 жылғы қарашаның соңында Қарағанды облысы бойынша ЭСЖКД Жезқазған аймағы бойынша қаржы полициясы басқармасына Жезқазған қ. Салық басқармасының бас маманы өзіне әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін бірнеше рет пара ұсынған кәсіпкер С.Лиге қатысты арызбен жүгінген. А.ж. 21 қарашасында Жезқазған қ. Салық басқармасының қызметтік кабинетінде, С.Ли осы мекеменің қызметкеріне кезекті рет пара ұсынған, және мұның сыбайлас жемқорлық қылмыс болып табылатыны туралы ескерткенге қарамастан, үстелге 30 мың теңгені қойған. 23 қарашада С.Лиге қатысты пара беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасының қылмыстық-іс жүргізу заңнамасына сәйкес, Лидің өз кінәсін толық мойындағанын және келтірілген дәлелдерге дау айтпағанын ескеріп, оның келісімімен осы факті бойынша іс жүргізу же…

0
0
476

Қаржы полициясы контрафактілік шемішке саудасының жолын кесті

Қарағанды облысы қаржы полициясы Департаментінің қызметкерлері 2013 жылдың қыркүйегінде жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қарағанды базарларының бірінде заңсыз, контрафактілік шекілдеуік өнімдерінің сатылымға шығарылғанын анықтады. Тауар Астана қаласынан әкелінген. «Джин» (Ресей, Челябинск қаласы) сауда белгісі бар жалған шемішке өнімдерін Қарағандының көтерме базарына В.Юсупов жеткізген. Контрафактілік тауарды ол М.Насыровтан сатып алған. Тергеу барысында М.Насыровтың төрт ай бойы аталған контрафактілік өнімді Астанадан Қарағандыға тасымалдаумен айналысқаны мәлім болды. Нәтижесінде жалпы сомасы 1,7 млн. теңге құрайтын,14,5 мыңнан астам қаптамадағы тауар тәркіленді. Шекілдеуіктердің қаптамасында өнімнің дайындалған күні мен штрих-коды көрсетілмеген. Тауар нарықтық бағадан 12% төмен…

0
0
522

Әділбек Жақсыбеков Астанадағы әскери және азаматтық мақсаттағы арнайы машиналарды өндіретін жаңа зауытта капсула-құты қондыру рәсіміне қатысты

Бүгін Астанада Елордада ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков пен елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен әскери және азаматтық мақсаттағы арнайы машиналарды шығаратын жаңа зауыттың капсула-құтысын қондыру рәсімі өтті. Жоба шеңберінде 2015 жылға қарай «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық аймағына кіретін Индустриялық парк аумағында бір жылда 120-дан 360-қа дейін әскери және азаматтық мақсаттағы арнайы машина шығаратын технологиялық кешен салу жоспарланып отыр. Заманауи роботтандырылған құрылғылар бронды темір тақтайларды кесу мен дәнекерлеуге, машиналарды сырлау мен жинауға және шығу сапасына бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Жобада тек әскери техникалар өндірісі ғана емес, сонымен қатар, қалалық автобустар шығару да қарастырылған. Аталған жобаға қатысушы «Қазақстан инжин…

0
0
211

«Дін және азаматтық қоғам»

2013 жылдың 11 желтоқсанында Алматыдағы «Достық Үйінде» Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі, «Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТБ және «Астана-Зерттеу» ҚҚ бірлесе ұйымдастыруымен «Дін және азаматтық қоғам» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті. Конференция жұмысына Астана, Алматы қалаларынан, елдің облыс орталықтарынан 100 адам қатысты. Олардың ішінде дінтану, саясаттану, әлеуметтану, философия саласының танымал ғалымдары, сарапшылар қауымы және мемлекеттік органдардың өкілдері, азаматтық қоғамның беделді институттарының, талдау құрылымдарының жетекшілері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Дін және азаматтық қоғам арақатынасындағы ең өзекті де, тәжірибелік маңызы бар мәселелерді талқыға салу, сондай-ақ дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзе…

0
0
804

«Астана» алдағы маусымдағы Әлемдік турға қатысатын командалар қатарына енді

Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) 2014 жылы Әлемдік тур жарыстарына қатысатын 18 кәсіби команданы атады, деп хабарлайды sports.kz.Жаңа маусымдағы Әлемдік турға «Europcar» француз командасы қатысады. Ол былтырғы жылы құрлықтық деңгейдегі жарысқа қатысқан болатын. Ал «Trek» командасы «RadioShack-Leopard» лицензиясын алды, деп хабарлайды «VeloNews». Әлемдік турға қатысатын командалардың толық тізімі: «Ag2r La Mondiale» (Франция), «Belkin«(Голландия), «BMC Racing» (АҚШ), «Cannondale» (Италия), «FDJ. FR» (Франция), «Garmin-Sharp» (АҚШ), «Omega Pharma-Quick Step» (Бельгия), «Катюша» (Ресей), «Tinkoff-Saxo» (Дания), «Lotto-Belisol» (Бельгия), «Астана» (Қазақстан), «Lampre-Merida» (Италия), «Movistar» (Испания), «Orica-GreenEdge» (Австралия), «Sky» (Ұлыбритания), «Europcar» (Франция), «Argos…

0
0
317

Астанада 32 500 шаршы метрлік мұз айдыны салынады

Астанада қыста қала тұрғындары үшін жалпы ауданы 32 500 шаршы метрлік үлкен мұз айдыны салынады. Бұл туралыastana.kz сайты Алматы ауданы әкімі аппаратына сілтеме жасап хабарлады.«Үстіміздегі жылы Алматы ауданында Ақбұлақ өзенінде жалпы ауданы 32 500 шаршы м мұз айдынын салу көзделген. Астаналықтарға ыңғайлы болуы үшін айдында конькиді жалға алу және тамақтану орындары ашылады», — деп хабарлады әкімдіктен. Аумақ биіктігі 250 см шыны-талшықтан жасалған 13 фигурамен безендіріледі, сонымен қатар, LED экран орнатылады, ал айдынның жұмысын ұйымдастыру үшін әкімшілік жұмыс істейтін болады. Бұдан басқа, Алматы ауданында мектептердің аумағында 9 корт: №5 мектеп гимназияда 2 корт, №27 ОМ 2 корт, №28, №30, №31, №32 және №53 орта мектептерде бір-бір корттан салынады. Сонымен қатар, қала тұрғындарының…

0
0
372

Жаттығу залындағы 5 қателік

Жаттығу залына барып жүрген жаңа заманның тұрғындары төмендегі бірнеше қателіктерге ұрынуда: * * * 1) Диета. Егер артық келіден, артық салмақтан арылғыңыз келсе, тамақтануды шектеген дұрыс. Бірақ, бұл күніне бір ғана салаттан дәм тату деген сөз емес. Тамақтану дұрыс жолға реттеліп қойылмаған болса, күндердің бір күні құр сүлдеріңіз қалып, спорт залына жете алмай қалуыңыз да мүмкін. Ағза сол уақытта (тамақтану дұрыс жолға қойылмаса) барлығын қорға жинай бастайды. Әр күнгі тамақтанудың нәрлі құрамын, пайдалы бөліктерін есептеп отырыңыз. 2) Жаттағу жасауда жаттықтырушымен кеңесу. Жаттықтырушы қай уақытта қай жаттығу түрін жасау керектігін өзі ескертіп, кезек тәртібімен айтып береді. Бұл тұста физикалық күш-қуатыңыз ескеріледі. Көпшілік жағдайда көп адамдар бірден ауырға ұмтылып, сондағы ойы,…

0
0
460

Қазақстан Қарулы Күштерінің спортшылары парашют спорты бойынша халықаралық жарыстың жүлдегері атанды

Қазақстан Республикасының парашют спорты бойынша ұлттық құрама командасы Дубай қаласында (Біріккен Араб Әмірліктері) халықаралық авиация федерациясының (FAI) күнтізбелік жоспарына сәйкес халықаралық жарысқа қатысты. Ұлттық құрама сапында Қазақстан Қарулы Күштері Парашюттік даярлық орталығының спортшылары өнер көрсетті. Жарысқа Франция, Ресей, Қазақстан, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері және Оман сияқты алты елдің командалары қатысты. Аттары аталған елдер командаларының арасында Қазақстан құрамасы Франция мен Ресей спортшыларынан кейінгі үшінші орынды иеленді. Жарыс «Төрт парашютшінің орын ауыстыруы» атты күмбезді парашют акробатикасы бағдарламасы бойынша жүргізілді. Прапорщик Арсений Тарабаев, старшина Андрей Томилин, старшина Денис Новицкий, қызметкерлер Александр Терентьев және Герман В…

0
0
395

Жаңаөзен қаласында ІІБ Жедел басқару орталығының ашылуы

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында Жедел басқару орталығы (ЖБО) ашылды. Аталған ЖБО моноқалалар ішіндегі бірінші соғылған және іске қосылған. Аталған орталықтың ашылу рәсіміне Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов арнайы келді. Жедел басқару орталығының жұмысы көшелер мен қоғамдық орындарда құқықтық тәртіп пен құқық бұзушылықпен күресуді, қылмыстарға қатысты полиция тарапынан кешенді түрде, сондай-ақ азаматтардан түскен хабарламаларға жедел ден қоюды қамтамасыз етуге бағытталған. ЖБО жедел түрде қылмыстарға ден қоятын қаладағы азаматтардың көптеп шоғарланған жерлері мен криминогенді аймақтары сынды жерлерге, жалпы алғанда 20 бейнебақылау камераларына қосылған. Жалпы алғанда, ЖБО штатында 37 қызметкер, олардың ішінде тәуліктік кезекшілікте 8 қызметкер болады, сондай-а…

0
0
610