Мазмұнға өту

Жаңа

Алматыда «Астана Опера» театрының тұңғыш гастрөлі басталды

Егемен Қазақстан, 04.02.2014

Алматының мәдени өміріндегі айтулы оқиғаның бірі – «Астана Опера» театрының алғашқы гастрөлі болып тұр. Елордадағы ең еңселі өнер ордасының сыртқа сапары отандық мәдениеттің Меккесіндей болған Алматыдан басталуы да кездейсоқтық емес. Астаналық Опера театры шет мемлекеттерде ұлтымыздың атын шығарып, салтанат құрмас бұрын, осыдан 80 жыл бұрын Алматыда ұлттық опера және балет өнерінің уығын қадап, керегесін керген қазақтың бір кездегі айтулы ұл-қыздарының аруағына бас иіп, батасын алуды жөн санапты.

Мына ғажап сәйкестікті қараңыз, бір күн артық-кемі жоқ, тура сегіз ай бұрын  «Астана Опера» театрын құру туралы құжатқа қол қойылған. Ал алдағы күндері Алматыдағы Абай атындағы Мемлекеттік акаде­миялық опера және балет театры 80 жылдығын атап өткелі отыр. Сондықтан да Алматыда жеті күн  бойы сахнада салтанат құратын «Астана Опера» театрының алғашқы баспасөз мәслихатын да тарихи сәтке жатқызуға әбден болады. Алғашқы гастрөл, алғашқы кездесулер… Елордадан тыс жердегі тұңғыш көрермендер мен сұхбаттар.

Сонымен, әлемдегі ең жас опера театрының директоры Төлеген Мұхамеджанов оңтүстік астанада өткен баспасөз мәслихатында гастрөлдік сапардың жай-жапсары туралы жан-жақты әңгімеледі. Сирек болатын мұндай баспасөз мәслихатын БАҚ өкілдері де сәтті пайдаланып, әріптестеріміз опера қойылымдары, балет өнеріне қатысты сауалдардың тиегін ағытты.

Ал Алматыдағы байырғы опера театры – қарашаңырақ өнер ордасы да жол білетіндігін танытып, елордадан келген өнер ұжымына ұлттық бекзат өнердің айтулы тұлғаларының тарихи портреттерін тарту етті. Біздің әсершіл көңілімізде қайта тумас бұл бейнелер алыстан қол бұлғап, әрқайсысы ұрпақтың өнердегі ендігі ұлы бастамаларына қолдау көрсетіп, бата беріп тұрғандай көрінгені рас. Осыдан кейін «Астана Опера» театры мен Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры Мәңгілік әріптестік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Әрине, баспасөз мәслихатында «Астана Опера»  театрының Алматыға алып келген қойылымдары туралы да сөз болды.

– Біз үшін бұл сапар сынақпен тең, себебі, алдында Қазақстанмен қатар шетелде өтетін үлкен гастрөлдер тұрған «Астана Опера» театры үшін бұл үлкен қадам, – деді Төлеген Мұхамеджанов.

Гастрөлдік бағдарламаның бірін­ші күні, яғни бүгін Ресейдің халық әртісі Юрий Александровичтің қойы­лымындағы  қазақ операсының маржаны – «Біржан-Сара» ұсыны­лады. Ал 5 ақпанда көрнекті композитор Сергей Прокофьевтің «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісі жас кө­рермендерін қуантса, осы кү­ні кешке «Астана Операның» сим­фониялық оркестрі концерт береді. 6 ақпанда көпшілік назарына ғаламат-концерт ұсынылмақ. Хор өнерін сүйетін халайық 7 ақпанда Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер Ержан Дәуітов жетекшілік ететін «Астана Опера» камералық хо­рының концертін тамашалай алады.

Сол сияқты, театрдың балеттік труппасы әлемдік хореографияның хас үлгісі – «Ромео мен Джульет­та­ны» Шарль Жюдтің қойылымында сахнаға алып шығады. Әлемдегі ең жас балет труппасының қары­мын тамашалауға асыққандар бұл мүмкіндікті жібермеуі тиіс. «Ас­тана Опера» театры гастрөлінің афи­ша­­сын­дағы спектакльдер тізімін 10 ақ­панда Ресейдің халық әртісі Бо­рис Эйфманның қойылымындағы «Ро­ден» балеті түйіндейді.

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

 
0
0
816

Жаңа Қазақстандық Патриотизм: Тараз гарнизонының тәрбиешілері Елбасы Жолдауын талқылады

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері бүкіл елімізбен бірге Қазақстанның әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған 30 елінің қатарына енуі үшін барлық күш-жігерін жұмсауға әзір. Мемлекет басшысының «Мен әлемнің озық елдері арасындағы Отанымыздың лайықты Болашағы ғана қазақстандықтарды мәңгілікке біріктіретініне сенімдімін» деген сөзі әрбір офицерге жақын әрі түсінікті.

Елбасының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау 28209 әскери бөлімінің базасында өткен Тараз гарнизоны әскери бөлімдері тәрбие құрылымдарының өкілдерінің жиыны барысындағы сұхбаттар мен дәрістердің бастапқы нүктесіне айналды.

Тәрбиешілер Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негіздерін талқылап, Отан қорғаушылар үшін Отанымызға деген сүйіспеншіліктің басты құндылық екенін атап өтті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік.

Сондай-ақ тәрбиеші офицерлердің жиыны барысында бөлімшелер полигонға шыққан жағдайда өрістетілетін далалық ақпараттық-тәрбие жұмыстары бөлмесі көрсетілді. Жеке құраммен құқықтық ақпараттандыру бойынша көрнекі сабақ өткізілді. Жиынға қатысушылар әскери тәртіп мәселелері бойынша есептік құжаттарды дұрыс ресімдеу туралы дәріс тыңдап, жеке құраммен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының үлгілері мен әдістерін талқылады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
593

Дәріс 3. «Тұтынушылық несиені пайдалануың сенің патриот емес екеніңнің негізгі дәлелі».

Тұтынушылық несие? Бұл несиенің түрін адамдар өз қажеттілігіне арнап тұтынады. Мысалы: көлік, қымбат жиһаз, электроникалық тұрмысқа қажетті техникалар.

Тұтынушылық несиенің бізді тығырыққа апарары сөзсіз!

Себеп 1.

Қайтарымсыз. Бұл заттар тозады, пайда әкелмейді.

Себеп 2.

Бұл заттардың көп бөлігін біз отанымызда өндірмейміз. Шетелден келеді. Яғни ақша шетелге кетеді. Қысқасы, басқа елді патриоттарымыз.

Себеп 3.

Бізге доллар, мұнай арқылы келеді, және банктер арқылы. Банктер келген долларды шетелдік заттар сатып алуға несиеге береді.

Ұсыныс:

Келген долларды көбейтудің жалғыз жолы, өндіріске инвестиция ретінде құю.

Екіншіден, Елбасының айтқанына құлақ түретін болса, Ұлттық банк пен үкімет екінші деңгейлі банктерге шектеу қою керек. Тұтынушылық несиенің пайызын көтеріп, жауапкершілігін көбейту керек. 
Керісінше, бизнеске берілетін несиенің пайызын мүлдем азайтып, оның орнына жеңілдіктерді көбейтуі қажет.

П.с.: Елбасымыз бұрын үкіметке арқа сүйесе, енді байқасаңыздар, керісінше Кәсіпкерлерге арқа сүйей бастады.

Бұл жақсылықтың нышаны!

Бәсеке үшін, бәсекеге қабілеттілік үшін! Сәттілік бізбен бірге)!

 

Сурет мына сілтемеден алынды: minfin.com.ua

   
0
0
738

Дәріс 2. «Ұлтшылдықтың шектен асуы — экономиканың дамуына кері әсер»

Мысал #1.

Қазақстанда, осы жылдан бастап еңбек мигранттарына салық салынатын болды. Нақтырақ айтсақ, өзбекстан, қырғызстан, және тәжікстан елдерінің азаматтарына. Себебі, ең негізгі шетелдік арзан еңбек күші осы елдің азаматтарының қолында. Жылына 44 448 теңге.

Мысал #2.

Жақында Өзбекстанның қарақалпақ өңірінен келген еңбек мигранты бір қазақстандық азаматта жұмыс жасап жатты. Қазақстандық азамат қарақалпақ елінен келген азаматқа ұлтшылдықтың көрінісінің нағыз лас түрін көрсеткен. Яғни, жұмыс істету кезінде жұмысшы ретінде емес, сен бізден төменсің, сен қарақалпақсың деген пиғылда. Ары қарай қозғамайын...

Мысал #3.

...Енді тарихқа үңілейік. Әлемде «ұлтшылдықтың» нағыз сипатын көрсеткен мемлекет немістер, басшысы Гитлер. Бұлардан артық ешкім жасай алмады. Дәл сол кезде олардың іс-әрекеті әлемде барлық елдердің оларға деген жеккөрінішін оятты. Және ол мемлекеттің ең негізгі қателігі экономикасының дамуы жарты ғасырға артта қалды.

Мысал #4.

Америка құрама штатында 16 млн. еңбек мигранты бар. Олар оны күн сайын тексермейді. Тіпті жылдап жұмыс жасап жүре береді. Себебі бұл АҚШ-на келіп жатқан еңбек инвестициясы. Қазақстанда әр еңбек мигрантының артында бір полиция жүреді. Екіншіден, әр еңбек мигрантын мыналар жұмысымызды тартып алды, бұларға не үшін жұмыс береді деген қазақстандық «бұлданып» жүреді.

Мысал #5.

Қазіргі уақыт.

Германия.

Немістердің бұрынғы фашист екенін, «ұлтшылдықтың» нағыз көрінісін көрсеткенін мүлдем ұмыттық.

Олар өз істерінен өздері сабақ алды.

Қазір сол істерін қайталаса, Түркия мемлекетінің еңбек мигранты Германияға мүлдем бармаушы еді. Ал, қазір таяқпен қуса да шығара алмайды. Себебі, ол көзқарас өзгерген.

Германияның дамуы, еңбек мигрантының арқасында.

Мысал #6.

Қазіргі уақыт.

Ресей.

Ешкім ресейге барып жұмыс жасағысы келмейді.

Себеп 1. Орыс тілін білуге міндеттісің заңы енбекші.

Себеп 2. Салық салынады.

Себеп 3. Сен басқа ұлт және өзге мемлекеттен болғаның үшін кемсітеді.

Нәтиже: Ресейдің 2050 де қазіргі картадан жойылуы әбден мүмкін.

Мысал #7.

Қазіргі уақыт.

Қазақстан.........................

 

Күтілетін нәтиже: Қазақстан Германиядан үлгі алмаса, басқа жол жоқ.

0
2
517

Қарағанды облысында 12 жүк көлігінің заңсыз жолмен әкелінгені анықталды

Хабар (ТВ): 01.02.2014

Қарағанды облысында жедел іздестіру шаралары барысында жалпы құны 43 млн теңгеден астам қаражатқа Volvo және DAF маркалы 12 дана жүк көлігінің заңсыз әкілінгені анықталды. 
Тексерістер барысында жүк көліктерінің тіркеуі тұрғылықты мекенжайы жоқ 58 жастағы азаматтың атынан іске асырылған. Сондай-ақ, автокөлік құралдары Абай ауданы ішкі істер басқармасының тіркеу-емтихан жұмысы бөлімінде Кедендік одақ елдері құжаттарының негізінде тіркелген. Алайда, автокөліктердің кедендік рәсімдеуі Қазақстанда да, Ресей мен Беларусьте де жүзеге асырылмағандығы анықталды. Осылайша, мемлекет қазынасы 100 млн теңгеге шығынға батты. Аталмыш фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, облыстық прокуратураға жөнелтілді. Ал, Абай аудандық ішкі істер басқармасының лауазымды тұлғалары қылмысқа қатысы бар деген күдікпен тергеуге алынып, олардың істері қаржы полициясына жолданды. 
Владимир Якунин, Қарағанды облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің экономикалық контрабандамен күрес бөлімінің бастығы:
- Тәркіленген жүк көліктерін тіркеу барысында автотранспорттардың бұрынғы тіркелген мекенжайынан ақпараттар алынбауына байналысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауы орындалмаған. Сонымен қатар, Абай аудандық пошта басқармасынан алынған мәліметтерге сүйенсек, кедендік одақ елдерінен аудандық ішкі істер бөліміне ешқандай халықаралық хат келіп түспегендігі анықталды.

 
0
0
477

ИЫҒЫНА ПОГОН ТАҚҚАН, үйінің отын маздатқан

Бүгінгі таңда ішкі істер органдарында нәзік жандардың алар орны ерекше. Қайраттылықты қанат етіп, ауыр да жауапты жұмыс атқарып жүрген қазақ қыздарына қарап, қайран қаласың. Ерлерге бергісіз еңбек етіп, әйел затының ақылына көркі сай екенін іспен дәлелдеп жүрген қарлығаштарымыздың қатары күн санап артуда. Міне, көңілге қуаныш ұялататыны да осы. Қандай жұмысқа болмасын білек сыбана кірісіп, абыроймен атқарып жүрген осындай ай қабақ аруларымыздың бірі – полиция полковнигі Сәуле Андағұлова.

Әке жолын жалғастырып, саналы өмірін осы салаға арнаған Сәуле Тыныштыққызы облыстық Ішкі істер департаментінде штаб басқармасының бастығы болып қызмет етеді. Ол бала кезінде әкесінің еңбегіне еліктеп, өскенде әскери адам болсам деп армандайды екен. Ақыры алдына қойған мақсатына қол жеткізіп, қазірде қатарының алды болып, жемісті еңбек етуде.

– Біз отбасында төрт баламыз. Екі ұл, екі қыз. Мен ата-анамның тұла бойы тұңғышымын. Әкеміз ішкі істер органдарында еңбек етті. Қазір зейнет демалысында. Ол мені тәртіпке, жауапкершілікке, бастаған істі аяғына дейін жеткізуге, досқа адал болуға үйретті. Балалардың үлкені болған соң ба, әйтеуір, менің бойымда көздеген мақсатқа қол жеткізу, алға ұмтылу деген талпыныс табиғатымнан бар.

Ол балалық шағын есіне түсіріп, бір күліп алды да, қызық бір әңгімесін айтып берді: – Әлі есімде, күз айы болатын, туысымыздың менен бір жас үлкен баласы мектепке барды. Оны көріп, менің де сөмке ұстап, оқушы болғым келді. Содан соңынан қалмай, мектепке бірге бардым. Жасым жетіде деп айттым мұғалімге. Сөйтіп, түске дейін оқушылармен сабақ оқыдым. Біраздан соң мені іздеп анам келді мектепке. “Мұның жасы бестен ғана асты, ол әлі балабақшаға барады, ренжімеңіз, балаларға еліктеп, кетіп қойыпты...”, – деп мән-жайды түсіндіріп жатыр ұстазға. Ал маған: “Сен неге өтірік сөйлейсің, жасың жетіде емес қой, енді мұндайды қайталаушы болма!” – деді ол. Сондағы ұялғаным әлі күнге есімнен кетпейді. Сол оқиғадан кейін мен енді қайтып өтірік сөйлемеймін деп өзіме сөз бердім. Міне, мектепке бірінші барғаным маған осылайша өмір бойы сабақ болды. Жалпы үйде де, түзде де өз басым сөзіме берік болып, адал жолмен жүргенді қалаймын. Бұл – менің өзіме де, өзгеге де қояр талабым, – дейді Сәуле Тыныштыққызы.

Қостанай облысында туып-өскенімен, Сәуле мектепті аяқтаған соң арманына ілесіп, өңірімізге келген. Сөйтіп, сәті түсіп, Ушинский атындағы институттың студенті атаныпты. Жоғары оқу орнында оқып жүріп, болашақ жұбайымен танысады. Ақыры екі жастың дәм-тұздары жарасып, отау көтереді.

– Серік екеуіміздің шаңырақ көтергенімізге он жеті жыл болды. Қазір ортамызда Мейірболат есімді ұл бала өсіп келеді. Түсіне білген адамға біздің жұмыс жеңіл емес. Жүктелген міндет нардың жүгіндей. Осы саланың барлық жұмысын қадағалаймыз, бақылаймыз, жоспарлаймыз. Қызметкерлердің жақсы жұмыс істеуі үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Бір сөзбен айтқанда, өз ісімізді абыроймен атқаруға күш-жігерімізді аямаймыз. Ерте келіп, кеш қарайғанда үйге ораламыз. Мұның барлығы жұмысқа деген ерекше көзқарастан бастау алады. Қиындық бар, онсыз болмайды ғой. Жұмыс пен отбасы тізгінін қатар ұстап жүріп, екі жоғары оқу орнын тамамдадым.

Осы жылдар ішінде ішкі істер саласының бірнеше баспалдағымен жоғары көтеріліп, антыма адал еңбек етіп келемін. Еңбегім де елеусіз қалған емес. Бүгінгі таңда осындай қызметте республика бойынша үш әйел адам жұмыс істеп отыр. Осы үштіктің ішіне мен де кіремін. Мен үшін бұл мәртебе ғана емес, өте үлкен жауапкершілік екенін іштей түсінемін және оған сай болуға қолымнан келгенше тырысамын. Мен өзім Хайдар Кашенов, Ерсайын Сарқұлов, Абай Галиев сияқты ақылы мол ағаларды өнеге тұтамын, – дейді ол.

Еңбек жолын кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер инспекторы болып бастаған Сәуле Тыныштыққызы қазіргі таңда облыстық Ішкі істер департаментінде штаб басқармасының бастығы болып қызмет етеді. Жиырма екі жыл бойы осы салада қажырлы еңбек етіп келе жатқан ол Отанына, отбасысына, аналық міндетіне адал. Айналасының ажарына айналған Сәуле Тыныштыққызы өткен жылдан бері әйелдер кеңесінің төрайымы болып жұмыс істеуде. Аталмыш ұйымға осы саладағы барлық қыз-келіншектер мүшелік етеді. Ал активте он екі әйел бар. Олардың негізгі міндеті – көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға және асырауында баласы бар мүгедек аналарға көмектесу. Бүгінгі таңда олар 13 отбасыдағы 42 балаға қолдарынан келгенше көмектесіп жүр. Сондай-ақ әйелдер кеңесі бірге қызмет ететін қыз-келіншектердің де бірқатар мәселелерін шешуге атсалысады. Осындай игі шаралардың басықасында жүрген де, оның жүзеге асуына білекті сыбана кірісетін де – Сәуле Тыныштыққызы. Негізгі міндетімен қоса қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген нәзік жанның мұндай қадамы оның жүрегінің жомарт екендігін көрсетіп тұрған жоқ па?!

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

источник: www.soltustikkaz.kz/

0
0
1151

Павлодар «Нұр Отан » Партиясы Павлодар қалалық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының жаңа атқарушы хатшысы сайланды

3 ақпан күні 2014 жылы «Нұр Отан » Партиясы Павлодар қалалық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшының кезектен тыс сайлауы өткізілді. Конференцияны «Нұр Отан» Партиясы Павлодар қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ешмұратов Арман Қанатұлы өз сөзімен бастады. Жиын барысында ПМПИ Тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі басқарма жетекшісі - Утюбаев Елнар Шонанұлы өз баяндамасында биылғы Елбасы жолдауының негізгі аспектілеріне тоқталып өтті. Павлодар облыстық филиалы «Нұр Отан» Партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты атқарушы хатшысының орынбасары Қызылбаев Арман Сейілұлы өз баяндамасымен конференцияны жалғастырды. Сайлауда колледж, лицей, жоғарғы оқу орындарынан студенттер қатысып, өз ойларымен бөлісіп, пікірлерін айта отырды. Жалпы бұл жиында 210 студент қатысты. Сайлау барысында басым дауысқа ие болған Кенжетаева Айгүл Серікқызы «Нұр Отан» Партиясының «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы болып сайланды. #ЖасОтан



Ақпаратты дайындаған: Замира Солтанова, С.Торайғыров ат. ПМУ-нің, Жур-101 тобының студенті.

0
0
1430

Браконьерлерді ұстау тұралы ақпарат

2014 жылдың 2 ақпанында «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің Батыс өңірлік филиалының инспекторлары Қызылорда облысының Арал ауданы  аумағында жедел іс-шараларын жүргізді.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/02/101-43/

0
0
371

Астанада парниктік газдар шығарындыларын бөлу мәселелері бойынша жаттығу семинары өткізілді

2014 жылдың 30-31 қаңтарында ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің  «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы,  «Consus Grоup» компаниясы (Польша Республикасы) және климаттың өзгеруін бір қалыпта ұстау жөніндегі қазақстандық бағдарламасымен (USAID) бірлесіп ұйымдастырған «Парниктік газдар шығарындыларын түгендеу, анықтау және квота алу» тақырыбындағы жаттығу  семинары өткізілді.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/02/101-42/

0
0
299

Дәріс 1. «Ресейге жабысқан ауру».

Осыдан дәл 20 жыл бұрын, 1994 жылы менің ұстазыма Голландиялық профессор айтқан: "Сіздер тәуелсіздік алдыңыздар, егер Ресей өз ауруынан айықпаса, сіздердің дамуларыңызға қиындық туғызады".

 

Расымен, Ресейдің басына бәледей жабысқан ең үлкен ауруы ол империалистік саясаты. Қазіргі саясатына қарасақ, біздің экономикалық тұрғыда өзімізше дамығанымызды мүлдем қаламайды. Тіпті жол бергісі келмейді. Соңғы бір мысалды келтірейін: Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына биылдан қалмай кіреміз деп еді, Ресейдің сарапшысымақтары бірден өз ақылдарын айтып шыға келді.

... Енді тарихқа үңілейік. Әлемде отарлауда алдына жан салмаған мемлекет ол Англия... Кезінде оның қол астындағы елдер ең жауыз халық ретінде ағылшындарды есептеген. Индияны алар болсақ, ең қорғылық көрген елдің бірегейі. Яғни, тәуелсіздігін берер кезде де тіпті қиналып берген еді... Бірақ қазір қарасаңыз, ағылшындар бойындағы империалистік көзқарасын жойды. Керісінше Индияны экономикалық тұрғыда қолдап, және олардың дамуы үшін нақты іс әрекеттер жасап, нағыз ұлттың ерекше көрінісін көрсетті. Бұл қолдаудың арқасында, Англияның тең жарты халқы үнділер. Енді оларды таяқпен қусаңда шығара алмайсың. Сәйкесінше, егер ағылшындардың бойында сол империалистік саясат қалғанда қазір ағылшындар еліне ешкім оқуға бармас еді. Бұл - экономика!

П.с.: ... ресей осы бойындағы ауруынан айықпаса біздің арамызда расымен бір қақтығыс болу мүмкін... жақында бір досым Ресейге аспирантураға грантқа түсіп тұрып оқуға бармайтын болып шешті. Себеп скинхедттерден қауіптенеді. Нағыз нацистік түсінік қалыптасқан... ал енді нацизм туралы келесі дәрісті күтіңіздер...

3
0
651