Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңа Қазақстандық Патриотизм: Тараз гарнизонының тәрбиешілері Елбасы Жолдауын талқылады

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері бүкіл елімізбен бірге Қазақстанның әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған 30 елінің қатарына енуі үшін барлық күш-жігерін жұмсауға әзір. Мемлекет басшысының «Мен әлемнің озық елдері арасындағы Отанымыздың лайықты Болашағы ғана қазақстандықтарды мәңгілікке біріктіретініне сенімдімін» деген сөзі әрбір офицерге жақын әрі түсінікті.

Елбасының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау 28209 әскери бөлімінің базасында өткен Тараз гарнизоны әскери бөлімдері тәрбие құрылымдарының өкілдерінің жиыны барысындағы сұхбаттар мен дәрістердің бастапқы нүктесіне айналды.

Тәрбиешілер Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негіздерін талқылап, Отан қорғаушылар үшін Отанымызға деген сүйіспеншіліктің басты құндылық екенін атап өтті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік.

Сондай-ақ тәрбиеші офицерлердің жиыны барысында бөлімшелер полигонға шыққан жағдайда өрістетілетін далалық ақпараттық-тәрбие жұмыстары бөлмесі көрсетілді. Жеке құраммен құқықтық ақпараттандыру бойынша көрнекі сабақ өткізілді. Жиынға қатысушылар әскери тәртіп мәселелері бойынша есептік құжаттарды дұрыс ресімдеу туралы дәріс тыңдап, жеке құраммен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының үлгілері мен әдістерін талқылады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
567

Осы тақырып бойынша

Жаңа Қазақстандық Патриотизм: Тараз гарнизонының тәрбиешілері Елбасы Жолдауын талқылады - Yvision.kz