Дәріс 6. «Бізге 38 банк керек емес, экономика үшін нақты әрі белсенді түрде жұмыс істейтін 10 банк та жетіп жатыр» Серік Ахметов. ҚР Премьер-министрі
#Банк. Қазақстандағы банкілердің барлығы дерлік елдің экономикасының дамуына кері әсерін тигізуде. Біріншіден, әлем мемлекеттерінің ішінде, сыртқы қарызы бойынша біздің елдің екінші деңгейлі банкілері бірінші орында. Екіншіден, олар экономикалық тұрғыда патриот емес. Мысалға, біздің елге долларды алып келіп, оны елдің өндіріс орындарына емес керісінше шетел экономикасының дамуына өз үлесін тигізуде. Нақтырақ айтсақ, кез-келген банк тұтынушылық несиелерге ақша береді, ал ол тауар импорттық тауар. Енді айтып көріңіз, біздің банк жүйесі керемет деп. Шешім: 1. Банктердің импорттық тұтыну тауарларын сатып алуды кредиттеуіне толықтай тыйым салу. Егер де біреу импорттық тауар сатып алғысы келсе, өз ақшасына ғана сатып алатын болады. Қаржы секторында Ұлттық байлық жасалмайтындықтан, тек қайта бөл…