Дәріс 1. «Ресейге жабысқан ауру».
Осыдан дәл 20 жыл бұрын, 1994 жылы менің ұстазыма Голландиялық профессор айтқан: "Сіздер тәуелсіздік алдыңыздар, егер Ресей өз ауруынан айықпаса, сіздердің дамуларыңызға қиындық туғызады". Расымен, Ресейдің басына бәледей жабысқан ең үлкен ауруы ол империалистік саясаты. Қазіргі саясатына қарасақ, біздің экономикалық тұрғыда өзімізше дамығанымызды мүлдем қаламайды. Тіпті жол бергісі келмейді. Соңғы бір мысалды келтірейін: Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымына биылдан қалмай кіреміз деп еді, Ресейдің сарапшысымақтары бірден өз ақылдарын айтып шыға келді. ... Енді тарихқа үңілейік. Әлемде отарлауда алдына жан салмаған мемлекет ол Англия... Кезінде оның қол астындағы елдер ең жауыз халық ретінде ағылшындарды есептеген. Индияны алар болсақ, ең қорғылық көрген елдің бірегейі. Яғни, тәуелсіздігі…