Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында 6 алтын медаль еншіледі

Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында 6 алтын медаль еншіледі
Бангкокте өткен Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстанның былғары қолғап шеберлері 6 алтын, 3 қола медаль еншілеп, командалық есепте 1-орынға шықты, деп хабарлады ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен.

Бүгін 56 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген Сұлтан Зәуірбек корейлік боксшыны айқын басымдықпен ұтты. Сондай-ақ тағы 5 боксшымыз Азия үздігі атанды. Олардың қатарында Абылайхан Жүсіпов, Аян Қалибеков, Вадим Казаков, Темірлан Қабиев, Елдос Қадырбаевтар бар.

Ал қола медальді  Ертуған Зейнулинов, Иван Ковалев және Илья Очкин еншіледі.

Айта кетейік, бүгін ғана аяқталған Азия біріншілігіне 16 елдің спортшылары қатысты. Қазақстан бұл байрақты бәсекеге барлық салмақ санатында былғары қолғап шеберлерін апарған болатын.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Марлан Жиембай
0
0
555

Бокстан әлем чемпионы футбол ойынына 10 млн. доллар тікті

Атақты америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер «Денвер» — «Сиэтл» Ұлттық футбол лигасының ақтық ойынына ірі ұтыс тікті. 36 жастағы боксшы «Денвер» жеңіске жететініне сенімді. Ойын ақпанның 2-нен 3-не қараған түні өтеді. Мейвезер бұл кездесуге 10 миллион доллар тікті, деп хабарлады РБК. Мейвезер — атышулы боксшы. Оның лақап аты — Moneymaker. Өз салмақ дәрежесінің үздігі болып табылады. Өзінің әр кездесуін шоуға айналдыратын қасиеті бар. 2 мәрте чемпион белбеуіне қол жеткізген ол ақшасы бар кейсті бірге алып жүреді. Кейде бір топ адамның алдында сол ақшаны шашып, құнды қағаз үшін таласып, төбелескен көріністі тамашалайтын әдеті бар. Кейде қоғам алдында ақшаны өртейді. Букмекерлік орталықтарда миллиондап ұтыс тігеді. Алдын ала есеп бойынша, бұл кездесу 200 миллион доллар көлемінде пайда әкелуі…

0
0
375

Қазақстан мен Ресейдің Қорғаныс министрлері ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

Бүгін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлері кездесті. Әділбек Жақсыбеков пен Сергей Шойгу өткен жылдың қорытындысын шығарып, ынтымақтастықтың таяудағы перспективаларын талқылады. Бүгін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлері кездесті. Әділбек Жақсыбеков пен Сергей Шойгу өткен жылдың қорытындысын шығарып, ынтымақтастықтың таяудағы перспективаларын талқылады. Әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың қарқынды дамуын атап өткен тараптар қорғаныс саласындағы ауқымды мәселелер туралы пікір алмасты. – Бүгінгі күні Қазақстан мен Ресейдің қорғаныс саласындағы қарым-қатынасында толықтай өзара түсіністікке қол жеткізілді және оң динамика жоспарланды. Біз екі елдің қорғаныс саласындағы өзара іс-қимылдарын бұдан да сапалы деңгейге шығаруға мү…

0
0
274

Полицейлер шет тілдерді үйренуге назар аударуы керек.

Астана қалалық ІІД өткен жиында ІІМ вице-министрі полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаев осылай деді. Вице-министрдің айтуынша, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде полиция жаңа жұмыс тәртібін енгізу керек. Мектеп инспекторларының жұмысына ден қойып, колледждердегі жағдайларды қадағалау қажет. Толығырақ http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_smi/F14650F3C3C2035DE044002655122E6A

0
0
403

Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде

2014 жылдың 28 қаңтарында Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің табиғатты қорғау полициясы мен Қызылорда қалалық прокуратурасы қызметкерлерінің бірлескен рейд жүргізуі барысында Қызылорда қаласына қарасты Абай ауылы тұрғынының үй ауласындағы мал қорасында  бұтарланған 8 жануардың, алдын-ала болжам бойынша – ақбөкен  еттері табылды.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/01/101-38/

0
0
283

Алғашқы әскери дайындық: Президент Жолдауын іске асыру шеңберінде жастарды әскери қызметке әзірлеуге жаңа көзқарас

Астанада алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушыларымен нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізілді.Шараны астаналық қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен білім беру басқармасы бірлесіп ұйымдастырды. Үш күндік семинарға орта мектептер мен колледждердің оқытушылары қатысты. Аталған сабақтар Мемлекет Басшысы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты кезекті Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде өткізілді. Оқытушылар үш күн бойы мектептерде, колледждерде жас ұрпаққа қазақстандық патриотизм рухын қалыптастыруда тәрбие жұмысын жетілдірудің әдістері мен тәсілдерін үйренді. Бір айта кететін нәрсе бүгінгі таңда қорғаныс ведомствосында әскери білім беруді жетілдіруге, сондай-ақ азаматтарды әскери қызметке әзірлеу…

0
0
527

Қалдықты да қажетке жарату керек

“Айқын” газеті
«Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) басқару бағдарламасын жетілдіру интеграциясыз жұмыс жасай алмайды. Ол вертикалды интеграцияланған жүйе болуы тиіс.

“Айқын” газеті
«Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) басқару бағдарламасын жетілдіру интеграциясыз жұмыс жасай алмайды. Ол вертикалды интеграцияланған жүйе болуы тиіс.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/01/101-36/

0
0
457

WWF қазақстандық экологтармен бірлесіп, ШҚО-да барыстарды зерттеу жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруда

Қазақстан жаңалықтары АА.«Эко-Алтай» коммерциялық емес ұйымы WWF Бүкіл әлемдік табиғат қорымен бірлесе отырып, Қазақстанда барыстарды сақтау мен зерттеу жөніндегі жобаны жүзеге асыруда деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығы. «Эко-Алтай» КЕҰ ақпартына сәйкес барыстар тек 12 мемлекеттің аумағында ғана сақталған. Олардың жалпы саны – бар болғаны 3-6 мың. Қазақстанда барыстар Шығыс Қазақстанның аумағында, яғни Сауыр-Тарбағатай және Оңтүстік Алтай таулы аймақтарында кездеседі. Нақты емес мәліметке сәйкес 10-12 барыс қана қалған. Қазақстан жаңалықтары АА.«Эко-Алтай» коммерциялық емес ұйымы WWF Бүкіл әлемдік табиғат қорымен бірлесе отырып, Қазақстанда барыстарды сақтау мен зерттеу жөніндегі жобаны жүзеге асыруда деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығы.…

0
0
892