Мазмұнға өту

Жаңа

Балықов Манарбек туралы «Өткен жоқ өмір бекерге...» өмірбаян-эссе

Хасен Зәкәрия Өткен жоқ өмір бекерге... (өмірбаян-эссе) Еңбегі мен атағы облыс көлемінде, тіпті республикалық деңгейде жақсы мәлім азамат, Ішкі істер министрлігінің Үздік қызметкері Балықов Манарбек 1998 жылдың 12-желтоқсанында Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті бастығының №706 бұйрығымен құрметті еңбек демалысына шықты. Ол кім еді?.. Осы уақытқа дейін кім болып келді, алдағы өмірде кім болып өтпек?.. Қолыңызға алған кітаптағы жазбалар осы сауалдарға нақты да тиянақты жауап қайтаруға септесетін болады. Осы бір орта ғана бойы бар, қарапайым жігіт ағасын бір көрген адамның оған көңіл қойып, елпілдей жөнелмесі анық. Бірақ, сәл де болса пікір алысып, тілдесе қалған жанның оның бойында кімді болмасын ырқынан тыс бағындырып, ығына көндіріп алатын өзгеше бір қасиет бар екенін аңғар…

0
1
2779

Айып соққысының үздік орындаушылары

Қарсылас айып алаңына жақын жерден айып соққысы белгіленді! Стандартты жағдай. Доп алдында бразилиялық сиқыршы Жуниньо! немесе Роналдинью! қақпаның қаншалықты алыс-жақындығына бас қатырмайтын Роберто Карлос! Бұл әрқашан да қауіпті!!! Осы сияқты сөздерді осыдан шамамен оншақты жыл бұрын жиі естіп жататынбыз. Ал бүгін ше? Бүгінде доптың жанына кім келіп жатса да ондай сезім, ондай толқу жоқ. Мұның себебі неде? Әлде қақпашылар айып соққыларын тосудың беймәлім қырын меңгеріп алды ма? Неге айып соққылары қаҺарлы күшін жоғалтты. Алдыңғы буын марқасқалармен бүгінгінің үздіктерін салыстырып қарайық. Тек, бір ғана қырынан, айып соққыларын қаншалықты дәрежеде голға айналдыра алды. Біз миллиондар ойынының сиқырына шырмалғанымызға көп бола қойған жоқ. Оншақты жыл көлемінде. Бірақ, осы уақыт ішінде бі…

0
0
1104

Сұлы ботқасын таңғы асымызға айналдырайық

Таңертең міндетті түрде тамақтануды асқазаным ауырғалы күн тәртібіне айналдырғанмын. Қызымның да ботқаларды сүйіп жейтініне қуанамын. Бүгін сұлы жайында жақсы бір бейнені көріп, қызық мәліметтерді оқыдым.Түсінгенім бойынша, сұлы ботқасы (овсяная каша) басқа ботқалармен салыстырғанда ең пайдалысы. Сұлы ботқасы шотландықтардың ұлттық тамағына айналып, голливуд жұлдыздарында әйгілі, кеңінен тараған ас болып табылады екен. Сұлы - астық тұқымдас дәнді дақылдарға жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Дәнінің құрамында ақуыз, май, крахмал, жасұнық, В1, В2, РР, Е дәрумендері, марганец, кремний, кальций, фосфор бар. Сұлы ішектерді артық шлактардан тазартып, іш ауырып, кебінгенде қолданылады. Ішек-қарын жолын ынталандырып, гастрит, асқазан жарасы, қатерлі ісіктің дамуын теже…

0
0
2027

Атақ пен миллион кімге бұйырады?

...Мына күн де, мына аспан да, дала анау, Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау. Өмір дейтін тағатсыз бір қозғалыс, Өмір дейтін - өлемін деп қарамау... Мұқағалидің бұл өлеңін оқып отырып, ойға қалдым. Қазір тұрмыстың сазына батып жүріп, жұмысыңды сүйіп істеу мүмкін бе деген сауал сумаңдап көкірегімді кернеді. Барлығына демей-ақ қояйын, бірақ көріп жүргенім, көбіне керегі - атақ-даңқ, абырой, одан қалса әрине қалтаңды томпайтатын жалақы. Өзіне алғысы келеді, ал өзі терін төгіп, еңбегін бергісі келмейді. Көз алдыма қол бұлғап келе қалған жайттар мыналар еді: Бірінші, журналистикаға оқуға түскен кезімізде ұстаздарымыз қыз балаға қиын жұмыс таңдапсыңдар деген болаты. Ренжідік әрине. Бірақ, түйсінбеппіз. Қазір сол көп сылқым сұлулар көгілдір экраннан күліп қарап, біреудің жазып бергенін жаттап ай…

0
0
999

Рухани байып қайтыңыз!

Құрметті әріптестер! Сіздерді, 2014 жылдың 10 ақпаны күні өтетін«Айдаһар премиум» студиясының жетекшісі, «ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, бірнеше халықаралық фотобайқаулардың лауреаты фотограф Оңғарбек Алхаровтың«Өмірге өнер көзімен» атты жеке фотокөрмесіне шақырамыз!!! Тек 1 күнге ғана созылатын фотокөрмеге фотограф шығармашылығынан ең үздік туындылары қойылады. Адамның өмір сапарында сәулелі сәттер мен жарқын көріністер фотоаппарат деп аталатын құралдың көмегімен жадымызда мәңгі сақталады. Бүгінгі суреттер ертеңгі тарих. Кемел елдің келешек ұрпағына қалдыратын мұра қанша келелі кезеңнен өтсе де ескірмеуі заңдылық. Сол тарихты жасау жолында фотограф мамандардың да атқаратын рөлі ерекше. Өйткені суреттер де сөйлейді, олар да белгілі бір дүниеден сыр шертеді, бір оқиғаны баяндайды…

1
0
1068

Өз бизнесінің билеушісі — Қуанышбек

«Universal Start UP» брендтік компаниясының тасын өрге домалатып жүрген Қуанышбек Ерниязов үстіміздегі жылы жас кәсіпкерлер арасында өткізілген байқаудан «жылдың ең жас кәсіпкері» номинациясын жеңіп алды. Еліміздің «Форбес», «Қазақстан ZAMAN» т.б. экономикалық-іскерлік басылымдары Қуанышбектің бизнесіне қызығушылық танытып, ол туралы жарыса жазып келеді. Сұхбаттасудың сәті түсіп, онымен әңгіме барысында бүгінгі қазақ жастарының арасында да өзгеше ойлайтын, лидерлік қабілеті жоғары, «мемлекет маған емес, мен мемлекетке не беремін?» деп жүрген жалынды жас кәсіпкерлер бар екеніне тағы бір көз жеткіздім. Қуанышбек – өзіндік идеясы бар, ойлаған ойын жүзеге асыра алатындығына толықтай көзі жететін, өзіне деген сенімі айтарлықтай күшті, жігерлі әрі қайратты жас кәсіпкер. Адам бір күнде кәсіпкер…

4
4
1935

«Алтын ұя» журналы жарық көрді

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде студенттерге арналған «Алтын ұя» журналының жарық көруіне байланысты филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 12-дәрісханасында тұсаукесер салтанаты болып өтті. Университеттің тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры Меңдігүл Сағатқызы, «Қазақ университеті» газетінің бас редакторы Саягүл Әлімбекова, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің деканы міндетін атқарушы Гүлмира Қазыбек, Студенттік бизнес-инкубатор директоры Асхат Әбжанов, «Universal start UP» брендтік компаниясының директоры Қуанышбек Ерниязов (суретте), Жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бастығы Нұрлан Әбдіхалықов кештің құрметті қонақтары болды. «Алтын ұя» журналы студенттердің ыстық ықыласы мен бұлақ көрсе көзін ашуға ұмтылатын ұлағатты ұстаздар…

0
2
1184

Жаңа блог жаңа жұмыс.

Білгенге маржан, білмегенге арзан. Әрбір мамандықтың қыр сырын меңгеру, бұл жалпы адамзат үшін шыдамдылық пен сабырлықты талап ететін, ұшқырлық пен бүкіл ниетті сарпы еткізетін болып табылады. Сол іспетті іскерлік журналистиканы да, зерттейтін уақыт жеткен секілді. Қаржы саласын бір адамдай біліп шыңдалу үшін, үш айлық курс мектебі ашылды. Оған он бес болашақ журналист қатысады. Алғашқы дәріс қазіргі жас блогер Бақытжан Бұқарбаевпен басталды. Жалпы берілген мағлұматта көп болды. Ал болашақ әріптестер қатарларыңа қосылатын болашақ журналистерді өз араларыңа қабылдаңдар.

2
0
345

Ақша жарататын емес, ақша туралы үйренетін клуб

Біз кеше клубқа бардық. Жооқ, екі иықты жұлып жеп билеп, ақша жарату үшін емес, сол ақша туралы үйрену үшін. Дәлірек айтқанда экономиканың қыр- сырына қанығу үшін. Ал тіптен дәлірек, экономикалық білім беретін "Іскерлік журналистика" клубы.Неге дәл осы клуб? Келісесіздер, банк пен кредит алу деген терминдер кім үшін болса да, дайындықсыз емтиханға бару секілді... Сен ешнәрсе білмейсің, бірақ баға саған керек. Банк туралы ешнәрсе білмейміз, бірақ кредит алу керек. Сүйкімді қыз берген "кредит толтыру кестесі жазылған қағаз" біз үшін "таңсық әлемдегі" компас секілді. Адам білмегенінен қорқады.Бұл бір Соңғы шыққан даулы фильм? "Волк с Уолл Стрит." Нағыз экономистің өмірі. Әлемдегі ең танымал журналдың бірі? "Форбс." Бар назарды баурап алған кез келген құбылыс экономикамен дәлірек айтқанда бай…

5
0
686

Біз шыға алмас асу жоқ!

«Уақыт қарқыны зымыран» деген Елбасының қанатты сөзін үнемі жадымда сақтап жүремін. Себебі, уақытты бағалай білетін, оны тиімді пайдалануды толық меңгерген адам ғана болашақтың тізгінін ұстай алатынына мына заман күннен-күнге көзімді жеткізумен келеді. Әкем де болса, осы себептен «уақытыңды жоспарла!» деп кішкентайымнан санама құятын. Күнде, ұйқтардың алдында әкем екеуміз отырып, сабақ даярлайтын үстелімнің оң жақ шетінде толып тұратын ақ парақтың бір данасын алып, шимақтай бастаймыз: ертеңгі ататын таңнан батар кешке дейінгі уақытым мен міндетімді тізбектейміз келіп. Уақытқа сәйкес тұрған әр мендік міндеттің қасына қара түсті қаламмен бос шаршының суретін салғанды қызық көретінім есімде. Бірақ әр шаршының үстінен ертеңгісін дәл осы уақытта "қанат" белгілерді тізе қоюды жаным барлық істен…

6
0
843