Мейірімді болыңыздаршы
Алматының ызғарлы суығына назданып төрт қыз таксиге міндік. Үнсіздік. Бір мезетте ол да бұзылды. «Қандай қиын...»- деді Әсел. Біз де оның ойымен қосылдық. Қосылмасқа шара жоқ, көзбен көріп, біліп келдік. «Олар ата-анасын күтеді... Қолымдағы телефоныма қызықты. Сөйлесемін дейді. Кіммен деп сұрасам, мамаммен дейді... Қалай жүрегің ауырмайды?!» - деп Нұрбике де қынжылды. Әркім өз тебіренісін айтып отыр. Бәріміз басқа әлемге еніп, сол әлемнен қайта орала алмай келеміз. Ол – ата-анасы тастап кеткен жетімдер әлемі. Бұлай айтудың өзі қиын. «Маған бәрінен балалар үйіне кірген кезде олардың мені танымаса да, ентелеп кезексіз құшақтағаны батты. Олар мейірімді аңсайды»,-деді Шынар. Үздігіп-үздігіп бір ой бір оймен сабақтасып жатты. Сондай ойларды жетектеп Абай көшесін жоғары бойлаған төрт қыз таксид…