Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мәдениет саясаты тұжырымдамасын қабылдау театр өнерін дамытпайынша мүмкін болмайды — ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов

primeminister.kz, 11.02.2014

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Үкімет отырысын өткізіп, онда өңірлік театрлардың мәселелері қаралды.

Отырыста ҚР мәдениет және ақпарат министрі М.Құл-Мұхаммед және өңірлік театрлардың басшылары сөйледі.

МАМ басшысы өз сөзінде өңірлік театрлардың материалдық-техникалық жағдайларына, олардың мамандармен қамтылуына, гастрольдердің ұйымдастырылуына, репертуарлық саясаты мәселелеріне тоқталды.

МАМ басшысының мәліметі бойынша, соңғы төрт жылда отандық театрларда 48 397 спектакль қойылып, оны 8,5 млн көрермен тамашалаған.

М.Құл-Мұхаммед театрлардың басты проблемаларының бірі репертуарлық саясат мәселесі екенін атап өтті.

М.Құл-Мұхаммед екі республикалық және үш облыстық театрлардың репертуарлары МАМ алқасында талқыланатынын хабарлады. Сонымен бірге, өңірлік театрлардың облыс әкімшіліктерінің қарауында болғандығынан, министр өңірлер басшыларының назарын репертуарлық саясатты бақылауда ұстауға аударды.

«Тұтастай алғанда, министрлік репертуарлық саясат мәселелерін шешуде театрларға әдістемелік және шығармашылық көмектер көрсетуге дайын»,-деді М.Құл-Мұхаммед.

Министр сондай-ақ өңір басшыларының назарын театрлық қойылымдарды қаржыландырудың аздығына, театр саласы жұмыскерлерінің жалақысын көтеру қажеттігіне, сондай-ақ театрлардың гастрольдік қызметі деңгейінің төмендігіне аударды.

Отырысты қортындылай келе, Премьер-Министр «Мемлекет басшысының мәдениет саласын, оның ішінде театрлар жұмысын дамытуға айрықша көңіл бөлетінін» атап көрсетті.

Отырыс барысында «Президенттің халыққа Жолдауында ұзақ мерзімді мәдениет саясаты Тұжырымдамасын қабылдау қажеттігін, ал оны жүзеге асыру театр өнерін дамытпайынша мүмкін болмайды» деген сөзін атап өтті С.Ахметов.

Талқылауды түйіндей келе, Премьер-Министр орталық және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

0
0
411

Осы тақырып бойынша

Мәдениет саясаты тұжырымдамасын қабылдау театр өнерін дамытпайынша мүмкін болмайды — ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов - Yvision.kz