Қысқы олимпиаданы өткізудің ресейлік тәжірибесі Қазақстан үшін пайдалы — ҚР спорт баспасөз қауымдастығының президенті
CОЧИ. ҚазАқпарат — Осы күндері 52 қазақстандық спортшы Ресейдің курортты қаласы — Сочиде ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарына қатысуда. Қазақстанның спорттық баспасөз қызметі қауымдастығының президенті Ілияс Омаров ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Сочидегі Ойындардың алдындағы ойындардан немен ерекшеленетінін және бізге ұлттық құрамадан қандай нәтижелер күту керектігін айтты. - Бізде қысқы спорт түрлері бойынша спортшылардың аздығын және спорттың осы түрлерінің жаңа дамып келе жатқанын ескерсек, Қазақстан үшін қысқы Олимпиада ойындарына қатысудың қандай маңызы бар? - Егер біздің хоккей командамыз лицензия ала алғанда, құрамамыздағы спортшылар саны қазіргіден көп болар еді. Бірақ 52 адам да аз емес. Мысалға алсақ, олипиадалық дәстүрге бай Франция командасы да осынша мөлшердегі спортшымен…