Сезім. Сана. Секта
Айнұр такси тоқтатты. Сіңілін құшағынан жіберер емес. Екеуі де жылап отыр. - Неге менімен болды осындай жағдай. Мен адам тани аламын ғой, мен алданбайтын өжет едім ғой. Мұндай болуы мүмкін емес еді! - дейді. Мен бәрін білетін адаммын, неге осындай жағдай болды, - деп жылап тағы сұрайды. - Сен ештеңе білмейсің, айттым ғой саған, Астана үлкен қала, мұнда абай болу керек. Ақылды қасқыр болу керек. Гүлдей нәзік болсаң да, тастай берік болуың керек! - деп тоқтай қалды. Жарасына тұз сепкендей болмайын деп құшақтап, үнсіз ойланып отырды. *** Апалы – сіңілі Сәуле мен Айнұр қаны бір болғанымен, болмысы бөлек. Айнұр жеке-дара жүріп төселген, сырт көзге өте сезімтал, нәзік, бірақ көп нәрсеге шыдамды. Ал Сәуле болса керісінше, ерке, шыдамсыз, құжаттармен анасы, керек-жарақтарымен әкесі жүгіріп, інісі…