Кеш қалма — сауда жаса!
Сауда туралы бір-екі сөз...
Bazar adam hayatidir, hayat isa adamlar bazari.
Базар – адам өмірі, өмір – адамдар базары.
А. Мадатзаде
Жігітім... Барлық өмір – тек екі ғана нәрсеге келіп тіреледі. Олар тамақ және баспана. Осы екі нәрсе болмаса, өмір деген киноның, астыңғы этаждарында азап шегесің. Осы екі нәрсеге жету үшін, әр адам бірдеңесін сатады. Мысалы әнші өзінің өнерін, кәсіпкер тауарын, саясаткер халыққа деген қызметін, ал жәй жұмыскер болса, өзінің уақыты мен күшін (басындағы миының немесе бұлшық еттің қара күшін) сатады.

Статистика айтуы бойынша – бизнес өспеуінің бірден бір себебі – ол оборотқа ақша жетіспеуі. Бұл шындық емес. ШЫНДЫҚ – сауданың дұрыс жүрмеуі, тіпті кейде мүлдем болмауы. Қиындықтың бәрі – дұрыс сауда жасай алмаушылық.
Сауда табыс-кірістің басты шарты. Сенің сауда жасау қабілетің басқа адамдарға тіл балығың арқылы ықпал ету мен айтқанға көндіруге, өмірдегі жетістіктеріңе қатты әсерін тигіздеі. Сауда – деген өмірлік ұстаным.
«Сауда» деп айтқанда, мен тек сату мен сатып алу туралы процесстері туралы айтпаймын, сауда деген – әр адамға күнделікті өмірін молшылықта сүру үшін, қоршаған адамдарға әсер ету үшін керек. Әрине, саудамен айналысу, тек адам өзіне жақсылық ойласа ғана пайдаға асады.
Жұмыс істеп жатқан кейбір күндері, жігіттерімізден мынадай әңгіме естисің: «Бір рет істеп көрейік. Болмай жатса қоя салармыз» Сол кездері атып тұрып – «Сендер осы істі бірақ рет жасап, оның ұтымдылғын ҚАЛАЙ түсінесіңдер?» - деп айтқым келеді. Бірақ, танымайтын адамдарға қалай айтасың оны J Одан да кітабым арқылы – мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан тәсілдерді жеткізейін.
Бір «1» - ең әлсіз сан. ЕШҚАШАН, ешқашан істі, жұмысты, жаттығуды БІР рет жасама. Әрбір әрекетіңе нольді қосып жүр. 1, 2, 3, 4, 5 дегеннен гөрі – 10, 20, 30, 40, 50 сандарының күші көбірек.
Біз ешқашан қажетті істерімізді 1-2-3 рет жасамаймыз. Біз 1-2 рет ас ішпейміз, 1-2 рет дем алмаймыз. Осыны әр күн сайын есте сақтап жүрген пайдалы.
Ноль – сенің әрбір бастаған ісіңе күш береді. Оны дос қылып алсаң, сен үшін деген алынбайтын қамал, сынбайтын қыз, табылмайтын ақша қалмайды. Өзіңді өзің 10, 20, 30...100 есе көп әрекет жасауға тарт
Кейде, бір істі аяғына дейін жасау үшін талпыныс болмайтын кездер болады. Өз-өзіңді шегіңе жеткендей сезінесің. Осындай кездері, істі тастап кетудің орнына ары қарай жалғастыруды таңдасаң, бауырым, жаныңдағы таныстарыңнан гөрі байлыққа жақын боласың. Иә кейде ауыр болады, иә кейде қиын болады, бірақ, осы ой әрдайым есіңде болса, қандай қамал болмасын – СЫНДЫРАСЫҢ.
Ізгі ниетпен, Саудагер ағаң
