Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Іскерлік әлемінен ілмек іздегендер!

XXI ғасырдың басты ерекшелігі де осында ма деп қаламын.  Ғаламтор, жеделділік, визуалдылық! Әрине, бірнеше күн бұрын жазылуға тиісті жазбамды жариялауға осы ғасырдың артықшылығын тиімді пайдалана алмауым себеп. Ендеше, кірістік!

Экономика!  Ия,қиын, қиын да емес-ау күрделі тақырыптардың көшбасшысы. Тіпті кейде «миым жете қоймайды» деп жар салғым келеді. Солай бола тұра осы саладан бір нәрсе үйреніп, оның жартысын болса да өзімнен кейінгіге үйреткім келеді. Әзірге білетінім тек жолақы, өзін- өзі қаржыландыру, пайыз сиякты күнделікті естіп жүрген сөздер болса, алдағы уақытта бұл білетіндерімнің санын бірнеше жүз есеге көбейте алатыныма сенімдімін. Себебі ,«Іскерлік журналистика» осы бір игі бастаманың баспалдағы болса сонымен қатар шырқау шегі.

Клубтың  5- ақпан күні Ербол Азанбек ағаның бастамасымен ашылғанын ескерсек, сол бір қуанышты күні болашақ әріптестеріммен бірге бола алмағаныма аздап қынжылдым. Алайда, келесі күні #iskerclub-тың алғашқы шеберлік сабағын құр жібермедім. Тіпті, «қазір не болады?», « экономика жайында сұрақ қойса жауап қандай болмақ ?», «жұмыс қалай жүргізіледі?» деген сауалдар көкейімде сайрап тұрды. Экономиканы қайдам, алғашқы дәрісте блог жүргізудің қыр – сырына қанық қылып, тәжірибесімен бөліскен Бақытжан Бұқарбаев есімді азамат болды . Сабақ барысында дәріс беруші мырза тарапынан  « қазақ тілді» аудиторияның сәл- пәл пассивтілігіне сын да айтылып өтті. Қысқасы, блогер мырза  осы бір щаруаның біршама мәселелерін қарастырып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар қайырды.

«Ізденіс істе көрінеді» деген тамаша тіркесті осы тұста қолданған жөн болар. Әріптесім Назгүл «Біз шыға алмас асу жоқ» десе, Дарын жолдас «Әлқисса» деп қалам тербеген екен клуб турасында. Ендеше, ел экономикасы туралы аз да болса халықты ақпараттандыру үшін жұмыс жасағалы отырған «Іскерлік журналистика» клубының ізденімпаздарына  сәттілік дегім келеді.

     
2
0
787

Осы тақырып бойынша

Іскерлік әлемінен ілмек іздегендер! - Yvision.kz