Мазмұнға өту

Жаңа

«Тобыл» футболшылары румыниялық клубтан жеңіліп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қостанайлық «Тобыл» футбол клубы Румынияның «Клинчени» командасынан 0:2 есебімен ұтылды, деп хабарлайды «Тобыл» клубының ресми сайты. «Командалар бірінші таймды голсыз өткізді. Екінші кезеңде қарсыластар шаршаңқырап қалғанда, қауіпті сәттер көбейді. Осындай шабуылдарда румындық футболшылардың мерейі үстем болды», — делінген хабарламада. «Тобыл» үшінші оқу-жаттығу жиынын аяқтады. «Клинченимен» болған матчта қостанайлықтардан 8 ойыншы қатысқан жоқ. Ненад Шливич пен Никола Тонев жарақаттардан кейін өздерінің алғашқы ойындарын өткізді. Екеуі де бір-бір таймнан доп тепті. «Келесі жиында біздің команда толық құраммен шығатын болады. Сол кезде ойыншылардың нәтижелерін көреміз», — дейді «Тобыл» клубының спорттық директоры Константин Гальченко. Автор: Жасұлан Жолдыбаев Басты с…

0
0
429

Сочидегі Олимпиада: Қазақстандық Екатерина Айдова 1500 метрлік қашықтықта 28-ші орында

СОЧИ. ҚазАқпарат — Конькимен 1500 метр қашықтыққа жүгіруден қазақстандық спортшы Екатериан Айдова 28-ші орын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Ол ойын соңында 2 минут 0,93 секунд нәтижесін көрсетіп, жеңімпаздан 7,42 секундқа қалып қойды.

Бір қызығы, жеңістің барлық тұғырын, төртінші орынды қоса есептегенде, голланд спортшылары бағындырды. Алтын алқаны 53,51 секунд нәтижесімен олимпиаладық рекордты жаңартқан Йорин Тер Морс иеленді. Ал екінші мен үшінші орын оның жерлестері Ирен Вюст пен Лотте Ван Бекке бұйырды.

Басты сөздер: СпортОлимпиада
0
0
225

Сочи-2014: Шаңғы жарысынан Қазақстан командасы 13-орында

СОЧИ. ҚазАқпарат — Шаңғы жарысынан ерлер арасында 4х10 шақырымдық эстафетада Қазақстан командасы 13-орынды місе тұтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. Жарысқа 16 команда қатысты. Ереже бойынша әр қатысушы 10 шақырым жүріп өтіп, эстафетаны құраманың келесі мүшесіне беруі тиіс. Жарысты Денис Волотка бастады, ол тіпті он шақырымдық қашықтықтың ортасында алдыңғы шептен көрінді. Алайда соңына қарай Денис Сергей Черепановқа эстафетаны тоғызыншы болып берді. Сергей өз дистанциясында Денистің нәтижесін жақсарта алмады, ол Евгений Величкоға эстафетаны он екінші болып жеткізді. Евгений болса соңғы қалған спортшы Марк Старостинға эстафетаны жеткізу кезінде нәтижені бір сатыға төмендетіп алды. Марк осы нәтижені сақтай отырып, жарысты аяқтады. Бұл сайыста бірінші орынды шведтер командасы алды, ал…

0
0
351

Әссәләмуалейкум

Әссәләмуалейкум он ұйқтаса түсіме кірмейтін нәрсеге кірісіп отырмын дәл қәзір, блог ашамын деп кім ойлапты, бірақ оныда көрейік деген ойға келіп міне ашып тастадық блогты да. Аллаһ хайырын берсін жақсы ойлармен бөлісіп отырайық. Бисмилляһ.

0
0
410

Джон Кокрофт, журналист: «Қазақ қыздарын әлемнің сұлу қыздарының бірі деп білемін»

«Қазақ қыздарын әлемнің сұлу қыздарының бірі деп білемін» Әлемнің түкпір-түкпірімен байланыстыратын әлеуметтік желіде мардымды мәлімет алып, жаһанның жаңалықтарын біле түскің келетіні рас. Журналистика саласы қатты дамыған ел ретінде біз танитын Американың біз танымайтын журналистімен тілдесуге мүмкіндік туған еді. - Сәлеметсіз бе, Джон! Сізбен сұхбаттасу мүмкіндігінің туғанына қуаныштымын. Алдымен өзіңіз туралы азды-көпті айтып берсеңіз. -Рахмет. Мен өзіңізге бұрын да айтқанымдай, қазір Миссури штатында 10 жасымнан тұрамын. Мичиганда дүниеге келіп, кейін Индиана штатында, одан Колорадода тұрдық. Жасым 47 де. 4 ұлым бар. Жарыммен 2012 жылы 3 ақпанында бегілі бір себептермен ажырасып кеттік. - Патрик Бьюкенон бір еңбегінде Шығыс елі батысқа қарағанда отбасы құндылығы мен ұрпақ сабақтастығы…

0
0
897

Біздің елді білесіз бе?

Біздің елді білесіз бе?! Әлемге таныламыз деп әлек болып жүргенде, Қазақстан жайлы өзге елдердің не білетіні, не ойлайтыны біз үшін, әрине, таңсық дүние. Әр түкпірдегі бірнеше мемлекеттің жас буын өкілдерінің біз жайлы білетіні мен өздері жайлы берген өзекті деректерімен таныс болыңыздар! Қазақстан мен қазақтар жайлы не білесіздер?! Өздеріңіздің туған жерлеріңізге тоқталып, ерекше деген салты-дәстүрлеріңіз жайлы не айтар едіңіздер? бос уақыттарыңызды қалай өткізесіздер? Алдыға қойған мақсаттарыңыз қандай? Ианг Чан, Қытай, Санья Менің саяхаттау барысында танысқан бір-екі ғана қазақ танысым бар. Соларға қарап түйгенім, қазақтар туған тілімен қоса орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген екен. Сонымен қатар сыпайылығымен ерекшеленеді деп білемін. Қытай туралы қызық дерек айтар болсам, бізде 4…

0
0
998

Іскерліктер іске кірісті...

Кешегі күннің еншісінде талай қызықты сәттер қалды. Сонымен, PRofi Asia іскерліктердің кезекті жиналыс - дәрісіне куә болды. Суреттердің орны әсте бөлек. Бұл жолғы фотоға түсу тұрғысындағы тың идеялар, таныстық ұғымдары іскерліктерді барынша жақындатып жібергендей. «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса - халықтық мақсат сонда орындалады», - дейді алаш зиялысы Әлихан Бөкейханов. Бұл дүние бізде бар десем қателеспек емеспін. Айта кетейін, суреттердің авторы Назгул Назар «Іскерлік журналистика клубындамыз» деп жар салғанымыз болмаса, іске келгенде «сәл-пәл» еріншектікке бой алдырып жүргенімізді ағайымыз қатаң сынға алды. Жауапкершілік пен еңбекті сүйетіндер ғана Ербол ағаның тәрбиесін алып, қанатын қатайтпақ деген ойды барлығының өзінше түйіндегені тағы бар. Осылай ой үстінде бірнеше жа…

4
0
722

ІСКЕРЛІК ЖУРНАЛИСТИКА: дәстүрлі кездесу

3 дәріс. "Іскерлік журналистика клубының" мүшелері PRofi Asia-да кезекті рет жиналды. Бұл жолы барлығы өте ерекше болды. Юморға жол беріп, позитивті көңіл-күйде жүрдік, Ербол ағай айтпақшы "режиссер" бола аламыз дегеннің бәрі фотоға түсу үшін өз идеясын ұсынып, күлкіге қарқ болды да қалды. Қалай ойлайсыз?! Бұл клуб не үшін керек?! · Біріншіден, қазақ блоггерлері арасында қазақ тілді ақпарат таратуда оза шауып, бәйге алатын буын керек; · Екіншіден, журналистік жазу мен сұхбат алу, аудио мен бейне жасаудан да тереңірек үңіліп, медиа саласының көп біле бермейтін сырларын үйрену, тиімді құралдарын меңгеру; · Үшіншіден, елдегі экономика саласын жақсы білетін және жүйелі түрде жаза алатын қаламы қарымды журналистер даярлау; Бүгінгі сабақ біздің мақсатымызды ойға салып, кемшілігімізді ескертуден…

5
0
984

Сочи-2014 қысқы олимпиада ойындарының күнделігі

Сочи-2014 қысқы олимпиада ойындарының күнделігі

Сочи-2014 қысқы олимпиада ойындарына біздің  елден 52 спортшы аттанған. Кеше алғашқы жүлде - қола медаль да түсті қоржынымызға. Ел болып қуандық. Енді жалғаын тапсын деп жатырмыз. Сіздер қысқы олимпиаданың күнделігін көріңіздер, ол жақта қандай қызықтар мен шыжықтар орын алып жатқанынан хабардар болыңыздар. Біздің сайтты үнемі қарап жүріңіздер.

0
0
876